Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет266/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   877
ЕСТУ

ЕСТУ


189

ді,  құлағы  естімейді.  Міне,  осыған 

қарамастан,  ғылыми-зерттеу  жұмы- 

сымен  айналысып,  Москваның 

дефектология ғылыми-зерттеу инсти- 

тутында  аға  ғылыми  қызметкер,  пе- 

дагогика ғылымдарының кандидаты, 

бірнеше  ғылыми  еңбектің  авторы. 

О.И.Скороходова  «Мен  қалай  қор- 

шаған  дүниені  қабылдаймын  және 

елестетемін»  деп  аталатын  тамаша 

еңбегінде  өзінің  өмірі,  көру  және 

есіту  сезімінен  айырылған  адамның 

өмірі туралы өз тәжірибесін тебірене 

баяндаған болатын. Сипай сезу арқы- 

лы қоршаған дүниені қабылдай оты- 

рып, ол жоғары мәдениетті адам дең- 

гейіне жетті.

Демек,  бірнеше  сезім  органдары  іс- 

тен  шыққаңда,  адамның  миы,  оның 

жүйке  жүйесі  жаңа  жағдайға  бейім- 

деледі және қалған сезім органдары 

күшті  дами  түседі.  «Соқырдың  кө- 

руі», «Саңыраудың естуі» сөз тіркес- 

тері бір қарағанда мағынасыз сияқты 

көрінгенмен,  бірақ  бұл  олай  емес. 

Өмірде  көп  кездеседі,  адам  көзінен 

немесе құлағынан айырылады, ал кей 

жағдайда екеуінен бірдей кеміс бола- 

ды. Осындай жағдайда оны қоршаған 

ортада  бағдарлаудан,  өмір  сүру  жә- 

не  еңбек  ету  мүмкіншіліктерінен 

айырылды деуге бола ма? Олай емес. 

Басқа сау сезім органдарының сезгіш- 

тігін  дамыту  белгілі  деңгейде  көз 

бен  құлақтың  жұмысының  орнын 

толтырады.  Бұл  туралы  көптеген 

мысалдар келтіруге болады. Мәселен, 

көзінен  айырылған  адам  мүсіндеу 

өнерімен айналысып, тамаша жетіс- 

тіктерге  жеткен,  оларда  сипап  сезу 

органдары  ерекше  жетілгендіктерін 

аңғартты.

Музыкалық  шығармаларды  сыбыз- 

ғыда орындау жоғары есту дыбысы- 

ның  дамуын  қажет  етеді,  ал  сыбыз- 

ғышыларда ол пианистерге қараған- 

да  ерекше  дамыған.  Мәселен,  тәжі- 

рибелі ұшқыштар есту түйсігі арқы- 

лы ұшақтың двигателінің айналу са- 

нын өте жеңіл анықтай алады. Олар 

минутына  1300-ден  1340  айналым- 

ды еркін ажырата біледі.

Көрсетілген мысалдардан біздің түй- 

сіктеріміз  өмір  жағдайының  әсері- 

мен  дамитындығын  аңғару  қиын 

емес. Есту түйсіктері аймағында адап- 

тация жоғары болмайды және айрық- 

ша жеке-дара ауытқулармен сипатта- 

лады. Біздің құлақпен барлық дыбыс- 

тар  қабылдана  бермейді.  Ультрады- 

быстар да (өте үлкен тербелісті ды- 

быстар),  сондай-ақ  инфрадыбыстар 

да (өте баяу тербелісті дыбыстар) біз- 

дің естуімізден тыс қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет