466
титын күрделі түрден құралады. Күр-
делі пікірдің дұрыс мағынасы оның
құрамындағы қарапайым пікірлер-
дің растығы мен жалғандығына бай-
ланысты.
ПІКІРСАЙЫС – ұжымдағы әртүрлі
көзқарастың, ой-пікірдің ортаға
салынып, көпшіліктің талқысына
түсуі. П.-та қате көзқарасты әділ сы-
нап жеңу көзделеді. П. түрлері: жи-
налыс, конференция, пікірталас және
т.б. П.-тыру; жиын, топ алдында екі
адамның немесе екі топтың өзара пі-
кір таластыруы. Пікірталас тақыры-
бы алуан түрлі болуы мүмкін. Мыса-
лы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қор-
ғау, өнер салыстыру және т.б. П.-тың
тақырыбы нақты, көкейтесті болуы-
мен бірге, ондағы мәселе, ұсыныла-
тын әдебиеттер қатысушыларға кү-
ні бұрын таратылады. Уақыт тәр-
тібі сақталып, шебер жүргізуші таға-
йындалады.
П. – ғылыми жұмысты қорғау ал-
дында немесе көркем әдеби шығар-
маны жариялау алдында пікір біл-
діру. П барысында жұмыстың кө-
кейтестілігі, құрылымы, баяндау қи-
сыны мен уәжі анықталып, ғылыми
немесе көркемдік мәні бағаланады.
П. әлеуметтану, психология, педа-
гогика және т.б. ғылым салаларын-
дағы зерттеулерде қолданылады. П.
әдістемесі сауал қою және сұхбатта-
су болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: