Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет31/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   877
АЙМА

АЙМА


23

бақтастыра баяндалатындығында. Мә- 

селен,  автор  өз  тұжырымдарын  сол 

кездегі белгілі орыс психологі А.Ф.Ла- 

зурскийдің (1874-1917), сондай-ақ ат- 

тары әлемге әйгілі неміс және амери- 

кан психологтарына (Джемс, Мюнс- 

терберг,  Штерн,  т.б.)  сілтеме  жасап, 

бұларға  өзіндік  пікір  білдіріп,  осы 

мәселенің  анық-қанығына,  ұңғыл-

шұңғылына ой жүгіртіп, сайып кел- 

генде, күні кешегі көшпелілер психо- 

логиясының  жаңа  жағдайдың  әсері- 

мен біртіндеп өзгеріске түсе бастаға- 

нын паш етеді.

Ж.Аймауытов  психологияның  жеке- 

леген мәселелерін өзінің соңғы еңбе- 

гі «Комплексті оқыту жолдары» (Ал- 

маты, Қазақ» баспасы, 1929 ж.) атты 

кітабында да жол-жөнекей сөз етеді. 

Кітап 9 тараудан тұрады, ол педаго- 

гикалық  курсты  тыңдаушылар  мен 

педтехникум  студенттеріне  арналып 

жазылған.  Онда  оқу  бағдарламасы- 

ның жекелеген түрлеріне талдау жа- 

салынады, оның негізгі үш тірегі (жа- 

ратылыс,  еңбек,  қоғам  мәселелері) 

туралы айта келіп, оқудың түп қазы- 

ғы  –  еңбек  екендігін,  мұны  шәкірт 

психологиясына орайластыра жеткізу- 

дің қажеттігіне баса назар аударады. 

Автор «Комплексті оқыту не?» деген 

сауалға былайша жауап береді: «...бұл 

өмірдегі  сан  алуан  құбылыстарды, 

нәрселерді бір тақырып пен пікірдің 

төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, 

біріктіріп оқыту».

Автор  оқыту  барысында  шәкірттер- 

дің эстетикалық (сұлулық) талғамы- 

ның ерекшеліктерімен санасу қажет 

дейді.  Халық  әндерінің  психология- 

лық  жақтарына  талдау  жасай  келіп, 

ол былай дейді: «Жер, тұрмыс жағдайы- 

на қарай, әр елдің сазы (ән-күйі) да әр 

алуан, Түркістан елінің әні бұлтары- 

сы жоқ, тік тартар айқай, қайырмасы 

жоқ,  келте  немесе  бірыңғай  болып 

келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам 

болып,  ауылдан  былай  шыға  беріп: 

«Ауылың  сенің  белде  еді,  аридай»,- 

деп қозғайды. Арқаның әні толқын- 

ды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайтала- 

малы,  қайыруы  ұзын  болып  келеді. 

Теріскейдің,  батыстың  әні  мұңды, 

зарлы, шерлі, желдірме, көй-көй болып 

келеді». Ж.Аймауытов бұл жерде ұлт- 

тық (этностық) психологияға ерекше 

мән беріп отыр. Автор тәлімгер қауым- 

ға арналған тұжырымдарын: «ізденсе, 

талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт 

жоқ. Құнтталмаған, ізденбеген, соңы- 

на  түспеген  адамның  жұмысы  еш 

уақытта берекелі болмақ емес», – деп 

психологиялық тұрғыдан түйіндейді.

Біздегі ұлттық психологиялық термин- 

дердің алғаш жүйеге түсуі де Айма- 

уытов есімімен байланысты. Кей кез- 

де де термин сөздерге ауыр жүк жүк- 

телген,  олардың  жекелеген  ғылым- 

ның  өзіндік  ерекшелігін  бажайлап 

көрсете  алуы  абзал.  Ғылыми  ұғым- 

дардың ана тілімізде дұрыс түйінде- 

луі аса мұқияттылықты қажет етеді, 

сондықтан  да  біз  әрбір  терминнің 

тұрақты орын алуына, біртіндеп ши- 

рай түсуіне қамқор болғанымыз жөн. 

Жасыратыны  жоқ,  біздер осы күнге 

дейін  терминдік  олқылықтан  шыға 

алмай  келеміз.  Осы  айтылғандарға 

жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ 

Аймауытовтың ерекше назар аударға- 

ны құптарлық жәйт. Ұлттық ерекше- 

лікпен  санасуды  термин  жасаудың 

негізгі  принципі  етіп  ұстау  –  оның 

термин  жасау  тәжірибесінің  негізгі 

кредосы дер едік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет