Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет38/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90

ИНТЕЛЛЕКТІК СЕзІМДЕР. Мұн- 

дай  сезімдер  адамның  танымдық 

(тану)  үрдістерімен,  ақыл-ой  әреке- 

тімен тығыз байланысты туындайды. 

Интеллектік сезімнің түрлеріне: таң- 

сықтау,  білуге  құмарлық,  күдіктену, 

сенімділік,  интуиция,  ықтималдық, 

жаңашылдық,  болжау  т.б.  сезімдер 

жатады. Сезімнің мұндай түрлері оқу 

үрдісінде,  ғылыми-зерттеу  ізденіс- 

терінде, адамға зор ләззат беретін жа- 

ңалықтар  ойлап  табуда  пайда  бола- 

ды. Мұғалімнің басты міндетінің бі- 

рі  –  оқушыларда  интелектік  сезім- 

дерді  тудыру  арқылы  санасын  қа- 

лыптастыру болып табылады. Ол үшін 

көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір бі- 

лім алу мақсатына жете алмайтыны- 

мызды  оқушыларға  түсіндіру  керек. 

«Оқу  инемен  құдық  қазғандай»,  ол 

оңайлықпен қолға түспейді.

Оған жан-тәніңмен берілмесең, тия- 

нақты еңбек етіп, қатты зейін қойма- 

саң болмайды. Оны үнемі толықты- 

рып  отыру  да  қажет.  «Адамның  кө- 

ңілі шын мейірленсе, – дейді Абай, – 

білім-ғылымның өзі де адамға мейір- 

леніп, тезірек қолға түседі». Жүрдім-

бардым үйренетін адамдарға ғылым 

тұрақтамайды. Өйткені  ғылым өзіне 

түгелдей берілуді қажет етеді. Интел- 

лектік  сезімдер  адамның  сана-сезі- 

мінен орын алса, шындықты аша тү- 

суге  құмары  арта  түседі,  мұндайда 

ол  асыл  мұрат  үшін  күреске  белді 

бекем байлайды.



ИНТЕЛЛЕКТ  ТЕСТІЛЕРІ  –  ин- 

дивидтің  ақыл-ой  әлеуетін  анықтау- 

ға арналған психологиялық диагнос- 

тика  әдістемелері.  И.т.нің  көпшілі- 

гінде  сыналушыға  арнаулы  бланкте 

тестінің  міндеттері  солардан  құрас- 

тырылған  терминдер  мен  ұғымдар 

арасындағы нұсқауда көрсетілген ло- 

гикалық  топтастыру,  ұқсастыру,  қо- 

рыту  және  т.б.  қатынастарды  анық- 

тап белгілеу ұсынылады. Сыналушы 

ИНТЕ

ИНТЕ


256

өзінің  шешімдерін  жазбаша  түрде, 

не бланкіде бар бірнеше варианттың 

біреуіне белгі қояды. Есептер кейде 

суреттерден,  геометриялық  фигура- 

лардан  және  т.б.  тұрады.  Тестілер 

есептеріндегі  дұрыс  орындалғанда- 

рының санына қарап сыналушының 

ойдағыдай өткені анықталады, зият- 

тылық  коэффициенті  шығарылады. 

Алайда тестілеу нәтижелерінің сына- 

лушының ақыл-ой әлеуетін анықтау- 

дан  гөрі  оның  бұған  дейінгі  тәжі- 

рибесінің, оқытылғандығының ерек- 

шеліктерін анықтауға ғана себеп бо- 

латын жағдайлар мен қиыншылықтар 

бар.  Сондықтан  бұл  нәтижелерді 

«тестілік» немесе «психометриялық» 

зият деп есептеуге де негіз бар. Шын 

мәнінде  «тестілік»  зият  индивидтің 

ақыл-ойы дамуының деңгейін көрсе- 

теді, ал мұның критерийі нақты зият 

тестілерінің авторлары ұсынған ұғым- 

дар мен терминдердің және олардың 

арасындағы  логикалық  қатынастар- 

дың  жинағы  болып  шығады.  Әр 

түрлі мәдениеттердің өкілдері болып 

табылатын индивидтер үшін бұл жи- 

нақтың  критерий  бола  алмайтыны 

түсінікті.  И.т-нің  әртүрлі  үлгілері 

теориялық зерттеулерде және дефек- 

тология  практикасында  қолданыла- 

ды, тестілеу нәтижелері үшін өңдеу- 

дің  ерекше  әдістері  талдап  белгі- 

ленген.

ИНТЕЛЛЕКТ  КОЭФФИЦИЕНТІ 

(ағылш. intellectual quotient) – ақыл-

ой жасы деп аталатынның (АЖ) осы 

тұлғаның  шын  хронологиялық  жа- 

сына  (ШЖ)  қатынасы;  іQ  символы- 

мен  белгіленетін  бұл  қатынас  мына 

формула бойынша анықталады: АЖ : 

ШЖ х 100% = іQ. Ақыл-ой жасы жас 

шкалаларының бірі арқылы тестілеу 

нәтижелерімен анықталады (қ. Зият 



тестілері). Әртүрлі жас шкалалары- 

на енгізілген тестілердің көпшілігін- 

де логикалық, логикалық-перцептив- 

тік  және  арифметикалық  амалдар- 

дың меңгерілуі, жалпы хабардарлық, 

практикалық  жағдаяттардағы  бағ- 

дарлану,  ырықты  ес  (жад)  және  т.б. 

қамтылып  орындалатын  міндеттер 

белгіленеді. Жас шкалаларын құрас- 

тырғанда психолог тәжірибе мен түй- 

сікті басшылыққа алып, міндет-тап- 

сырмаларды  іріктейді.  Олар  өздері 

қамтыған  материал  бойынша  (тер- 

миндер, ұғымдар, графикалық бейне- 

лер    және    т.б.)  ынталандырылатын 

ақыл-ой  әрекеттері  бойынша  осы 

әлеуметтік  қауымдастықтағы  шкала 

қамтитын жастарға ұғынықты болу- 

ға  тиіс.  Мұның  өзі,  әдетте,  жастық 

өкілдік  іріктемелерде  эксперимент 

арқылы  тексеріледі.  И.к.  былайша 

алынады.  Бастапқыда  сыналушыға 

оның  өз  жасынан  бір  жас  кіші  жас- 

қа  сәйкесетін  тапсырмалар  ұсыны- 

лады; жас шкаласы бойынша «төмен» 

бағытта  одан  қатарынан  бес  дұрыс 

жауап  алу  керек.  Бұдан  әрі  шкала 

бойынша «жоғары» қарай қатарынан 

дұрыс  емес  жауап  алынғанға  дейін 

тапсырмалар  ұсынылуы  тиіс.  Тесті- 

леу  осымен  шектеледі.  Бұдан  соң 

«балалық  жас»  тестілерінің  санына 

барлық  дұрыс  жауаптарының  саны 

қосылады.  Ерекше  кесте  бойынша 

алынған қосынды қандай ақыл-ой жа- 

сына  сәйкес  келетінін  табады.  Осы- 

дан  кейін  формула  бойынша  И.к. 

есептеліп  шығарылады.  И.к.  ұғын- 

дыруда бұл коэффициент барлық әлеу- 

меттік  құрамдастықтар  үшін  ортақ 

ешқандай ақыл-ойды немесе зиятты 

анықтамайтынын  есте  ұстау  керек, 

сол сияқты ол қайсыбір табиғи неме- 

ИНТЕ

ИНТЕ


257

се тұқым қуалаған жалпы дарынды- 

лықты диагностикалауға келмейді.

ИНТЕРИОРИзАЦИЯ  (лат.  inte- 

rior – ішкі) – 1.Сыртқы болмыс әре- 

кеттерінің ішкі идеалдық факторлар- 

ға  айналуы.  2.Іс-әрекеттің  екі  жос- 

парлығы:  И.  сыртқы  заттық  іс-әре- 

кеттің ішкі ақыл-ой іс-әрекетіне ауы- 

суын зерттегендер Ж.Пиаже, Л.С.Вы- 

готский,  А.Н.Леонтьев,  П.Я.Гальпе- 

рин т.б. Олардың зерттеулерінде ақыл-

ой  әрекеті  әуелде  сыртқы,  заттық 

әрекет  түрінде  көрініп,  бірте-бірте 

ішкі психикалық амалға ауысатынын 

көрсетеді.  Сыртқы  әрекеттің  ішкі 

амалға ауысуы И. деп аталады. Мыс., 

бала  санауды  үйренгенде,  әуелде 

таяқшаларды  санайды,  оларды  бір-

біріне  қосады.  Содан  соң  біртіндеп 

таяқшалардың  қажеті  болмай  қала- 

ды,  өйткені  есептеу  заттан,  сыртқы 

әрекет күйінен ауысып, ақыл-ойдың 

ісіне  айналады.  Іс-әрекет  объектісі 

сөз бен сан болады. Бала бірте-бірте 

ақыл-ой  әрекетін  жинақтайды  да, 

олар бірігіп барып ақыл-ой қызметін 

құрайды.  И.-  ағза  үшін  тыс  қандай 

да  бір  үрдістің  немесе  құбылыстың 

біртіндеп  ішкі  құбылысқа  айналуы, 

мыс.,  жекелік,  ұжымдық  тәжірибе 

жүзінде атқаратын іс-әрекетінің адам- 

ның  ішкі  психикалық  қасиетіне  не- 

месе қабілетіне айналуы.



ИНТЕРОЦЕПЦИЯ  –  организмнің 

ішкі саңылаулары. Интероцепторлар 

қатарына  механикалық  және  хемо- 

рецепторлар кіреді. Олар барлық ішкі 

мүшелерде кездеседі және сан алуан 

органикалық  процестерге  –  қан- 

ның химиялық құрамы мен қысымы- 

ның өзгеруіне, тканьдердің темпера- 

турасының  өзгеруіне,  асқазанның 

толуының және т.б. өзгеруіне жауап 

береді. И.-ның қызмет етуі көбінесе 

санадан тыс жүзеге асады. Органика- 

лық түйсіктер пайда болғанымен, тек 

диффуздық  түрде  организмнің  жал- 

пы  күйін  комфорт  немесе  диском- 

форт, қысылу немесе босаңсу, маза- 

сыздық немесе тыныштық түріндегі 

көбінесе  эмоционалдық  боялған  кү- 

йін бейнелейді. И.М.Сеченов оларды 

«күңгірт  сезімдер»  деп  атаған.  И-

ның  қызметі  тек  1930  жылдардан 

кейін  ғана,  Кеннонмен  гомеостазис 

ұғымы  ашылғаннан  кейін  ғана  едә- 

уір  толық  түсінікті  болды.  Ағзаның 

ішкі  тепе-теңдік  күйі  немесе  гомео- 

стазис  өмір  сүрудің  қажетті  шарты 

болып табылады.

ИНТРОВЕРСИЯ  –  адамның  өз 

санасын  және  қызығушылығын  өзі- 

не аударуы, өзінің ішкі дүниесіне пси- 

хологиялық  шомуы,  жеке  басының 

мәселелерімен  уайымдарына  бері- 

луі.  Мұндай  жағдайда  адамның  ай- 

наладағыларға және қоршаған орта- 

да болып жатқан жағдайларға деген 

зейіні төмендейді.

ИСТЕРИЯЛЫҚ (қояншық қасиет) – 

адам  өзін  жақсы  көргенде,  айнала- 

дағылардың  өзіне  көңілін  аударту- 

ға, өзін ерекше көрсетуге бейімділі- 

гінде,  керімсалдыққа  тенденциялы- 

ғында,  қылықтың  жасандылығын- 

да, терең сезімнің жоқтығында, адам- 

дар арасында ерекше орын алуға әре- 

кеттенуінде  көрініс  беретін  адам- 

ның акцентуациялық мінез қасиеті.



ИОСТ  зАҢЫ  –  Бұл  1895  жылы 

неміс  психологі  А.Иост  ашқан,  ма- 

ғынасыз сөздік материалды есте сақ- 

таудың  эмпирикалық  заңдылығы. 



ИНТЕ

ИОСТ

258

И.з.  бірдей  ықтималды  шығармада 

ескі  ақпарат,  алдымен,  біртіндеп 

ұмытылады, екіншіден, жаттауға де- 

йін аз қайталауды талап етеді. Иост 

заңы қысқа мерзімді ес пен ұзақ мер- 

зімді естің айырмашылығын зерттеу- 

ге қолданылады.



ИПОХОНДРИЯ  (грек.  hupokhon-

dria – сөзбе-сөз: қабырға асты) – өз 

денсаулығына  шамадан  тыс  көңіл 

бөлушілік,  жазылмайтын  аурумен 

ауырып  қаламын  деп  қорқушылық. 

Ипохондриктер жай жөтелге де қат- 

ты қиналып қайғырады. И-лық син- 

дром психикалық іс-әрекеттің бұзы- 

лу  нышандарының  жиынтығы.  Ас- 

теноневроздық  күй  кезінде,  психо- 

стеникалық  психопатия  мен  мінез 

акцентизациясы, шизофрения, мани- 

калды-депрессиялық  психоз  кезін- 

де байқалады.

ИІС  ТҮЙСІКТЕРІ  –  мұрын  кең- 

сірігіндегі  кілегей  қабықтың  клет- 

каларына түрлі химиялық заттардың 

әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері 

пайда  болады.  Осы  кілегей  қабық- 

тық таяқша тәрізді сезгіш клеткала- 

ры бар. Ауамен бірге мұрынға кіре- 

тін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш 

клеткаларын  тітіркендіріп  отырады. 

Иіс  түйсіктерінің  түрлері  көп.  Бі- 

рақ бұлар әлі күнге дейін белгілі клас- 

сификацияға түспеген.

Өйткені  оларды  дәм  түйсіктерінен 

ажырату кейде қиынға соғады. Сон- 

дықтан да біз көбінесе белгілі бір иіс- 

тің  атын  атаудан  гөрі,  иіс  шығарып 

тұрған  затты  атаймыз  (темекі  исі, 

түтін исі, шөп исі т.б.). Иіс түйсіктері 

адамның тұрмыс салтына, қызмет ба- 

бына қарай да ерекше дамып отыра- 

ды.  Мәселен,  Африкадағы  бушмен 

тайпалары  арыстанның,  жирафтың, 

зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай та- 

уып  алады,  олар  иісті  ең  жақсы  аң- 

шы  иттерден  артық  біледі.  Индияда 

жыланның  жатқан  жерін  иісінен  бі- 

ліп табатын адамдар бар.

Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, ке- 

рең адамдарда ерекше жетілген. Мә- 

селен,  олар  бөтен  адамдарды,  түр- 

лі нәрселерді алыстан-ақ исінен «та- 

ниды». Үйге кірген адамды да, таныс 

көшесін  де,  тұрған  үйін  де  олар  иі- 

сіне қарап оп-оңай айыра алады.

Иістің  табиғатын  зерттейтін  ғылым 

ольфактроника деп аталады. Иіс түй- 

сіктері адамның көңіл күйіне, жалпы 

психикасына жағымды не жағымсыз 

әсер қалдыруы мүмкін. Мәселен, жұ- 

пар иісті гүл – адамның көңілін сер- 

гітсе, шылымның түтіні – басты ауыр- 

тады. Парфюмериялық заттардың са- 

пасын  арттырып  отыру  –  адам  пси- 

хикасына  қолайлы  әсер  етудің  бір 

факторы екендігі даусыз.

Мектеп  оқушыларының  иіс  түйсік- 

терін тәрбиелеу – мұғалімдердің төл 

істерінің  бірі.  Мұғалім  сабақ  үстін- 

де  де,  сабақтан  тыс  кездерде  де  ба- 

ланың айналасындағы заттарды жан- 

жақты  танып  білуде,  мәселен,  ауа- 

ның тазалығын дұрыс талғай білуге, 

орманның, гүлденген бақтың, шабын- 

дықтың хош иістерін, қарағай, шыр- 

ша ағаштары шайырының жұпар иі- 

сін, теңіз жағалауындағы ауаның тұз- 

ды-сортаң  иісін  сезетіндей  мүмкін- 

дік туғызуы қажет. Оқушылар бұлар- 

дың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян 

екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иіс 

тигізетін газ, түтін т.б. айыра білетін 

болсын.


ИПОХ

ИІСТ

259

ЙОГА – (санскр. yoga – қосылу, ой- 

ларды шоғырландыру, аңдау) – адам- 

ның  тұлғалық  кемелденуінің  ежелгі 

үнділік  діни-философиялық  жүйесі; 

зейінді барынша шоғырландыру есе- 

бінен психиканы өзгертуге бағыттал- 

ған психо-физикалық жаттығу жүйе- 

сімен байланысты. Йоганың ең ежел- 

гі  нысандары  бастапқыда  ведда  ді- 

нінің шеңберінде дайындалып, оның 

жоралары абыздардан зейінді белгілі 

бір бейнелерге үдете шоғырландыру- 

ды талап етті.

Тиісті  әдістердің  белгіленуі  арқылы 

«сегізмүшелік  Й»  классикалық  жү- 

йесі жасалады. Бұл орайда шәкірттің 

жаттығуы 8 кезеңнен өтеді:

1)  қылықтарды  бақылау  (күштеуші- 

лікке бармау, шыншыл болу, ұрлық- 

қа  жоламау,  сұғанақ  болмау,  нәпсіге 

ермеу);

2)  өзін-өзі  тежеу  (тазалық,  қанағат-



шылдық, аскеттік жаттығулар, қасиет- 

ті мәтіндерді дауыстап қайталау, құ- 

дайға жалбарыну);

3) денені дұрыс ұстау (84 «аспаннан» 

тұратын жүйе);

4) тыныс алуды бақылау (пранаяма) – 

тыныс  алу  ырғағын  біртіндеп  баяу-

лату әдістерінің жиынтығы; йоганың 

түсініктерінде барлық психикалық про- 

цестердің, ең алдымен, ойлаудың ыр- 

ғағы осы тыныс алумен байланысты;

5) сезімдерді тежеу – шоғырлану, шо- 

му  мақсатында  сыртқы  сезімдердің 

қызметін тоқтату;

6) зейінді сыртқы бір (шағын) объек- 

тіге шоғырландыру;

7)  медитация  –  зейінді  шоғырлан-

дырудың ең биік дәрежесі, объектіге 

«сіңу» күйі;

8)  транстық  медитация  (самадхи)  – 

зейіннің  шомуы  арқылы  Мен-ді  се- 

зінуден қалу.

Транстық  күйдің  екі  типі  саралана- 

ды: 1-ші жағдайда объектіні сол кү- 

йінде түйсіну әлі қалмайды, 2-ші жағ- 

дайда  субъекттің  белсенділігі  өзіне- 

өзі тұйықталып, объект туралы түсі- 

нік  атаулы  ғайып  болады.  Психофи- 

зиологиялық  жаттығудың  бұл  атал- 

ған түрі раджа-й деп аталады.

Мұнымен  қатар  азды-көпті  ықшам-

далған жолдар сипатталады:

ұстазбен  (не  құдаймен)  эмоциялық 

байланысты қалыптастыру – бхакти-й;

жоралық іс-қимылдар жасау – карма-й 

және т.б.Йога жүйесі бойынша жат- 

тығу адамның психикасында терең өз- 

герістер  жасауға  тиіс.Бұған  йогтар- 

дың  ішкі  ағзалардың  қызметін  рет- 

теу, ыстық пен суықтың ең шеткі ша- 

маларына  оңай  төзу,  тамақсыз  және 

ауасыз  ұзақ  уақыт  шыдау  және  т.б. 

қабілеттері  жатады.Сонымен  қатар 

йога  мәтіндеріне  жүйені  тұтас  түсі- 

нуді қиындататын бірқатар мифоло- 

гияландырылған  түсініктер  енген.

Йоганың жағымды жағы психикалық 

функцияларды  жаттықтырудың  ға- 

сырлар бойғы тәжірибесі сараланып 

пайдаланғандығында, алайда бұл адам 

психикасының табиғаты туралы мис- 

тикалық және иррационалдық түсінік- 

термен қабаттастырылған. 

ЙОГА

ЙОГА


260

КӘСІБИ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС – 

практикалық психолог, соның ішінде 

психолог кеңесшінің адамдармен жұ- 

мыс істеу кезіндегі мүлтіксіз сақтай- 

тын  негізгі  заңдар,  жағдайлар  және 

ережелер жиынтығы. К.э.к. психолог- 

тардың  кәсіби  бірлестіктерінде  қа- 

былданып және сол бірлестік шеңбе- 

рінде іске асырылады.

КЕЛЕМЕЖДЕУ  –  адамның  мінез-

құлқы мен ұнамсыз, оғаш, жағымсыз 

қылықтарын мазақ етіп, күлкіге, сай- 

қымазаққа айналдыру. К. – күлу, ма- 

зақ ету түріндегі адамның бойында- 

ғы оғаш қасиеттері мен ретсіз іс-қи- 

мылын мінеп, сынау. К. – адамға күш- 

ті  ықпал  етіп,  оның  жағымсыз  қы- 

лықтарын сын көзімен қарап түзетуі- 

не ықпал етіп отыратын әсерлі күш. 

К. – сықақ пен әзілқойлықты да біл- 

діретін  әсерлі  әрекет.  К.  –  арқылы 

адамға  әсер  ету  зілсіз  түрде  жүзеге 

асып,  оның  ар-ұятын  оятатын  күш, 

саналы түрде өз қылығы мен мінезін 

өзгертуге ықпал ететін шара. Адамның 

мінез-құлығын орынсыз К. өзара өш- 

пенділік пен жаулыққа соқтыруы мүм- 

кін.  Мұндай  жағдайда  халық  дана- 

лығы:  «Дос  жылатып  айтады,  дұш- 

пан  күлдіріп  айтады»  дейтін  қағи- 

даны басшылыққа алған жөн. Оның 

байыбына  барып,  мағынасын  терең 

түсінген жөн.



КЕМСІНУ  –  көңілге  тоқ  санамай, 

адамның бойындағы мінез-құлқы мен 

ісіндегі,  тіршілігі  мен  ақыл-ойын- 

дағы  олқылықтарын  аңғарып,  кем- 

шіліктеріне  көңілі  толмайтын  сезім 

күйін білдіретін жайт. К-дің бір ерек- 

шелігі  –  кемсіту.  Кемсіту  –  қорлау, 

өзгелерді  менсінбей,  оларды  төмен- 

дету. Мұндай қылық адамның тәкап- 

парлығын,  өркөкіректігін  білдіретін 

жағымсыз  сипат.  Езілген,  қаналған, 

тапшылық  көрген  адамдардың  іс- 

әрекеті  мен  мінез-құлқындағы  кем- 

шіліктерін кемсіту күпірлік, әрі ада- 

ми  қасиетке  ауыспайтын  асқақтық- 

ты  білдіретін  жағымсыз  да  жеккө- 

рінішті қылықтар. Сондай-ақ жарым- 

жан, мүгедек, кемтар адамдарды кем- 

сіту  адамгершілікке  жатпайтын  то- 

ғышарлық  мінез.  Мүсәпір,  бишара- 

ларды  кемсіту  жалпы  адами  көзқа- 

расқа  қайшы  пікір  болып  саналады. 

Адам  мінезіндегі  өзгелерді  кемсіту 

психологиялық  тұрғыдан  алып  қа- 

рағанда гуманистік көзқарастарға ке- 

рі қатынасты білдіретін сипат.



КЕҢЕС  БЕРУ,  ОНЫҢ  ҚҰПИЯ-

ЛЫҒЫ  –  психологиялық  кеңес  бе- 

руді  өткізуге  жұмсалатын  бір  күн 

ішіндегі уақыт немесе уақыт аралы- 

ғы;  психолог-кеңесшінің  клиентпен 

жұмыс істеуге жұмсаған уақыт мөл- 

шері. Кеңес берудің диагностикалық 

кезеңі  –  клиенттің  психолог-кеңес- 

шіге  өз  мәселесін  айтуы,  ал  психо- 

лог-кеңесші  оны  зейін  қойып  тың- 

дап,  талқылап,  мәселені  клиентпен 

бірге нақтылап, оған психологиялық 

КӘСІ

КЕҢЕ


261

диагноз  қойып,  керек  болған  жағ- 

дайда  клиенттің  өзіне  психодиаг- 

ностикалық  зерттеу  жүргізіп  қарай- 

тын  психологиялық  кеңес  берудің 

үшінші  кезеңі.  Кеңес  беруге  іскер- 

лік  қатынас  –  психологиялық  кеңес 

жүргізбестен  бұрын  клиентпен  ке- 

ңес  жүргізудің  барлық  жағдайлары 

айтылып,  келісіліп  алынады;  уақы- 

ты,  орны,  күтілетін  нәтижелер,  шы- 

ғыны және басқа да мәселелері. Ке- 

ңес  нәтижесінің  объективті  белгіле- 

рі  –  психологиялық  кеңестің  табыс- 

ты (ойдағыдай) өткені туралы объек- 

тивті бағалау (психолог-кеңесші мен 

клиентен  басқа  да)  байқаудың  нә- 

тижесінде  және  айналадағы  адам- 

дардың растауымен дәлелденетін шы- 

найы  белгілер.  Кеңес  нәтижелілігі- 

нің  сыртқы  белгілері  –  психология- 

лық кеңес жүргізу нәтижесінде бола- 

тын  клиент  қылығындағы  елеулі 

сырттан көрініс беретін оң өзгерістер.

Кеңес нәтижелігінің ішкі белгілері – 

психологиялық кеңес өткізу нәтиже- 

сінде,  клиенттің  психологиясы  мен 

қылықтарындағы  елеулі  жағымды 

өзгерістердің  пайда  болуы.  Кеңесті 

ұйымдастыру орны – психологиялық 

кеңес  өткізетін  арнайы  жабдықтал- 

ған  орын  не  бөлме.  Кеңес  беру  тә- 

жірибесі  –  психологтың  кеңесші 

ретінде жұмыс істейтін жалпы уақы- 

ты; психолог-кеңесші ретінде әртүр- 

лі  мәселелермен,  клиенттермен  ат- 

қарған ісі; психологиялық кеңес беру 

кезіндегі  жетістіктері  және  сәтсіз- 

діктері.  Мұның  ерекшелігі  –  кеңес 

уақытында болатын мәселелер және 

клиенттің  психологиялық  кеңеске 

өтініш беру фактісі бөгделерден құ- 

пия түрінде сақталады. Кеңестің ба- 

қылаушы кезеңі – психологиялық ке- 

ңестің  аяқталу  кезеңі.  Бұл  кезеңде 

психолог-кеңесші және клиент мәсе- 

лені  шешуде  алынған  практикалық 

ұсыныстардың  орындалу  нәтижесі 

бағаланады.  Сонымен  қатар  психо- 

лог-кеңесші және клиент бір-бірімен 

қай жерде және қай уақытта қосым- 

ша кездесуге келіседі. Кеңесті икем- 

деу  кезеңі  –  психологиялық  кеңес 

өткізудің  келесі  кезеңі.  Бұл  кезеңде 

психолог-кеңесші клиентпен бірлес- 

кен  жұмысты  бастау  үшін  бір-бірі- 

мен келісіп, мәселені шешуге ортақ- 

тасып дайындалады.



КЕҢІСТІК  ПЕН  УАҚЫТТЫ 

ҚАБЫЛДАУ – кеңістік пен уақыт – 

материяның  өмір  сүруінің  негізгі 

формалары.  «Әлбетте,  –  деп  жазды 

Ф.Энгельс,  –  материяның  өмір  сү- 

руінің  бұл  екі  формасы  материясыз 

түк  емес,  тек  өзіміздің  ойымыздағы 

бос түсініктер, абстракциялар ғана». 

Кеңістік  пен  уақытты  материядан 

бөлектеу,  оларды  материядан  аулақ 

өмір  сүреді  деу  бұл  идеализм  тұр- 

ғысына  көшу  болып  табылады.  Ке- 

ңістіктегі объектілерді қабылдау өте 

күрделі  процесс.  Тек  адамның  нақ- 

тылы  тәжірибесі  арқылы  ғана  кеңі- 

тікті дұрыс қабылдауға болады. Адам 

заттардың  бірінен-бірінің  қашық- 

тығын,  бет  алысын,  көлемін,  релье- 

фін,  бағдарын  және  формасын  қа- 

былдау  арқылы  ғана  кеңістікті  дұ- 

рыс  қабылдайды.  Дүниедегі  заттар- 

дың барлығы да кеңістікке орналас- 

қан. Олардың әрқайсысының белгілі 

тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік 

не аласа т.б,) болады. Сондай-ақ олар 

бізден  түрлі  қашықтықта  тұрады. 

КЕҢЕ

КЕҢІ


262

Кеңістікке орналасқан заттардың кө- 

лемін қабылдауда екі көзбен көрудің 

(бинокулярлық көру) маңызы зор.

Ал  бір  көзбен  көру  (монокулярлық 

көру) тереңдік жөнінде дәл мағлұмат 

бере  алмайды.  Мұны  бір  көзді  жұ- 

мып,  екі  қолды  бір-біріне  тигізбей, 

инеге  жіп  сабақтаудың  қиын  екені- 

нен де байқауға болады. Бинокуляр- 

лық қарауда екі көзге түсетін кескін 

қосылып  кетеді  де,  нәрсенің  бедері 

айқын  сезіліп,  бір  ғана  кескінге  ай- 

налады. Нәрсенің көлемдік қарамын 

қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып 

көрінуі  маңызды  рөл  атқарады.  Екі 

көзбен көруде түрлі заттардың тұта- 

сып  көрінуі  оның  қашықтығы  мен 

қоршауын, шамасы мен түсін, релье- 

фін  жан-жақты  қабылдауға  мүмкін- 

дік  туғызады.  Қашықтық  пен  зат- 

тардың  көлемін  қабылдауда  көздің 

конвергенциясы, яғни екі көздің кө- 

рілетін затқа бір көздей болып әрекет 

етуі қажет болады. Бұл құбылыс жа- 

қындағы нәрсені ажыратуда байқала- 

ды.  Көз  тіккен  нәрсе  неғұрлым  жа- 

қын  тұрса,  конвергенция  да  сонша 

күшті  болады  да,  көз  ішке  бұрыла 

береді.


Көздің  түрлі  қашықтықтағы  заттар- 

ды  көруге  бейімделу  қабілеттілігін 

аккомадация деп атайды. Көздің ак- 

комадациясы  хрусталь  дөңестігінің 

өзгеруіне байланысты жақын заттар- 

ды көргенде жиырылады да, алыста- 

ғы заттарға қарағанда ашыла түседі. 

Кеңістіктегі заттарды қабылдауда кө- 

ру-қозғалыс  анализаторының  мәні 

ерекше. Бір эксперименттік зерттеу- 

де  көру-қозғалыс  қабылдауы  қатыс- 

пайтын бірде-бір мектептік пән жоқ 

екендігі, шәкірттердің оқу материал- 

дарын  тиянақты  ұғынуы,  жіберген 

қателерін кезінде көре біліп, түзетуі, 

әр  пәннің  (сызу,  сурет,  еңбек  т.б.) 

өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен 

жұмыс істеуге ықпал ететіндігі жақ- 

сы  байқалған.  Қашықтықты  қабыл- 

дау  өте  күрделі  процесс.  Мәселен, 

іштен соқыр болып туған адам көзі- 

не  операция  жасағаннан  кейін  де 

қашықтықты  айыра  алмайды.  Оның 

көзіне  іліккен  нәрсенің  бәрі  бірдей, 

дәл алдында тұрғанға ұқсайды.

Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқты- 

ғып қалатындай көреді. Адам қашық- 

тықты  айыруды  да  өмір  тәжірибесі 

арқылы  үйренеді.  Мәселен,  қашық- 

тықтағы нәрсенің дәл шамасын білу 

үшін  бала  алғашқыда  сол  нәрсенің 

көрінуіне  лайықты  тиісті  қозғалыс 

жасауға  әдеттенеді.  Заттың  бізге 

немесе  басқа  нәрселерге  қарап  тұр- 

ған бет алысы  көздің торлы қабы- 

ғында сәулеленумен бірге, дене қоз- 

ғалысының жағдайына да байланыс- 

ты.  Заттың  бет  алысын  адам  тік  тұ- 

рып немесе отырып горизонталь жағ- 

дайда  ғана  жақсы  қабылдай  алады. 

Мұндайда  адам  өзінің  тұрған  жері- 

нен алдындағы бір затты нысана етіп, 

қалған  заттардың  бет  алысын  соған 

бағдарлайды.  Мәселен,  құла  түзде 

тұрып  бет  алдымыздағы  заттарды 

көрсеткенде, назарымызды бір затқа 

ғана тігіп, басқа заттарды сол заттың 

не  оң  жағында,  не  сол  жағында,  не 

бер жағында, не түбінде, не үстінде 

т.б. деп айтамыз. Кеңістіктегі заттар- 

ды қабылдауға тек көру мүшесі ғана 

қатыспайды, мұнда қозғалыс, сипай-

сезу түйсіктері де елеулі рөл атқара- 

ды.  Мәселен,  іштен  соқыр  болып 

туған  баланың,  операциядан  кейін 

көзі көрсе де, шарды жай дөңгелек- 

тен, төрт бұрышты затты үш бұрыш- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет