Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет491/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЛЕВИ

ЛЕСГ


349

физиология,  психология  саласын- 

дағы  еңбектері  негізінде  қалыптас- 

қан еді. Ғылым адамына тән қарапа- 

йымдылығы, зор лекторлық қабілеті 

мен ұстаздық өнегесі оны өз замандас- 

тарына әйгілі етті. Лесгафттың өз хал- 

қына қалтқысыз қызмет еткенін көр- 

сетерлік мысалдар көп. Ол елдегі ағар- 

ту  жұмысын  өркендетуге  белсене 

қатысты.  Әйелдердің  білім  алуына 

ерекше көңіл бөлді. Жұмысшыларға 

арнап кешкі курстар ашты.

Лесгафт ғылымның әр саласынан зор 

мағлұматы  бар  адам  еді.  Мысалы, 

оның  анатомия  ғылымы  саласында- 

ғы пікірлері, дене тәрбиесі, психоло- 

гия,  педагогика,  гигиена  ғылымда- 

рындағы теориялармен тығыз байла- 

нысып жатыр. Ол жастарды тәрбие- 

леуде психология ғылымының ерек- 

ше маңызын айта келіп, бұл ғылым- 

ның  педагогика  мен  педагог  үшін, 

медицина мен дәрігер үшін, психиат- 

рия  мен  психиатр  үшін  аса  қажетті 

екенін атап көрсетті.

Адамның  жеке  басының  жан-жақты 

жетіліп қалыптасуы үшін тәрбиенің, 

әлеуметтік ортаның шешуші рөл ат- 

қаратындығын Лесгафт ғылыми тұр- 

ғыдан түсіндіреді. Ол жеке адамның 

қалыптасуында тұқым қуалаушылық 

елеулі орын алады дейтін теорияға сын 

көзімен қарады. Бала іштен қайырым- 

ды, адал немесе қатал, өтірікші, атақ- 

құмар, мансапқор, екі жүзді, жәдігөй 

т.б. қасиеттермен тумайды. Бұл жағ- 

дай  әртүрлі  тәрбиеден  туады  деп, 

Лесгафт жүйелі дене тәрбиесі адам- 

ның жарасымды дамуына, яғни оның 

ақыл-ойы мен адамгершілік қасиеті- 

нің  қалыптасуына  тиімді  әсер  ете- 

тіндігіне  ерекше  тоқталады.  Ол  дұ- 

рыс жүру мен жүгіре білу, қарғу мен 

секіру, т.б. осындай қимыл-қозғалыс- 

тар адам тәнінің сұлулығымен қатар 

ақыл-ой  парасатының  артуына  да 

ықпал жасайтындығын айтады.

«Баланың  ақыл-ой  тәрбиесі  және 

оның маңызы» деген еңбегінде оның 

ақыл-ойы мен денесін, мінезін қалып- 

тастыруда ата-ананың өнегесі, бала- 

ның жеке басын қадірлей білу, төзім- 

ділікке  баулу  жөнінде  айтқан  пікір- 

лері  ерекше  бағалы.  Ол  мектеп  жа- 

сына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу- 

дің жолдары туралы құнды пікірлер 

айтты. Автор кішкентай балалардың 

әрнәрсеге еліктегіш, білуге құмар ке- 

летіндігін, аса бақылампаз болатын- 

дығын,  адалдығы  мен  аңғалдығын 

жан-жақты баяндап берді.

Лесгафт  психологиядағы  темпера- 

мент теориясына елеулі үлес қосқан- 

дардың бірі. Оның пікірінше темпе- 

рамент  қан  сауыттарының  жуан-жі- 

ңішкелігіне,  олардың  қозғалғышты- 

ғы  мен  жүріс-тұрыстың  баяулығы- 

мен байланыстырған.

Негізгі еңбектері: «Отбасындағы ба- 

ла  тәрбиесі,  оның  маңызы»  (СПб., 

1885), «Мектеп жасындағы балалар- 

дың дене тәрбиесі» (СПб., 1888), «Пе- 

дагогикалық  шығармалар  жинағы» 

(М., 1951), т.б.

ЛИДЕР  –  басшы,  жетекші.  Топта, 

ұжымда, әдетте жетекші міндетін ат- 

қаратын бір адам. Әлеуметтік психо- 

логияда мұндай адамды «лидер» деп 

атайды.  Л.  топты  ұйымдастыруға 

және басшылық етуге сайланады не 

ұсынылады. Л. әдетте топтың іс әре- 

кеті  жайлы,  оның  құрамы  мен  мүм- 

кіндіктері жайлы мейлінше хабардар 

болады. Ол топ мүшелерімен қатынас- 

та өзін еркін, сенімді ұстайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет