Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет282/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   877
ЖАЛТ

ЖАЛТ


200

таңдай  беретін  болады.  Жалтақ  бо- 

лып,  тайсақтай  беру  адам  мінезін- 

дегі  ұстамсыздықты  білдіретін  жек-

көрінішті  қылық,  ерік-жігерсіздікті 

көрсететін  ұнамсыз  сипат.  Ж.-пен 

күресудің тиімді әдісі артқа қарайлай 

бермей, алаң болмай, межелі мақсат-

міндетті  орындауға  жан  қуаттарын 

бағдарлау. Тайсақтамай, жан-жағына 

қарайлап, алаңдамай, қандай іске бол- 

са  да  батыл  кірісіп,  мүдделі  мақса- 

тын орындау.

ЖАН  (ағыл.  soul;  грек.  psuxe;  лат. 

anima; қаз. жан, рух) – адамның және 

хайуанаттардың  тыныс-тіршілігін 

қамтамасыз етіп тұратын рухани қуа- 

ты.  Ж-ның  заттық  қасиеті  жоқ  бол- 

ғандықтан,  оны  танып-білу  мүмкін- 

дігі шектеулі. Аристотель: «жан – тән- 

нің  формасы,  жан  мен  тән  бірлікте, 

Ж.  тәннің  бөлшектерін  үйлестіріп 

басқарып тұрады», дейді. Ж. туралы 

қазақ  ойшылдары  да  аз  айтпаған. 

Мәселен, С.Торайғыров «дене азыққа 

тоюдан Ж. ержетер, Ж. ержетіп дүние- 

нің  сырын  табар»  десе,  Ш.Құдай- 

бердіұлы  «жан  тәнге,  ақыл  жанға 

маталып тұр» дейді. Мұндай пікірлер 

қазақ фольклорында да, әсіресе, ма- 

қал-мәтелдерде көптеп кездеседі. («Тән 

ауырса, жан да ауырады», «Жан бар 

жерде  қаза  бар»,  «Жан  кеудеге  қо- 

нақ» т.б.) Аннафе алинсанийа – «адам 

жаны». әл-Фарабидің пікірінше, жан 

болмыстың төртінші сатысы. Ж. ту- 

ралы мәселелер, оның «даналық таң- 

ба  тастар  және  мәселелердің  мәні» 

деген трактаттарында айтылады. Адам- 

ның жанында әртүрлі қабілеттер не- 

месе күштер болады.

Негізгі күштерге «Қуат беруші күш», 

«Түйсіктендіруші күш», «Елестетуші 

күш»,  «Парасатты  немесе  ойлаушы 

күш», «Қозғаушы күш», «Талпынушы 

немесе талпындырушы күш» т.б. бо- 

лады.  әл-Фараби  дене  мүшелерінде 

болып жататын белгілі бір материалды 

құбылыстармен  байланыстыра  қа- 

райды. Жанның ақылға қонымды жа- 

ғы туралы «Екінші ұстаз – әл-Фара- 

бидің»  «интеллект»  сөзінің  мағына- 

сы  туралы  пайымдауларында  айқын 

баяндалды. Ол елестетуші күштің түс 

көруге әсерін ашып, бұған байланыс- 

ты аян беруді шын түс деп түсінеді. 

Осы заманғы психология түс көруді 

әдеттегі психикалық әрекеттің ерек- 

ше бір ұйқы кезіндегі жалғасы дей- 

ді. Ғылыми психологияда Ж-ды кей- 

де психика ұғымының синонимі ре- 

тінде де қарастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет