Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет500/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МАҚА

МАҚА


355

адам біреуге жақсылық еттім деп жар 

салып,  айқайламайды,  ол  кішіпейіл 

де,  қарапайым.  Адам  мінезінің  ен- 

ді бір тамаша сипаты – достық. На- 

ғыз  достық  мақал-мәтелдерде  ерек- 

ше  қастерленген.  «Адамның  тұзды- 

ғы – арасындағы достығы», «Досың- 

нан  сырыңды  жасырма,  дұшпанға 

шыныңды  айтпа»,  «Досы  көпті  жау 

алмайды», деген мақалдарда достық- 

тың  жалпы  маңызы  айтылса,  енді 

біреулерінде («Қайғың болса досыңа 

бар, дос көтерер көңілді», «Есептескен 

дос  болмайды»,  «Досың  жылатып 

айтады,  дұшпан  күлдіріп  айтады»), 

деп нағыз достықты әр қырынан си- 

паттайды.

Мақал-мәтелдерде  адам  мінезін  екі 

үлкен  топқа  бөліп,  оны  синтездей 

көрсетушілік басым келеді. Бұларда 

жақсы адамның психологиясы пиғы- 

лы  жаман  адамға  қарсы  қойылып, 

бұл екеуі бір-бірімен салыстырылып 

отырылады. Мәселен, жаман мінезді 

адам  онда  былайша  сипатталады. 

«Жаман  қорыққанын  сыйлайды», 

«Жаманның  намысы  болмайды», 

«Қазан  қолыңды  кірлейді,  жаман 

жүзіңді  кірлейді»,  «Жаман  ісінен 

көрмейді,  кісіден  көреді».  Жаман 

адам – ез, намыссыз, ол ісі түскенді, 

не  қорыққанын  ғана  сыйлайды,  мі- 

нін  көрмейді,  оғаш  қылығын  басқа- 

дан көруге тырысады, шамасы келсе 

сағыңды сындырады, менмен болып, 

бәлсініп кісіні менсінбейді, («Жаман 

өзі  бола  алмайды,  болғанды  көре 

алмайды»),  жамандық  туа  бітпейді, 

ол  өнегесіз  ортадан,  нашар  тәрбие- 

ден пайда болады, («Адам туа жаман 

емес, жүре жаман»).

Жақсы адам қайда жүрсе де береке- 

лі, беделді, инабатты келеді. Соңғы- 

лар жөнінде «Жақсыға тең жоқ», «Жақ- 

сы  көпке  тәуір,  дана  елге  бауыр», 

«Жақсының басына іс түссе ашынар 

да,  ашылар»,  «Жақсымен  сөйлессең 

қуанасың»,- дейді халық даналығы.

Халқымыз қашан да өз ісіне есеп бе- 

ріп,  өзін  де,  өзгені  де  әділ  бағалай 

білген  адамдарды  қастерлеген,  кісі- 

нің өзін-өзі тәрбиелеуіне ерекше кө- 

ңіл  бөлген.  Осы  идеяны  мына  ма- 

қалдардың мазмұны жақсы көрсетіп 

тұр: «Өзін-өзі түсінген дана, өзін-өзі 

жеңген  қаһарман»,  «Ортаңа  қарап 

өзіңді таны», «Өз ақылын шамалаған 

қор болмас», «Өзім білемін деген өр- 

ге баспас», «Өзім білем деген жігіт- 

тің  басына  ойран  салғаны»,  «Өзім 

білем  деген  өлер,  көп  біледі  деген 

күлер»,  «Өзім  білем»  деп  өзеуреу 

нашар  қасиет.  Басқаның  кемшілігін 

айтып түзету үшін мұндай кемшілік- 

тен алдымен өзің азат болуың керек. 

«Өзгенің мінін білгенсін, өзіңде мін 

болып  жүрмесін»,  «Өз  қатесін  көр- 

меген, кісінің қатесін сезбейді», «Өзің- 

ді ер білсең, өзгені шер біл», «Білемін 

деп  мақтанба,  сенен  де  білгіш  та- 

былар»,  деп  өнегелілікке  баулып 

отырған халық өз ұрпағын.

Мақал-мәтелдерде әр халықтың өзін- 

дік әдет-ғұрып, дәстүр салты, ұлттық 

мінез бітістері, әлеуметтік сезімдері 

мен  көңіл  күйлері,  ерік-жігер  қа- 

сиеттері,  алуан  ойлары  мен  талап-

тілектері, бір сөзбен айтқанда, оның 

әлеуметтік  психологиясы  тамаша 

бейнеленген.

Тәлім-тәрбие, оқу-білім, адамның жас 

кезеңдері, қоғамдық өмірдің сан қи- 

лы  жақтары  мен  қым-қиғаш  қай- 

шылықтары, мұндағы әр түрлі топтар, 

жеке адам мен коллектив арасында- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет