Байланысты: міренов ділбек Д уітбек лы, аза тілі ж не дебиеті кафедрасы
7-тақырып. Тілді зерттеудегі ғылымдардың бір-біріне әсері мен
ықпалдастығы.
Мазмұны. 1.
Ғылым-шындық өмірдің ақиқат заңдылықтарытуралы білімнің жоғары
фрмасы және теориялық ойлаудың жемісі екендігі. Ғылымның зерттеу
нысанына қарай түрлері: жаратылыстану ғылымдары, қоғамдық
ғылымдар және философия ғылымы.
2.
Тілдің жалпы сипаты:биологиялық, психологиялық, физикалық
құбылыстар. Олардың тілдегі көрінісі мен ортақтығы.
3.
Тіл білімінің философия, логика, психология, әдебиеттану, тарих,
кибернетика, семиотика т.б. ғылымдармен ықпалдастығы және осы
байланыстағы тіл білімнің бағыттары.
8-тақырып. Қазіргі қоғамдағы сөз мәдениеті мәселелері.
Мазмұны. 1.
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғаты: сол адамның өскен, өнген,
тәрбиеленген ортасы, алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығы. Адам –
қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-
қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-
қатынасында тілдің орны. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста
сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы
көрініс табауы. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің
қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы берілуі.
2. Сыпайылық ағыл. politeness – әңгімеге қатысушылардың тілдік
практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс.,
Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс.,
доктор, профессор), қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің)
мәдениетін көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының
өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы)
шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып
отыру сыпайылықтың белгісі болып саналатыны.