«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет58/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94
 

ЫСҚЫЛАУ 

 

Массаждың сипаудан  кейін қолданылатын тәсілі, ысқылау. Бұл тәсілді қолданғанда саусақтар 



тердің өзін, оның астындағы тканьдарды қоса созып, орнынан қозғап, әр жаққа жылжытады. Сипаудан 

мұның  айырмашылығы  терді  қатпарлап,  тері,  жиырып  алға,  артқа  қарай  ысқылайды.  Сондай  үлкен 

жылдамдықпен ысқылаған терінің температурасы 1,5  – 3 градусқа көтеріліп қызарып кетеді. Терідегі 

нерв  талшықтары  тітіркену,  орталық  нерв  жүйесіне  қоздыру  импульстары,  ағымдап  жетеді.  Қан 




тамырлары кеңіп, зат алмасуы артып, оттегі мен қамтамасыз етіледі. Сол сияқты қортылған заттардың 

денеден шығуына да жол ашады.  

 

Ысқылауды  көбіне  буындарға  қолданады,  оның  сіңірі  созылғанда  буыны  тайғанда,  оқыс 



жарақаттанған да, нерв талшықтары зақымдалғанда ысқылау үлкен көмек көрсетеді. Ысқылау арқылы 

бұлшық  еттердегі  түйіндер  мен  терінің  шоғырлануын  ыдыратып  жіберуге  болады.  Терінің  жиырылу 

қабылетінің арттырып, тонусын көтереді. Ысқылау тканьдардың жылжуын, қозғалыштығын үдетеді.  

...  кішкене  бала  жүгіріп  келе  жатып  жығылып,  терісін  ауыртып  алса,  шешесі  оны  жуатып, 

бірден қолмен жаңағы жерді ысқылап жібереді. Сонда баланың ауырған жері басыла қалады. Өйткені 

қатты  ысқылағанда (әрине  қан  ағып  тұрмаса) нерв  ұштары мұқалып,  сезгіштігі  әлсірейді.  Содан  соң 

қозу бәсеңдеп ауру азаяды.  

Ысқылаудың түрлері саусақтардың жұмсақ ұшратымен дөңгелектеп ысқылау, алақан без, тірек 

білезігі  мен,  әр  саусақпен  жеке-жеке  ысқылау.  Саусақтардың  жұмсақ  ұштарымен  ысқылау  үшін 

алақанмен тірек, білезік тұсын мықтап ұстап отырады, ал саусақтар қимылға кіріседі. Әр саусақтардың 

буыны жазылып бүгіліп мссаж жасалған жерге дөңгелек із қалдырады.    

Саусақтардың жұмсақ ұштарымен ысқылау үшін, алақанмен тіреп, білезік тұсын мықтап ұстап 

отырады,  ал  саусақтар  қимылға  кіріседі.  Мұнда  әр  саусақтардың  буыны  жазылып  –  бүгіліп  массаж 

жасаған жерге дөңгелек із қалдырады. Тері қатпарланып, саусақтармен бірге жылжу керек. Түсіретін 

салмақ  саусақтардың  бүгілуіне,  байланысты  артып  отырады.  Олар  жазылған  кезде  түсетін  салмақ 

кемиді. Осындай қимыл жасай отырып қолдар жоғары жылжи береді.  

Буындарды  ысқылаған  кезде  бас  бармақты  тіреу  етіп,  қалған  төрт  саусақты  буынның  әр 

жағынан  тіреп  қойып  бас  бармақпен  ысқылайды.  Бұл  тәсілді  «төртің  бірге  және  бірдің  төртке 

қатынасы» деп атайды.  

Саусақтармен  ысқылағанда  салмағын  арттыру  үшін  екінші  қолдың  саусақтарымен  үстінен 

басуға болады. 

Алақанмен  аумақты  жерлерді  ысқылайды  (арқа,  қарын,  бөксе).  Ол  үшін  алақанды  теріге 

жапсыры, түзу дөңгелек т.б. із жасай отырып ысқылайды. 

Тірек білезігімен ысқылағанда қолды білезік буынынан жоғары көтеріп нықтап тұрып тірейді. 

Содан  соң  шебер  жасап,  теріні  ысыра  отырып  тік  бағытты,  көлденең  қимылдар  жасайды.  Мұнда  да 

салмақты асыру үшін, буынның үстіне екінші қолды салып ауырлығын арттырады. 

Әр саусақпен жеке – жеке ысқылау. 

а) бас бармақтың ұшымен шеңбер жасап немесе түзу сызықпен ысқылайды. 

б)  екі  саусақпен  теріні  қысып  алып  (қысқыш  тәрізді)  ысқылау.  Мысалы,  өкше  тарамысын 

ысқылағанда  қысып  ұстап  массаждың  осы  түрін  жүзеге  асырады.  Мұнда  әр  түрлі  қимыл  жасауға 

болады  (зигзаг,  түзу,  шеңбер,  т.б.)  тек  тарамыс  орналасқан  жер  емес,  саусақтардың,  қолдың  қырын, 

табанның қырын ысқылауға осы тәсілді кеңінен қолданады. 

в)  штопор  тәрізді  ысқылау.  Бұл  спорт  массажында  жиі  жасалады.  Ол  тек  саусақтарды 

ысқылауға  пайдаланылады.  Мысалы,  сұқ  саусақ  пен  ортаңғы  саусақты  буыннан  бүгіп,  массаж 

жасалатын  адамның  саусағын  қысып,  бөтелкенің  аузын  ашатын  штопордың  қымылындай  ысқылап 

төмен және жоғары жүргізеді. Ұсақ буындар зақымданғанда да өте пайдалы тәсіл. 

Алақанның қырымен не жұдырықпен ысқылау. Қалың етті қыздыру үшін таптырмайтын тәсіл. 

Екі алақанды бір – біріне қарсы қаратып қойып ысқылайды немесе жұдырықты   

Арамен  ағаш  кескендей  егеу.  Мұны  алақаннның  қырымен  орындайды.  Екі  алақанды  2-3  см 

қашықтыққа  біріне  –  бірін  қарсы  қаратып  қойып  ағашты  арамен  кескендей  егейді.  Бір  қол  төмен 

түскенде, екіншісі жоғары шығады. Осылай ысқылағанда қолдың асты лапылдап жаңғандай қызады. 

Ол ірі буындарға, арқаға, белге, санға, балтырға қолданылады.   

Штрихтау  –  саусақтардың  ұшымен  (2,3,4)    штрих  жасап  ысқылау.  Жоғарыдағы  ара  кескен 

сияқты  мұнда  да,  саусақтармен  немесе  алақанның  бас  бармақ  жағындағы  қырымен  ысқылайды. 

Дегенмен  саусақтардың  арасындағы  бұрыш  30  градустай  болады.  Саусақтарды  осындай  бұрышта 

бүкпей түзу ұстап ілгерінді – кейінді қысқа қимыл жасап, одан соң бір жағына ауысып отырады. Бұл 

емдік массаж тканьдердің жылжуына олардың, созылғыштық қасиетін арттыруға ықпал жасайды. Тері 

және  шел  қабатындағы  шорлануды,  бұлшық  еттегі  түйдектелуді,  буын  маңындағы  ісіктерді  жояды. 

Ауруды бәсеңдетеді. Штрихтау қол – аяққа жиі қолданылады.    

Сүргілеу  –  бір  қолмен  немесе  екі  қолмен  бірдей  орындалады.  Денеге  дәлірек  айтсақ,  теріге 

алдымен  төрт  саусақты  батыра  отырып,жылдам  жылжып  кеткен  қозғалысты  алақан  жалғастырады. 

Өзінің атына сәйкес ағаш сүргілеген кездегі сүргінің (үстіріктің) қимылын жасайды.  Бұл қысым түсіре 

отырып ысқалау. Саусақтардың қимылы қысқа әрі үдемелі болады.    



Сүргілеудің  қимылдары  штрихтағанға  ұқсас.  Бірақ  мұнда  көбінесе  қолдың  саусақтары  алға 

қарай  екпіндеп  кетіп  отырады.  Қимылдарды  ұзыннан  –  ұзақ  тік  және  көлденең  жасауға  болады. 

Ысқылаудың мұндай тәсілі тереңде жатқан тканьдерге, бұлшық етке әсер етеді.  Оларды жылжытып, 

созып,  тонусын  көтереді.  Содықтан  күйіктен  не  жарақаттаңғаннан  кейін  пайда  болған,  тыртық,  жік, 

қабынудан кейінгі жабысып қалған жерлерді таратуға үлкен септігін тигізеді.    

 Қысқаштай  қысып  ысқылау  –  сұқ  саусақ,  ортаңғы  саусақ  және  бас  бармақтың  үшеуін 

түйістіріп, қысқаша ұқсақ отырып ысқылайды.               Ысқылаудың бұл түрі негізгі және қосымша 

топқа  жатады.  Сондықтан  ыңғайына  қарай  қолдана  береді.  Бұл  тәсілмен  жоғарыда  айтқандай  аз 

қозғалатын  тканьді,  сіңірлерді  шағын  бұлшық  етті    бүріп  ұстап,  алға  қарай  немесе  дөңгелектеп 

ысқылайды. Бір жерге  секундтай қимыл жасайды. Орта есеппен  минутта  60  – 100 қозғалыс болуға 

тиіс.  Ысқылаудың  бұл  тәсілін  аурудың  жағдайына  қарай  үстіртін,  жеңіл  немесе  батыра  жасауға 

болады. Ол зақымдалған жерге, қабынып ісінген бұлшық етке, адамның мінезіне байланысты.    

Сонымен ысқылаудың қандай түрі болсын денеде дөңгелек шеңбер, түзу сызық, иерелеңдеген, 

штрихталған  іздер  салу  керек.  Оның  бәрі  теріге  , оның  астындағы  тканьдерге  жеткізе  күш  көрсетіп, 

қан айналымын жақсартып, аурудың тезірек жазылып кетуіне ат салысу болып табылады.      

Ысқылау  тәсілін  орындағанда  есте  ұстайтын  жайттар  дөрекі,  қатты  ауыртып  ысқылауға 

болмайды; 

-  теріні жылжытпай, тек үстінен сипалау қате; 

-  әсіресе  дөңгелек  шеңбер  жасап  ысқылағанда  саусақтардың  ағаштай  болып  қатып  қалуына 

саусақ буындарының бүгіліп жазылуына көңіл бөлу керек; 

-  саусақ  иілгенде  қысым  азайып  отыру  керек,  соған  қарай  саусақтардың  шегедей  қадалып, 

артық қысым түсірмеуіне назар аударған жөн; 

-  қолды шамадан тыс қақайтып ұстауда қате; 

-  екі қолды алма –кезек жүргізбей, қатарластырып, жарыстыра жүргізеді; 

Міне, осының бәрі байқалмай кететін қателер. Массаж жасаған адам науқастың жазылуын шын 

көңілімен  тілесе  сондай  –  ақ  ұсақ-  түйек  заттарғада  баса  назар  аударады.  Тек  сонда  ғана  жасалған 

массаж  денеге  шипа  бола  алады.  Әйтпесе  керісінше  әсер  етіп,  массаждан  соң  ауру  асқынып  кететін 

жағдайларда  кездеседі.  Тек  ысқылау  тәсілі  емес,  массаждың  басқа  түрлерін  орындағанда  да  аса  зор 

ұқыптылық, тиянақтылық керек.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет