«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет68/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94
Қолға  массаж  жасау.  Адам  денесіндегі  ең  көп  қозғалатын  мүше  –  екі  қол.  Оның  барлық 

қимылдарына, иық буынын құрап тұрған жауырындар, бұғаналар, тоқпан жіліктің басы және соларға 

бекінген бұлшық еттер ықпал   жасайды. 

Қол қан тамырлары бұғана асты артериясы мен венасынан таралады, сол арқылы бұлшық еттер 

қан  және  басқа  заттармен  қамтамасыз  етеді.  Лимфа  тамырлары  өте  жиі  орналасқан,  бір  –бірімен 

байланысып  тор  түзеді.  Саусақтарда  олар  көлденендеп  келіп,  екі  жағынан  жоғары  қарай  алақанға, 

содан  ары  білекке,  иыққа  бағытталады.  Лимфа  түйіндері  шынтақ  буынында,  қолтық  астында  және 

жағынан өтетін лимфа тамырлары ең ірілері болып табылады. 

Нерв  жүйесі  иық  нерв  өрімдерінен  тарайды.  Нерв  талшықтары  қолтық  астынан  шынтаққа 

бағытталады.  

Қолға массаж жасағанда барлық бөліктерін жекелеп алады. Мәселен:  саусақтар,  қолдың басы, 

білезік, білек, шынта, иық буыны, нерв сабақтары – бәрі жеке-жеке массаждалады. 

Массаж  жасағанда  науқас  орындықта  отырады  не  төсекте  жатады.  Қолын  столға  салады. 

массаж бір немесе екі қолмен жасалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет