ӘБУН
ӘБУН
78
есту мүшесінің жәрдемінсіз-ақ көңіл-
де, жадында шығара алады. Музыка-
ны қабылдауда адамның барлық түй-
сіктерінің маңызы зор. Фараби ұғы-
мында мұндай түйсіктер табиғи және
табиғи емес болып екіге бөлінеді.
Табиғи жағдайда түйсік жанға рақат
таптырады. Табиғи емес жағдайда түй-
сік көңілдің құмарлығын онша қан-
дыра алмайды.
Жалпы өнер, ғылым атаулының бә-
рі – зор дарын, арнаулы қабілет, өл-
шеусіз еңбек сіңірудің жемісі. әл-
Фараби адамның музыкалық қабі-
летінің дамып, қалыптасуына тума
қасиеттермен қатар тіршілікте біртін-
деп қалыптасатын образдарға бай
қиялдың ақыл-парасатпен қосақта-
лып келуіне ерекше мән береді. Оның
ойынша, дарын-ақыл-парасат пен
қиялдың ойдағыдай қиылысқан жиын-
тығы. Нағыз өнер үшін бұлар шын-
дықпен жанаса келіп, ақиқат елес ту-
дыруы қажет.
Фарабидің музыка туралы айтқан-
дарынан мына төмендегідей кейбір
педагогикалық қорытындылар да
туындайды. Мәселен, музыка өнерінің
әр түрлі бөліктерін оқудың, үйрену-
дің арқасында ұғынуға болады. Шә-
кірт алдымен үйретушінің әсерлі ме-
лодияны (күйді) тудырған қимылына
еліктеуге тырысады. Ол өзінің барлық
көрген-естігенін айнытпай қайталау-
ға тиіс. Естіген музыканы жадында
берік сақтап, қиялына берік қондыра
алатындай, музыканы бұлжытпай
қайталай алатындай қабілетке жеткен-
нен кейін барып, ол үлгіні қажет
етпейтін болады. Шәкірт бұл кезең-
нен өткеннен кейін белгілі бір шығар-
маны ешбір қиналмай-ақ, шапшаң да
ептілікпен ойнау дәрежесіне жеткен-
ге дейін жаттығады да, содан соң же-
тік музыкант болып шығады. Сөйтіп,
ол табиғи дарынның мүмкіндігіне асып
түсетін дәрежеге түседі. Музыкалық
шығарманы жаттап алып, есінде берік
сақтау үшін шәкіртке мол тәжірибе
керек болады. Мұнсыз музыкалық
идея іске аспай қалады. Ал музыка
шығарушылық мәселесіне келсек, ол
үшін жан-жақты жаттығу қажет. Осы-
мен қатар музыканың түрлерін (жанр-
ларын) бір-бірімен салыстыра, мело-
дияларды талдай ажыратып, әрбір
тонның (сазды үннің), дыбыстың әсе-
рін мұқият бағалай білу керек. Шәкірт
өз бетінше жаңа мелодия ойлап шы-
ғару дәрежесіне жеткенше бұл жат-
тығу жүргізіле беруі тиіс. Әл-Фараби-
дің психология ғылымының басқа
да салаларына байланысты айтқан
салиқалы түйін-тұжырымдары тиісті
жерлерінде сөз болып отырады.
ӘДЕП ЖӘНЕ ЖАНТАНУ – ел
тәуелсіздігінің алғашқы жылдарын-
да орта мектеп оқушылары үшін жа-
зылған төлтума тұңғыш оқу құралы.
Мұнда жантану (психология) және
әдептану ғылымдарының мәселеле-
рі қазақ халқының ұлттық ерекше-
ліктеріне орай баяндалған. Авторла-
ры профессор Қ.Жарықбаев пен Ә.Та-
былдиев. Кітап 1994 жылы «Атамұ-
ра» баспасынан 100 000 тиражбен шы-
ғарылған. 1996 жылы баспа оның
«Хрестоматиясын» тағыда 100 мың
таралыммен жарыққа шығарды. Оқу
құралы 2000 жылы психологиялық
мәселелерді қазақ мектеп оқушыла-
рының түсініктеріне ылайықтап «Жан-
тануға кіріспе» деген атаумен оқу
құралы жарияланды (авторлары Қ.Жа-
рықбаев пен Ө.Озғанбаев). Оның
ӘДЕП
ӘДЕП
79
«Хрестоматиясы» 2005 жылы «Да-
рын» баспасы арқылы жарық көрді.
Соңғы оқу құралының орыс тіліндегі
нұсқасы 1997 жылы «Рауан» баспасы-
нан 108 мың тиражбен шықты.
ӘДЕПТІЛІК – халқымыздың ұлт-
тық психологиясының өзегі, иман-
дылық пен адамгершіліктің басты
белгісі, оның ғасырлар бойы қалып-
тасқан қоғамдық санасының прак-
тикалық көрінісі, барлық кісілік қа-
сиеттердің жиынтығы. Әрине, «Тауы-
на қарай аңы, заманына қарай за-
ңы», «Әр елдің салты басқа, иті қа-
ра қасқа» дегендей, әдептіліктің әр
елде тарихи, әлеуметтік өзіндік ерек-
шеліктері де болғандығы белгілі. Ал,
қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі
ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жы-
ныс айырмашылықтарын алаламай-
ды. Онда релятивизм, абсолютизм,
антитеза дегендер кездеспейді. Әдеп
сақтау отбасында, ауыл-аймақ, ел-
жұртта қалыптасқан мінез-құлық нор-
маларын бұзбауға міндеттейді. Мұны
бұзған адамға қауымдастық атынан
сол ұжымның өкілі өз пікірін айтуға,
тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені
әдеп сақтау – әлеуметтік дәстүр. Әдеп
сақтаудың экологиялық астары да
бар.
Әдепті адам табиғаттың досы, оны
қызғыштай қорғай да біледі. Таби-
ғаттың әсемдігі мен сұлулығына, әде-
мілігіне әрбір адам зиян келтірмеуге
тиіс. Мәселен, суды ластау, талды ке-
су, қайнардың көзін ашпау, жолдағы
тасты алып тастамау, көкті жұлу, ақ-
қуды ату, құдыққа түкіру – барып
тұрған әдепсіздік. Әдеп сақтау – мі-
нез-құлық пен қарым-қатынастың
қалыптасқан, халықтың өзіндік мі-
нез-құлық кодексі.
Осы ереже бұзылса, халықтық дәс-
түр де бұзылады, ұлттық намысқа
нұқсан келеді. Әдеп сақтау – халық-
тық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіп-
ке, құлдық етіп, еріксіз бағыну емес,
бұл ата дәстүрді құрметтеу, қастерлеу,
дәл айтқанда адамгершілік борышты
өтеу. «Әдептілік – әдемілік» дейді
халық. Әдептілік – ізеттілік, кіші-
пейілділік, көпшілдік деген сөз. Отба-
сындағы әдептілікті де әлеуметтік
қарым-қатынастың негізі ретінде,
әр адам қатаң қадағалап, бұзуға жол
бермей, оны қалыптасқан ереже деп
түсінуі қажет. Талап қою, әдептіліктің
орындалуын талап ету – бүкіл қазақ
жұртының, оның мың-мыңдаған әу-
леттерінің қастерлі міндеті.
ӘДЕТ – адамның іс-әрекетіндегі мі-
нез-қылығына байланысты тұрақты
қасиеті. Психологиялық тұрғыдан
алғанда Ә. адамның белгілі бір іс-әре-
кет түрін бұрынғы өмір тәжірибе-
сінде қалыптасқан дағдылары мен
біліміне сүйене отырып жүзеге асыру-
ға септігін тигізеді. Адамның тарихи
дамуында ол көпшіліктің игілігіне,
әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналып,
халықтық сипат алуы мүмкін. Ә. адам-
ның қажеттілігін өтеуге сәйкес қай-
таланып отыратын әрекет. Ол адам-
ның кез келген іс-әрекетінің түрінде
кездеседі. Еңбек сүйгіштік, жақын
адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау
алдында серуендеп, жуынып-шайы-
ну – әдеттің ұнамды әрі пайдалы
түрлері. Ал ұстамсыздық, біреудің сө-
зіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу
– әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағым-
ӘДЕП
ӘДЕТ
80
ды әрекеттер адам мінезінің ұнамды
жақтарын қалыптастыруға әсер етеді.
Ә. адамның тыныс-тіршілігінде бір-
шама тұрақты қалыптасқан, бойына
үйреншікті болып кеткен әрекеттің
автоматтандырылған түрі. Оның дағ-
дыдан айырмашылығы: мұны адам
ылғи да қажетсініп тұрады және өзі
бекітілген сәйкес жағдайларда үнемі
тұрақты қайталанып тұрады.
Бұл – әрине адаммен көбінесе сана-
ланбайтын және өзіндік реттелуге
келмейтін мінез-құлық ерекшелігі.
Әдеттердің өзі негізінен екі түрге –
жақсы және жаман әдетке бөлінеді.
Әдеттерден құтылу өте қиынға со-
ғады. Олар тіпті организмнің психо-
физиологиялық таптаурын реакция-
ларына айналып кетеді. Ә. адамның ту-
ма қасиеті емес. Ол өмір сүру проце-
сінде пайда болып, бекиді. Жақсы әдет
адамның, бедел-абыройын арттыру-
ға, күш-жігерін, уақытын мақсат ет-
кен пайдалы істерге жұмылдыруына,
көп істерді тындыруына көмектесе-
ді, бала-шағасы мен айналасындағы
адамдарға үлгі-өнеге рөлін атқарады,
ал жаман әдет керісінше мінез-құл-
қына нұқсан келтіреді. Адамның іс-
әрекетінің түр-түріне байланысты,
сондай-ақ психикалық қасиеттерінің
көрінуі ерекшеліктеріне қарай түрлі
салаларға бөлуге болады.
Мысалы, гигиеналық-санитарлық
әдеттер, мәдени әдеттер, еңбек әдет-
тері және т.б. сияқты. Әдеттердің қа-
лыптасуына шартты рефлекстер жү-
йесі немесе динамикалық стереотип-
тер негіз болады. Әдет-ғұрып белгілі
бір жергілікті аймақта күші бар неме-
се бір не басқа топтағы адамдардың
қабылдаған, яғни әдетке айналған
қылық ережелері: халықтық құқық
және этикалық кодекс.
ӘДІС (метод) – көздеген мақсатқа
жетудің бірыңғайланған тәсілдері,
тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі.
Ғылыми негізделген әдістерді саналы
түрде қолдану – жаңа мағлұматтарды
алудың маңызды шарты. Тәрбие жә-
не оқыту әдістерін жасап, топтасты-
ру – тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттер-
дің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау
және қателік, жобалау әдісі, рейтинг
әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.
ӘДІСНАМА (грек. methodos –
зерттеу жолы, теория және logos –
ілім) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғы-
лымда қолданылатын негізгі прин-
циптер. Психология теориясына ла-
йықты танымның ұстанымы, әдісі,
нысаны мен таным амалдары арқы-
лы психологиялық болмысты өзгеріс-
ке түсіру. Зерттеуші психологтың нә-
тижеге жетуі оның ғылыми құрал-
жабдықтармен қарулануымен қатар,
түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан
таңдап алуына байланысты; 3) дү-
ниенің, қоғамның объективтік заңды-
лықтары мен құбылыстарын практи-
ка және теория игертуге және өзгер-
туге бағытталған таным принципте-
рінің жиынтығы.
Ә. – әдістер туралы ілім, әдістер
теориясы, зерттеліп отырған объек-
ті жөніндегі мәліметтерді және жа-
ңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдері-
нің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі
мақсаты – объективтік ақиқатты ашу.
Зерттеудің нәтижесі де, оған апара-
тын жол да, әдіс те ақиқат болуы
қажет. Ә-ның негізінде белгілі бір
ӘДІС
ӘДІС
81
білімдер (ұғымдар, заңдылықтар)
жүйесі жатады. Ә-ның ақиқаттығы
оның негізінде жатқан теорияның
ақиқаттығына байланысты. Ғылыми
әдіснаманың дұрыс құрылған теория-
ға негізделгендіктен, қате болуы мүм-
кін емес. Дегенмен, объектіні тану
кезінде әдіснаманы қолдануда қате-
лік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерек-
шелігі арқылы анықталғанымен,
олар бір-бірімен қарама-қарсылықта
болады. Пән мен әдістің бірлігі қа-
рама-қайшылықтардың бірлігі болып
табылады. Әдіс зерттелетін пәннің
ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау
арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің
толық сәйкес келуі субъекттің объект-
ке біртіндеп жақындауы нәтижесін-
де болуы мүмкін. Ә. ғылыми-таным-
дық іс-әрекеттің формасы мен әдіс-
тері, әдістемелер бірлігі мен байла-
нысының теориялық негіздеулері ту-
ралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерт-
теу компоненттеріне (объектке, затқа,
мақсатқа және зерттеу мәселелеріне)
сипаттама береді және зерттеу мәсе-
лелерін шешу үрдісіндегі алдағы
әрекеттер туралы түсінікті қалып-
тастырады.
ӘДІСТЕМЕНІҢ СЕНІМДІЛІГІ –
нақты бір әдістеменің кім, қайда жә-
не қандай уақытта қолданғанына қа-
рамастан сенімді және тұрақты нә-
тижелер беру мүмкіндіктерін көрсе-
тетін психодиагностикалық әдісте-
менің сапасы Ә.с. – психодиагнос-
тикалық әдіснаманың сапасы мен оны
іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін
анықтайтын негізгі қасиеттерінің
бірі. Ә.с. – дегеніміз, осы әдіснамамен
зерттеуге алынған психологиялық
сапалылықты бөліп көрсету және
бағалау.
ӘзІЛ-ӘЖУА – психологиялық мән-
мазмұны бар ұғым. Ә-ә. адамдардың
күнделікті қарым-қатынасында қал-
жың, күлкі, мысқыл түрінде жиі
қолданылады. Олар сықақ, мысқыл,
келеке, күлкі түрінде кездеседі. Адам-
ның сезімі мен осал тұстары ныса-
наға алынады. Кейде бұларды күлкі-
ге айналдырып, әзіл-оспақ форма-
сында айтатын кездері болады. Ә-ә-
да адам біріне-бірі көңіл күйлерін,
ой-пікірлерін зілсіз сөздер, қалжың-
әзіл арқылы жеткізіп отырады. Тіпті
олар бір-бірін қоштай, қошеметтей
отыра мінездегі міндерді, ұнамсыз
сипаттарды әжуалайды, адам міне-
зіндегі ағаттықтарды сықақ, мысқыл
сөздермен түйреп отырады, осы ар-
қылы кісінің іс-әрекетін, сөйлеген сө-
зін, жүріс-тұрысын бақылап отырады.
Ә-ә. етудің өзіндік әдептілік шегі мен
нормалары бар. Орынсыз айтылған
әзіл-оспақ, мысқыл сөз адамның ашу-
ызасын тудырып, мінезіне теріс ық-
пал етуі де мүмкін. «Әзіл – әзіл түбі
зіл» дейтін мәтелді үнемі есте тұт-
қан жөн.
ӘзІЛ-ОСПАҚ – бір адамның екін-
ші бір адамды ұялту, сөзге аралас-
тыру не тоқтату үшін айтылатын
ұрымтал да астарлы, көңілді де күлкі-
лі, логикасы мықты сөз тіркесі. Бұл
болмысқа, әр түрлі құбылыстарға, нақ-
ты оқиғаға қатысты өзіндік көзқа-
расты білдірудің, оған баға берудің бір
түрі. Бұл жәйт адам психологиясын,
оның тапқырлығы мен шешендігіне,
кез келгеннің назарына түсе бермей-
ӘДІС
ӘзІЛ
82
тін, жәй жағдайда елене бермейтін,
түймедейден түйедейді көре алатын,
«сөз тапқанға қолқа жоқты» өзіне
ұстаным еткен, біреуді сынап-мінеу-
ге құмар (бірақ тәлкек етпейтін) адам-
дарға жарасып тұрады. Өмірдегі әр
нәрсені іліп-шалып, шын ниетпен,
көңілге ауыр тимейтін әдемі «әзіл-
оспақ» ретінде жүзеге асып отыра-
ды. Дегенмен әзіл-қалжыңның уыт-
ты, кісіні шымшитын, Ахмет Байтұр-
сынов айтқандай аямай шағып ала-
тын түрлері де болады, бірақ бұлар-
дың қайсысы болмасын көңілге қаяу
түсірмейтіндей болғаны абзал. Қал-
жыңның мұндай түрлері юмор деп
аталады. Соңғысы, сезім-эмоцияның
молдығын, тапқырлықты қажет етеді,
ақыл-ойдың, білгірліктің жемісі әзіл-
оспақтың қарапайым түрлер құрбы-
құрдас, жезде мен балдыз, жеңге мен
қайын, құда мен құдаша арасында
айтыла береді. Сондай-ақ ол отбасы,
ошақ қасы, той-томалақ секілді түрлі
отырыстарда да орын алып жатады.
Сайып келгенде әзіл-оспақ негізінен
сөз қағыстыруды әдетке айналдырған
адамдар арасында өріс алып отырады.
Бірақ дана халқымыз жас ұрпаққа
«Әзілің жарасса атаңмен ойна» деп
әзіл-оспақты кек тұтпай, әркез қолдап
отырған.
ӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫ (1644-
1700). Кіші жүздің ұлы биі. Оның
психологиялық түйіндерінде адам-
ның ақыл-ой ерекшеліктері, тұлға-
лық қасиеттері, мінез ерекшеліктері
әр қырынан сөз болады. Мәселен,
ол «Ақыл деген – дария», «Ашу бар
жерде ақыл тұрмайды», «Ашу де-
ген – ағын су» т.б. сондай-ақ, адам-
ның жеке қасиеттері, туыстық қа-
рым-қатынас қасиеттері, («Кісі бірге
туыспау керек, туысқан соң сөз қуыс-
пау керек», «Сөз қуған пәлеге жолы-
ғады» т.б.) имандылық, адамгерші-
лік, қайырымдылық мәселелерін қоз-
ғайды («Бай болсаң халқыңа пайдаң
тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң
тисін, бай болып елге пайдаң тимесе,
батыр болып найзаң дұшпанға тимесе,
жұрттан ала бөтен үйің күйсін» т.б.).
Әйтеке би жігіттердің жақсы жаман
қасиеттері туралы да сындарлы пікір
айтқан. «Жігіттің жақсысы дұрыс
сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне
тоқтата білген».
ӘЛЕУМЕТТЕНУ – индивидтің қа-
рым-қатынасы мен іс-әрекеті бары-
сында жүзеге асатын процесс және
оның әлеуметтік тәжірибені игеруі-
нің нәтижесі. Ә. кейбірде қоғамдағы
әртүрлі бағыттағы факторлар сипа-
тына ие болатын әртүрлі өмірлік жағ-
даяттардың тұлғаға стихиялық ықпа-
лы ретінде де, сондай-ақ арнайы тәр-
бие жұмыстарын жүргізу жағдайын-
да да пайда болуы мүмкін.
Тәрбие әлеуметтенудің жетекші әрі
айқындаушы негізі болып табылады.
Ә. ұғымы 40-50 жылдары А.Бандура,
Дж.Кольман және т.б. еңбектері
арқылы әлеуметтік психологияға ен-
ген. Әртүрлі ғылыми мектептерде Ә.
ұғымы әртүрлі талғамға ие болды.
Мыс., ол необихевиоризмде әлеумет-
тік ілім ретінде түсіндірілетін бол-
са, символикалық интеракционизм
мектебінде – әлеуметтік өзара әрекет-
тестіктің нәтижесі саналады; гума-
нистік психологияда – Мен тұжы-
рымдамасының өзіндік танылуы (ак-
туализациясы) ретінде қабылданады.
Ә. құбылысы көп аспектілі және
ӘЙТЕ
ӘЛЕУ
83
аталған бағыттардың әрбірі зертте-
лінетін феномен талаптарының бі-
ріне ғана баса назар аударады. Ә.
әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің
диспозициялық тұжырымдамасы шең-
берінде қарастырылады, мұнда қо-
ғамдық қарым-қатынасқа қосылу дә-
режесіне байланысты әлеуметтік мі-
нез-құлықты реттеу жүйесін жинақ-
тайтын диспозициялық иерархия
қалыптасады.
Психологтар көп уақыт бойы әлеу-
меттенуге – институттандырылған
білім беру жүйелеріндегі тәрбие про-
цесі ретінде баса көңіл бөліп келді.
Әйтсе де, қазіргі кезде зерттеу пәні
ретінде жекелей алғанда, бейресми
бірлестіктерде, стихиялы түрде пай-
да болған топтарда және т.б., яғни
ресми құрылымдардан тыс өтіп жат-
қан процестерде қамтылуда. Адамның
түрлі әлеуметтік қоғамдарға, әлеу-
меттік қатынастық жүйелерге инте-
грациясы, өзінің тұлғалық қасиет-
терінің дамуына ықпал ететін мәде-
ниетті, әлеуметтік нормалар мен ба-
ғалылықтарды меңгеруі. Әлеуметтік
бейімделу – адамның әлеуметтік ор-
таның жағдайларына және талап-
тарына белсенді бейімделу үрдісі жә-
не нәтижесі. Әлеуметтік бейімделу –
адамның не ұжымның өзіне әсер ете-
тін сыртқы жағдайларға бейімделуі.
ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ –
адамдардың әлеуметтік топтарға қо-
сылуынан туындаған мінез-құлық жә-
не әрекет заңдылықтарын, сондай-
ақ осы топтардың өздерінің психо-
логиялық сипаттамаларын зерттейтін
психология ғылымының саласы.
Әуелде әлеуметтік-психологиялық
көзқарастар әртүрлі философиялық
тұжырымдамалар ауқымында, сон-
дай-ақ нақты ғылымдардың, ең ал-
дымен, психология мен социология-
ның, антропологияның, этногра-
фияның, криминологияның, тіл бі-
лімінің, педагогиканың ішінде тал-
дап белгіленді. XIX ғ. екінші жарты-
сында ғана дербес әлеуметтік-психо-
логиялық тұжырымдамалар: «халықтар
психологиясы» (М.Лацарус, Г.Штейн-
таль, В.Вундт), «бұқара психология-
сы» (С.Сигеле, Г.Лебон), «әлеуметтік
мінез-құлық инстинктілері теория-
сы» (У.Мак-Дугалл) жасау тұрғы-
сындағы алғашқы әрекеттер болды.
Әлеуметтік психологияның сан қилы
мәселелері әл-Фараби еңбектерінен
елеулі орын алған ғылыми пробле-
малардың бірінен саналады. Әбу На-
сыр әл-Фарабидің ұғымынша әлеу-
меттік топтардың ең үлкені адамзат
қоғамы, халықтар бір-бірінен үш ерек-
шелігімен ажыратылады дейді.
Бұл айтқандарға әрбір халықтың
табиғи әдет-ғұрпы мен салт-санасы,
мінез бітістері мен тіл ерекшеліктері
жатады. Фараби түрлі тайпалар мен
халықтардың психологиялық ерек-
шеліктерін көп жағдайда география-
лық ортаға қарай түсіндіреді. «Ізгі қа-
ла тұрғындарының көзқарасы тура-
лы трактат» деген еңбегінде Фараби
осындай топтардың әрқайсысына
жеке-жеке сипаттама беріп, бұларды
әлеуметтік психологияның негізгі ка-
тегориялары ретінде ұсынып, ғылы-
ми талдау жасайды. Әлеуметтік пси-
хологияны біз мақал-мәтелдерден де
байқаймыз. Мәселен, «Бір данаға
жол берсең, жанған отқа күймейсің»,
«Мың қосшыға бір басшы», «Жасық-
тың көбінен де асылдың азы жақ-
сы», «Басшысын таппаған ел азады,
ӘЛЕУ
ӘЛЕУ
84
басшысыз – ел жетім», деген даналық
сөздерде халықты басқаруға ақылды,
көреген, білгір, озық ойлы адамдар-
дың қажет болатыны, бұлар өздерінің
жеке басының ерендігімен, зор талант-
қабілеттілігімен әлеуметтік өмірде
елеулі рөл атқаратыны, қоғамдық
прогресті шама-шарқынша тездетуге
себепші болатыны айтылады. Қоғам-
ның дамуына кесір-кесапатын тигізе-
тін, оның прогресіне қарсы тұратын,
барып тұрған керітартпа, реакцио-
нер адамдардың да кездесетіндігі бел-
гілі. Мұндайлар жөнінде де халқымыз
дұрыс тұжырымдаған: «Мың адам
салған көпірді бір адам бұзады», «Бір
жаман бір топ қолды ірітеді», «Қырық
кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ», деген
мақал-мәтелдерден осы айтылғандар
тайға таңба басқандай білініп тұр.
Халқымыз жеке адамдардың қоғам-
дағы орнын асыра бағалауға бармай-
тындығын да ескерген. «Білгірім өлді
деп қайғырма, бірегей туар тағы бір»,
«Қанша жақсы болса да жалғыз жігіт
би болмас», «Қатардан ассаң да ха-
лықтан аспақ жоқ», деген мақал-мә-
телдерде ұлы адамдарды қажет бол-
ған жағдайда қоғамның өзі тудырып
отыратындығы, ондайлардың орны
толмайды деп жоқтаудың дұрыс
еместігі, оларға босқа табына беру-
дің қажетсіздігі, мұндай басшылар-
ды халық алдағы уақытта да өз орта-
сынан тәрбиелеп шығаратындары дұ-
рыс топшыланған. Мақал-мәтелдер-
де тәрбие процесі үшін қоғамдық пі-
кірдің, ұжымның рөлі ерекше маңыз-
ды екендігін дұрыс тұжырымдаған.
Мәселен, «Халық айтса, қалт айтпай-
ды», «Халық – қатесіз сыншы», «Тен-
текті халқы түзейді» деген тұжырым-
дар жеке адам сана-сезімінің жақсы
жақтарын дамытуда, еңбек сүйгіш-
тікке, адамгершілік қасиеттерге тәр-
биелеуде ұжымның жетекші рөл ат-
қаратындығын көрсетеді. Ә.п-ның
ерекше пән ретінде болуының басы
1908 жыл деп саналады, сол жылы
ағылшын психологі Мак-Дугалл мен
американдық социолог Э.Росстың бір
уақытта шыққан еңбектерінің ата-
лымдарында «әлеуметтік психоло-
гия» деген термин болды. Ә.п. мы-
надай негізгі тараулардан тұрады:
адамдардың қарым-қатынасы мен
өзара әрекеттестігінің заңдылықтары,
топтардағы Ә.п., тұлғаның Ә.п-сы,
қолданбалы салалар. Қарым-қаты-
настың мәні адамдар арасындағы
қоғамдық және тұлғааралық қаты-
настардың жүзеге асуы ретінде ашы-
лады, бұл қатынастардың комму-
никативтік, интерактивтік және пер-
цептивтік жақтары зерттеледі. Осы
процестердің бәрінің нақты әлеу-
меттік топтарда, өндірістік бригада-
ларда, мектеп сыныптарында, спорт
командаларында және т.б. қарасты-
рылуы маңызды, өйткені осы процес-
терде әсер ету арқылы бірлескен
іс-әрекетті оңтайландыруға жәрдем-
деседі. Ә.п.-ның аталған іргелі проб-
лемаларының практикалық маңы-
зы зор.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеу-
лер жұмысшы бригадаларындағы
психологиялық ахуалды зерттеу үшін,
тұлғааралық қатынастарды жетілді-
ру, еңбек мотивациясын арттыру
үшін өнеркәсіп өндірісі саласында,
сондай-ақ спортта, саудада, «отбасы
қызметінде» және т.б. жүргізіледі.
Қолданбалы әлеуметтік-психология-
лық зерттеулердің тәрбие саласында
ерекше маңызы бар. Оқушылардың
Достарыңызбен бөлісу: |