Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет708/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   704   705   706   707   708   709   710   711   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

СЕНзИТИВТІК  КЕзЕҢДЕР  (лат. 

sensus – сезімталдық, түйсіну) – ор- 

ганизмнің  қоршаған  ортаға  өте  жо- 

ғары  сезімталдығын  көрсететін  ке- 

зеңдер. Мысалы, 5 жастағы бала фо- 

нетикалық  дыбыстарға  өте  бейімді 

келеді, ал осы кезеңнен өте бере бұл 

сезімталдылық бәсеңдейді. С.к. – ба- 

ла  психологиясының  ең  жоғары  ке- 

зеңі болып саналады, яғни бұл кезең 

барлық  психикалық  процестер  мен 

психикалық  құбылыстардың  күшті 

дамитын  кезеңдері.  Осыған  орай, 

баланы тым ерте бір нәрселерге үй- 

рету  оның  психикасына  қолайсыз 

жағдайлар  туғызуы  мүмкін,  бірақ 

үйретуді  өте  кеш  бастаған  да  жақ- 

сы  нәтижелерге  жеткізбейді.  Соң- 

дықтан  С.к.  мен  балалардың  жас 

ерекшеліктерінің  арасында  айтар- 

лықтай айырмашылықтар бар екенін 

ескеру керек.

СЕНзИТИВТІЛІК (лат. sensus – се- 

зім.  түйсік)  адамның  мінезтанулық 

ерекшелігі; өзіне қатысты оқиғаларға 

көтеріңкі  сезімталдықтан  көрінеді, 

әдетте, барынша алаңдаушылықпен, 

жаңа жағдаяттардан, адамдардан, әр 

алуан сындардан және т.б. қорқумен 

астасады. Сензитивті адамдарға қор- 

ғаншақтық,  ұялшақтық,  әсершілдік, 

өткен  немесе  алда  тұрған  оқиғалар- 

ды  ұзақ  уақыт  ойлап-толғануға  бе- 

йімділік,  өзін  олқысынып  тұрушы- 

лық  сезімі,  өзіне  көтеріңкі  мораль- 

дық  талап  қоюшылық  және  талап-

тілегін  төмендетуге  бой  ұрушылық 

тән.  Жас  ұлғая  келе  С.  бәсеңдеуі 

мүмкін, бұған, атап айтқанда, тәрбие 

және  өзін-өзі  тәрбиелеу  процесінде 

алаңдататындай  жағдаяттарды  жай- 

ғастыра  білушіліктің  қалыптасуы 

себепші болады. С. органикалық се- 

бептермен  байланысты  (тұқымқуа- 

лаушылық, мидың зақымдануы және 

т.б.) болуы да, сондай-ақ тәрбиелен- 

ген  жағдайының  ерекшеліктерінен 

(мысалы,  баланың  отбасында  эмо- 

циялық кемсітілуі) де болуы мүмкін, 

шекті  көрінісіне  жеткен  сензитивті- 

лік  психопатияның  бір  нысаны  бо- 

лып шығады. С. – болып жатқан оқи- 

ғаларға  әсерленгіштікте  көрінетін 

адамдағы  ерекшелік.  Әдетте  сензи- 

тивтік адамдардың жаңа жағдайлар- 

дан,  сыналулардан,  т.с.с.  қорқудан 

тұрады.

СЕНІМ  –  адамның  белгілі  құбы- 

лыстармен көзқарастарды, ой түйін- 

дерді  еш  күмәнсіз  қабылдап,  мо- 

йындауында  көрінетін  психиканың 

ерекше күйі. С. – адамның белгілі бір 

түсініктеріне  сәйкес  қажеттілікте- 

рін  қанағаттандыру  жүйесі.  Адам 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру  жо- 

лында  дүниетанымын  қалыптасты- 

рып  табиғат  пен  қоғам  жөніндегі 

түсініктерін, өмір тәжірибесіне қол- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   704   705   706   707   708   709   710   711   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет