361
қартаймас, көз қартаяр», «Қарсы кел-
се кәрілік, қара нарды шөктірер»,
«Кәрі жатса қунайды». Бұрынғы кез-
де жарлы-жақыбай адамдардың
қартайып, қалжыраған кезде де жайлы
жатып тұруға, өзін-өзі күтуге шама-
сы келе бермейтіндігін көрсететін
мақал-мәтелдер де аз емес. Мәселен,
«Сексен бес көрейін деген жасым ба
еді, быламық ішейін деген асым ба
еді», «Тоймай ішкен асын, құрысын,
қорлықпен жасаған| жасың құрысын»,
деген толғаулар сыйсыз кәріліктің
ащы заңы сияқты. Ал «Көп жасаған
құрдасынан айрылады», «Қатарынан
айрылған шал құлазиды» деген ма-
қал-мәтелдерден адамдардың қар-
тайған сайын қатары сирей беретін-
дігін еске алған мұңды да сағыныш-
ты сезімін байқасақ, «Жастық – жа-
лын, кәрілік – күл», «Жас кезімде
бейнет бер, қартайғанда дәулет бер»,
«Кәрілік – дауасыз дерт» деп халқы-
мыздың жалынды жастық шақты
армандағанын, ол дәуреннің енді
қайтып келмейтінін, қарттықтың кел-
мей қоймайтын табиғат заңы екенді-
гін дұрыс түсіне алғандығын аңғара-
мыз. Мақал-мәтелдер кәрі адамдар-
дың, ұнамды, жақсы қылықтарын
жастарға үлгі етеді. Мәселен, «Кәрі
жастың тезі», «Кәрі білгенді пері біл-
мейді», «Көп жасаған көмбенің үс-
тінен шығады», «Кәрі – кәрінің сөзі
дәрі», «Алпыстан ақыл сұра» деген
тұжырымдар да қарт адамдар өмір-
дің үлкен өткелінен өткен, көпті көр-
ген, тәжірибелі келетіндіктен олар-
дың ақыл-кеңестері жастардың са-
на-сезімінің, ақыл-ойының қалып-
тасуына зор ықпал ететіндігі айтыла-
ды. «Ақылды қария – ағып жатқан
дария», «Көп жасаған білмейді, көп
тоқыған біледі», деп халқымыз бес
саусақтың әр түрлілігі сияқты көп жа-
саған кәрінің бәрі бірдей емес, деп,
жан-жағына сезімталдықпен сергек қа-
рап, өмірден көрген-түйгені, тоқыға-
ны көп жаңа қарияларды құрмет
тұтып, қадірлейді, жастарды солардан
үлгі алуға шақырады. «Жақсы адам
қартайса жазып қойған хаттай, жа-
ман адам қартайса бықсып жанған
оттай», «Жақсы кісі қартайса да ақы-
лынан танбас», «Қартайып өлсең қа-
пыл жоқ» деп халық ерік-жігері мол,
қайратты кісілердің қартайса да ой-
лау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттері-
нің кемімейтіндігін, мұндайлардың
қарттыққа мойымайтындығын, же-
ке өзгешеліктеріне қарай адамдар осы
кезеңде де бір-бірінен ерекше ажы-
ратылып отыратындығын көреген-
дікпен түйе білген.
Халқымыз жас ұрпақты оқытып-тәр-
биелеу жайында да талай сындарлы
пікірлер айтқан. «Баланы таба білсең,
баға да біл», «Баланы сүйсең, тәрбие-
сін сүй», «Баланы мақтау жетілдір-
мейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді»
дейтін мақал-мәтелдер баланы құр
айналайын дей бермей, оны адамгер-
шілікке баулу жағын ойластыру қа-
жеттігін, от басынан, ұшатын ұясы-
нан, әке-шешесінен алатын тәрбие
қандай болса, көп жағдайда оның
алдағы өмірі де соған орай құрылады
деген ойды аңғартады.
Жас бөбектерге шынайы тәрбие бе-
руде оның жеке психологиясын, жас
өзгешелігін, мінез-құлқының ерек-
шелігін айрықша ескеру қажет дейді
мақалдар. Бұл жөнінде халық бірде:
«Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілі-
мен сөйле», «Бала – көктен шыққан
қызыл гүл, солдырмайтын жолын
Достарыңызбен бөлісу: