Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ (1815-1898)



Pdf көрінісі
бет71/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   877
АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ (1815-1898) – 

психологиялық  пайымдауларымен 

ерекшеленген  ақындардың  бірі.  Ол 

Жетісу  облысындағы  Верный  уезі, 

Ұзынағаш болысында туған. Суырып- 

АРЛА

АРОН



51

салма ақын өзінің өлең-толғауларын- 

да, сюжетті өлең-дастандарында ту- 

ған халқының талап-тілегін, мұң-мұқ- 

тажын  жоқтап,  қарапайым  адамдар- 

дың ой-мақсатын білдіреді, елдің ға- 

сырлар бойғы арман-мүддесі мен мұ- 

ратын  көркем  бейнелер  арқылы  зор 

шабытпен жырлады. Оның бүкіл са- 

налы өмірі, сарқылмас дарыны еңбек 

адамының  мүдделеріне  қызмет  етті. 

Сүйінбай Аронұлының поэзиясы, ең 

алдымен терең психологиялық тұжы- 

рымдармен,  көркемдік,  әсемдік  әле- 

мімен,  тілінің  мәнерлі  әуезділігімен 

сипатталады. Ол адамның мінез-құл- 

қының  әр  алуан  қалтарыс-қатпарла- 

рын,  ішкі  психологиялық  тебіреніс- 

терін,  тұлғаның  жеке  басын,  оның 

моральдық, рухани қадір-қасиетін ше- 

бер  көрсетеді.  Ол  жақсыны  жаман- 

нан, жексұрынды бекзаттықтан айы- 

ра білмейтін, жеке басының арамды- 

ғын, тек баюын ғана мейлінше күйт- 

тейтін  адамдарды  шенеп  сынайды. 

Ақынның  психологиялық  идеялары 

оның  «Жақсы  мен  жаманның  айыр- 

масы», «Нақылдар», «Әділеттік арна- 

сы», «Бөрілі менің байрағым», т.б. осы 

сияқты лирикалық өлеңдері мен ақын- 

дық толғауларында терең де бейнелі 

кестеленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет