Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет368/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   877
ЙОГА

ЙОГА


260

КӘСІБИ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС – 

практикалық психолог, соның ішінде 

психолог кеңесшінің адамдармен жұ- 

мыс істеу кезіндегі мүлтіксіз сақтай- 

тын  негізгі  заңдар,  жағдайлар  және 

ережелер жиынтығы. К.э.к. психолог- 

тардың  кәсіби  бірлестіктерінде  қа- 

былданып және сол бірлестік шеңбе- 

рінде іске асырылады.

КЕЛЕМЕЖДЕУ  –  адамның  мінез-

құлқы мен ұнамсыз, оғаш, жағымсыз 

қылықтарын мазақ етіп, күлкіге, сай- 

қымазаққа айналдыру. К. – күлу, ма- 

зақ ету түріндегі адамның бойында- 

ғы оғаш қасиеттері мен ретсіз іс-қи- 

мылын мінеп, сынау. К. – адамға күш- 

ті  ықпал  етіп,  оның  жағымсыз  қы- 

лықтарын сын көзімен қарап түзетуі- 

не ықпал етіп отыратын әсерлі күш. 

К. – сықақ пен әзілқойлықты да біл- 

діретін  әсерлі  әрекет.  К.  –  арқылы 

адамға  әсер  ету  зілсіз  түрде  жүзеге 

асып,  оның  ар-ұятын  оятатын  күш, 

саналы түрде өз қылығы мен мінезін 

өзгертуге ықпал ететін шара. Адамның 

мінез-құлығын орынсыз К. өзара өш- 

пенділік пен жаулыққа соқтыруы мүм- 

кін.  Мұндай  жағдайда  халық  дана- 

лығы:  «Дос  жылатып  айтады,  дұш- 

пан  күлдіріп  айтады»  дейтін  қағи- 

даны басшылыққа алған жөн. Оның 

байыбына  барып,  мағынасын  терең 

түсінген жөн.



КЕМСІНУ  –  көңілге  тоқ  санамай, 

адамның бойындағы мінез-құлқы мен 

ісіндегі,  тіршілігі  мен  ақыл-ойын- 

дағы  олқылықтарын  аңғарып,  кем- 

шіліктеріне  көңілі  толмайтын  сезім 

күйін білдіретін жайт. К-дің бір ерек- 

шелігі  –  кемсіту.  Кемсіту  –  қорлау, 

өзгелерді  менсінбей,  оларды  төмен- 

дету. Мұндай қылық адамның тәкап- 

парлығын,  өркөкіректігін  білдіретін 

жағымсыз  сипат.  Езілген,  қаналған, 

тапшылық  көрген  адамдардың  іс- 

әрекеті  мен  мінез-құлқындағы  кем- 

шіліктерін кемсіту күпірлік, әрі ада- 

ми  қасиетке  ауыспайтын  асқақтық- 

ты  білдіретін  жағымсыз  да  жеккө- 

рінішті қылықтар. Сондай-ақ жарым- 

жан, мүгедек, кемтар адамдарды кем- 

сіту  адамгершілікке  жатпайтын  то- 

ғышарлық  мінез.  Мүсәпір,  бишара- 

ларды  кемсіту  жалпы  адами  көзқа- 

расқа  қайшы  пікір  болып  саналады. 

Адам  мінезіндегі  өзгелерді  кемсіту 

психологиялық  тұрғыдан  алып  қа- 

рағанда гуманистік көзқарастарға ке- 

рі қатынасты білдіретін сипат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет