Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет99/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   877
ӘБУН

ӘБУН


73

қала  тұрғындарының  моральдық-

психологиялық ерекшеліктері де түр- 

ліше сипат алады.

Қала  басшыларының  кішісі  үлкені- 

не,  яғни  екінші  басқыштағы  бастық 

бірінші басқыштағыға сөзсіз бағынуы, 

үлкен бастық қай жағынан да айтқа- 

нын екі еткізбейтін, абсолюттік бас- 

тық болып есептелінеді. Оны үстінен 

ешкім басқармайды, оған ешкім ша- 

ғым  да  жасамайды.  Оның  білімі  де 

телегей  теңіздей,  ақыл-парасатына 

да, ерік-жігеріне де ешкім тең келе ал- 

майды.  Тек  осындай  қасиеттері  бар 

басшы  ғана  халықты  соңына  ертіп, 

бұқараның  мұң-мұқтажын,  талап-

тілегін өтей алады. Фарабидің түсіні- 

гінше, қала басшысы да мұғалім сияқ- 

ты жұрттың әрі ұстазы, әрі тәрбиеші- 

сі. Егер мұғалім балаларды тәрбиеле- 

се, қала бастығы ондағы тұрғындар- 

ды  ізгі  қасиеттерге  баулиды.  Олай 

болса, мұның екеуі де «сегіз қырлы, 

бір сырлы», жұртқа қай жағынан да 

болса үлгілі болғаны абзал.. Олар бас- 

қалардан қай жағынан да көш ілгері 

тұратын кісілер. Осыған орай ізгі қа- 

ланың  бастығында  мына  сипаттар, 

атап айтқанда: дене мүшелері мінсіз... 

жаратылысынан  өзіне  айтылғанның 

бәрін  жете  түсінетін...  өзі  түсінген, 

көрген, естіген және аңғарған нәрсе- 

лердің бәрін жадында жақсы сақтай- 

тын... алғыр да аңғарымпаз ақыл ие- 

сі...  өткір  сөз  иесі  және  ойына  түй- 

геннің бәрін айдай анық айтып бере 

алатын... өнер білімге құштар... тағам- 

ға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға 

келгенде қанағатшыл, жаны асқақ жә- 

не ар-намысын ардақтайтын жараты- 

лысынан игі істерге ынтазар... әділеттік 

пен  әділеттерді  сүйіп,  әділетсіздік 

пен  озбырлықты  жек  көретін...  жа- 

қындарына да, жат адамдарына да әділ, 

пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз... 

қорқыныш пен жасқану дегенді біл- 

мейтін батыл,  ержүрек бойында туа 

біткен  он  екі  қажетті  ұштастырған 

адам ғана ұстаз, халықтың басшысы 

бола  алады.  Осылайша  Фараби  ізгі 

қаланы  басқаратын  әрі  білімді,  әрі 

ақылды, әрі әділ билеушінің негізгі он 

екі түрлі жақсы қасиеттері болуы ке- 

рек екендігін айтады. Әрине, мұндай 

қасиеттердің бәрі бір адамның басы- 

нан табыла бермейтін болғандықтан, ол 

«ізгі қаланы» бірнеше басшы бірлесіп, 

коллегиялық жолмен басқарғаны жөн 

деген қағиданы ұсынады.

Ұлы ойшыл әртүрлі қаланың адамда- 

ры  бір-біріне  қалайша  көмектесеті- 

нін,  олардың  бақытқа  қандай  жол- 

дармен  жететіндігін  де  айтқысы  ке- 

леді.  Әр  топтағы  адамдар  бақытқа 

түрлі  жолмен  жетеді.  Егер  ізгі  қала 

адамдары тату-тәтті өмір сүрумен, ғы- 

лым-білімді  дамытып,  көркею  жо- 

лымен бақытқа жететін болса, надан 

қаланың  адамдары  бақытқа  жұртты 

алдап-арбап,  неше  түрлі  сұмдық  іс- 

тер жасап, жететін болады. Адамдар 

бақытты болу үшін біріне-бірі көмек- 

тесіп  отыру  мақсатымен  бірлескен 

қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа 

жету үшін өзара көмектесіп отырған 

қоғам да ізгі қоғам болады. Бақытқа 

жету жолында біріне-бірі көмектесіп 

тұратын халық ізгі халық болады. Сол 

сияқты  халықтардың  бәрі  бақытқа 

ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отыр- 

са, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді, – деп 

тұжырымдайды ұлы ұстаз.

Ізгі  қала  адамдары  бір-бірімен  тең 

өмір сүреді, біреуден біреу артық бо- 

луды көздемейді, қала басшысы тұр- 

ғындардың  қалауымен  сайланады, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет