Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет78/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90

ТЕМП

ТЕМП

526

бөліп  көрсетуге  мүмкіншілік  берді. 

1) Лептосоматик – нәзік дене құры- 

лысымен,  биік  бойымен,  тегіс  кел- 

ген  омырауымен  сипатталады  (тар 

иықты,  қол-аяқтары  ұзын  және  жү- 

деу  келеді);  2)  Пикник  –  өте  толық 

келген,  орта  және  шағын  бойымен, 

үлкен  ішімен  және  қысқа  мойынды 

дөңгелек басымен сипатталады; 3)Ат- 

летик – күшті дамыған бұлшық еті- 

мен,  мықты  дене  бітімімен,  ұзын 

немесе  орта  бойлы,  кең  иықты,  тар 

жамбасымен ерекшеленетін адамдар; 

4) Диспластик – дене бітімі ешқандай 

түрсіз, дұрыс емес дене құрылымы- 

мен ерекшеленетін адамдар. Бұл тип- 

тегі  адамдар  дене  бітімінің  әртүрлі 

түрін  өзгерту  арқылы  сипатталады 

(Мысалы,  шамадан  тыс  бойы,  про- 

порционал  емес  дене  бітімі).  Жоға- 

рыда  аталған  дене  құрылымының 

типтерімен  қатар  Кречмер  3  темпе- 

раменттің түрін ерекше атады, оларды 

ол шизотимик, иксотимик және цик- 

лотимик.  Шизотимик  астеникалық 

дене  бітімі  бар,  ол  тұйық,  сезімнің 

өзгеруіне  бейім  келетін  қасарыспа, 

ұстанымы мен көзқарасын өзгертуге 

бейім емес, қоршаған ортаға өте қиын 

бейімделетін тип.

Бұдан  иксотимиктің  айырмашылы- 

ғы атлетикалық дене бітімімен ерек- 

шеленеді. Бұл салмақты, көңіл күйі аз 

өзгеретін, бет пішіні, дене қозғалысы 

ұстамды,  ойлаудың  икемділігімен 

ерекшеленетін  адам.  Циклотимик 

пикникалық  дене  бітімі  бар,  оның 

эмоциясы  қуаныш  пен  қайғының 

арасында, ол адамдармен жақсы қа- 

рым-қатынас  жасайды  және  мұндай 

түсінікте реалистік бағыт басым.

Шетел  психологиясында  (Кречмер, 

Шелдон) темперамент жүйке жүйесі- 

нің  жалпы  типінің  физиологиялық 

негіздеріне,  сонымен  қатар  ағзаның 

жалпы  бітіміне,  оның  сыртқы  кө- 

рінісі  болып  табылатын  денесінің 

құрылымына,  олардың  бөліктерінің 

арақатынасына  байланысты  деген 

теория кең өріс алды. Осы тұрғыдан 

алып  қарағаңда,  дененің  кұрылысы, 

темпераменттің  қасиеттері  бір  ғана 

жалпы себепке – ішкі секреция без- 

дерінің  қызметіндегі  тұқым  қуалау 

ерекшелігіне тәуелді болып табыла- 

ды. Сондықтан да осындай теориялар 

темпераменттің гармоналдік теория- 

лары  деп  аталады.  Бұл  теориялар 

темперамент  мәселелерін  біржақты 

түсіндіреді.  Гармоналдік  теориялар 

біржақты  ішкі  секреция  бездерінің 

рөлін асыра бағалайды.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің жалпы 

типін генотип деп атады, демек, тұ- 

қым қуалайтын тип жүйке жүйесінің 

типі  –  бұл  жүйке  жүйесінің  табиғи, 

туа  біткен  қасиеті,  бірақ,  өмір  және 

іс-әрекет  жағдайымен  өзгеруі  мүм- 

кін.  Жүйке  жүйесінің  типі  адамның 

мінез-құлқына  ерекшелік  береді. 

Адамның барлық келбетіне өзінше із 

қалдырады.

Темперамент  негізіне  жүйке  жүйе- 

сінің  тұқым  арқылы  берілген  типі 

жатады.  Темперамент  типінің  қа- 

лыптасуында  тұқым  қуалау  негізгі 

рөл  атқарады.  Осы  қағида  бірдей 

тұқым  қуалау  физиологиялық  қа- 

сиеттері,  темпераменттің  қасиеттері 

ұқсастықтары бір жұмыртқалы егіз- 

дерде әртүрлі жұмыртқалы егіздерге 

қарағанда  біршама  артық,  оларда 

бұл физиологиялық қасиеттер бірдей 

еместігі айқын дәлелденді. Сол сияқ- 

ты, егер әртүрлі отбасы тәрбиеге ал- 

ған бір жұмыртқалы (гомозиготтық) 

ТЕМП

ТЕМП


527

егіздердің темпераментін салыстыр- 

сақ,  сондай  заңдылық  дәлелденеді. 

Бұл егіздердің әртүрлі өмір жағдайы 

мен  тәрбиесіне  қарамастан,  темпе- 

раментінің қасиеттері бойынша олар- 

дың  арасында  көптеген  жылдар  бо- 

йы өзгешеліктер өте аз болғандығын 

көреміз.

ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ТҮЙСІКТЕР 

(термиялық)  –  бізге  жылулық  пен 

суықтықтың  түйсігін  беретін  тері 

түйсігінің  бір  түрі.  Бұл  сезгіштік 

дене  температурасын  рефлекторлық 

реттеу  үшін  үлкен  маңызға  ие.  Се- 

зім  мүшелерінің  классикалық  фи- 

зиологиясында  жылулық  пен  суық- 

тыққа  сезігіштікті  екі,  бір-бірінен 

тәуелсіз сезгіштік түрлері ретінде қа- 

растырады.  Себебі,  олардың  әрқай- 

сысында өз шеткі рецепторлық аппа- 

раты болады. Суықты түйсінудің ана- 

томиялық  аппараты  болып  Краузе, 

шақшалары,  ал  жылуды  түйсінудің 

аппараты  –  руфиндік  денешіктер 

табылады. Бірақ бұл әлі тек ғылыми 

болжам ғана. Суықтықтық нүктелерді 

адекватты  емес  тітіркендіргішпен, 

мысалы, ыстық  ұшпен тітіркендірген- 

де,  олар  суықтық  түйсінуін  береді. 

Бұл – суықтықты парадоксалды түй- 

сіну.  Термиялық  түйсіктерде  тері- 

нің әртүрлі температураларға тез бе- 

йімделгіштігі  маңызды  рөл  атқара- 

ды. Субъективті түрде нөлге тең тем- 

пература  орташа,  тері  температура- 

сына  тең  температуралар  болып  та- 

былады. Едәуір жоғары температура 

жылулықты сезінуді, ал төменгі тем- 

пература суықтықты сезінуді береді.



ТЕПЛОВ БОРИС МИХАЙЛОВИЧ 

(1896-1966)  –  орыс  психологі.  Пси- 

хология  ғылымдарының  докторы, 

КСРО Педагогикалық ғылымдар Ака- 

демиясының толық мүшесі. И.П.Пав- 

лов  ілімінің  негізінде  ол  диффе- 

ренциялық психология деп аталатын 

ілімді  құрды.  Автор  зерттеулерінде 

жалпы психология мен әлемдік пси- 

хология  тарихының  сындарлы  мә- 

селелері сөз болды. Негізгі еңбекте- 

рі: «Музыкалық қабілеттің психоло- 

гиясы» (1940), «Қолбасшының ақыл- 

парасаты»  (1943),  «Жеке-дара  ерек- 

шеліктердің  психологиялық  мәсе- 

лелері» (1961) т.б.



ТЕСТ–  ағылшын  сөзі,  қазақшала- 

ғанда  «байқау»  немесе  «сынақ»  де- 

ген мағынаны білдіреді. Бұл термин- 

ді  психологиялық  зерттеулер  тәжі- 

рибесіне  өткен  ғасырдың  аяғында 

америка  ғалымы  Дж.Кэттел  енгізді. 

А.Бине,  Т.Симонмен  бірге  балалар- 

дың  ақыл-ой  дамуы  немесе  дарын- 

дылығын анықтау үшін өзінің жүйе- 

сін жасады. Осы кезден бастап, тест 

кең көлемде таралып және тәжірибе- 

лік мәні арта түсті. 

Тест  –  бұл  күрделі  техникалық  бе- 

йімделуді қажет етпейтін, стандартқа 

және  мәліметтерді  математикалық 

өңдеуге дайын тұратын қысқа, стан- 

дартты сынақ.

Қазір  тест  әдісі  психологияда  басқа 

әдістермен қатар қолданылады. Оның 

көмегімен  белгілі  қабілеттілікті,  ет- 

пілікті,  дағдыларды  анықтауға,  же- 

ке тұлғаның кейбір сапаларын ерек- 

ше  дәл  сипаттауға,  белгілі  бір  сала- 

ға,  жұмысқа  және  мамандыққа  жа- 

рамдылық  деңгейін  анықтауға  қол- 

данылады.  Тесттің  белгілі  дәрежеде 

диагностикалық  құндылығы  –  негі- 

зіне  алынған  ғылыми  эксперимент- 



ТЕМП

ТЕСТ

528

тің  деңгейі  мен  психологиялық  дә- 

йектерге  байланысты.  Жеткіліксіз 

негізделген  жеке  тексерілген  психо- 

логиялық  тесттер  педагогикалық 

тәжірибеде  кәсіби  іріктеу,  психо- 

логиялық даму кемістігін тап басып 

айқандай алмайды.

Мектеп  оқушыларының  жетістікте- 

рін, интеллектуалдық дамуын көпте- 

ген басқа да қалыптасқан сапалары- 

ның  деңгейін  тест  арқылы  өлшеу 

оқу-тәрбие  тәжірибесінің  ажыра- 

мас бөлігі болып табылады. Тест әді- 

сі  психолгияда  да,  педагогикада  да 

кеңінен қолданылады. Кей жағдайда 

педагогикалық тестті психологиялық 

тестілеуден ажырату мүмкін емес.

Егер  тесттің  педагогикалық  астары 

туралы айтатын болсақ, ең алдымен 

үлгерім  тестін  қолдануды  көрсетуге 

болады:  оқу,  жазу,  арифметикалық 

амалдар  сияқты  қарапайым  ептілік 

тесті кең қолданылады, сонымен қа- 

тар оқыту деңгейінің диагностикасы 

үшін  барлық  оқу  пәндері  бойынша 

білім мен ептілікті меңгерудің дәре- 

жесін анықтауда әртүрлі тесттер қол- 

данылады. Тест зерттеу әдісі ретінде 

күнделікті  үлгерімді  практикалық 

тестілеумен білім деңгейін анықтап, 

оқу материалын меңгерудің сапасын 

тексереді.

Тәжірибеде  тестілік  тапсырмалар- 

дың көптеген түрлері қолданылады: 

Америка тестологиялық өндіріс сала- 

сы ерекше дамыған.

Білім  беру  және  балалар  мен  ере- 

сектердің  дамуында  жеткен  көр- 

сеткіштерді  салыстыруға  халықара- 

лық тесттер қолданылады. Адамдар- 

дың белгілі бір қызметтің түріне жа- 

рамдылығына ол емтихан болып та- 

былады.  Қазір  электронды  есептеу 

машиналарының «адам-машина» жү- 

йесінде  компьютерлік  бағдарлама- 

лар кең көлемде дамып келеді. Оқу- 

шылардың  үлгерімін  анықтау  тесті, 

адамдардың  кәсіби  жарамдылығы 

мен бейімділігін анықтайтын тест жиі 

қолданылады.

ТЕСТІЛЕР (ағылш. test – сынау, сы- 

нама)  –  жеке  тұлғаның  даралық  – 

психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ 

білімін, білігі мен машығын салғас- 

тырмалы  шамалармен  өлшеуге  ар- 

налған стандартталған тапсырмалар; 

психологиялық  диагностиканың  не- 

гізгі әдістерінің бірі.

Т. модельдік жағдайлар болып табы- 

лады,  олар  арқылы  индивидтің  тән 

сипатты  реакциялары  анықталып, 

зерделенетін  нышан  көрсеткіштері- 

нің  жиынтығы  деп  есептеледі.  Тес- 

тілерді әр түрлі негіздер бойынша са- 

ралауға болады: қолданылу мақсаты 

бойынша  –  кәсіптік  іріктеу,  емдік 

диагноз, мүдделерін анықтау; өткізі- 

лу  нысанына  қарай  –  даралық  және 

топтық; мазмұны бойынша – жалпы, 

дарындылық  тесті,  арнайы  қабілет- 

тер тесті. Вербальды және вербальды 

емес, анализдік және синтездік болып 

жіктеледі. Пайдаланылатын материал 

бойынша  бланкілік  (қарындаш  пен 

қағаз  арқылы  орындалатын),  заттық 

(белгілі бір заттармен амалдау тесті, 

мысалы,  бөлшектерден  фигуралар 

құрау),  аппаратуралық  (арнайы  тех- 

никалық  жарақтауды  талап  ететін) 

түрлері  болады.  Тапсырмаларының 

біртектілік дәрежесі бойынша Т. го- 

могендік  (тапсырмалары  біртекті) 

және гетерогендік (тапсырмалары әр 

түрлі)  болып  бөлінеді.  Психикалық 

қасиеттері  бойынша  жеке  тұлғаны 

ТЕСТ

ТЕСТ


529

тестілеу және зияттық тестілеу болып 

сараланады.

Педагогикалық  тестілеу  білім  мен 

білікті,  машықты  бағалауда  қолда- 

нылады.  Педагогикалық  практика- 

да  Т.  үлгісіндегі  диагностикалық 

тапсырмаларды алғаш рет 1864 жы- 

лы Ұлыбританияда Жд. Фишер оқу- 

шылардың  білімдерін  тексеру  үшін 

қолданды.  ХІХ  ғасырдың  аяғында 

тестологияның  негізін  салушы  деп 

саналатын  Ф.  Гальтон  адамның  да- 

ралық  ерекшеліктерін  бағалау  үшін 

Дж.  Саллимен  бірге  педагогикалық 

мақсаттарда  қолдана  бастады.  «Т.» 

терминін  алғаш  рет  америкалық 

психолог Дж. М. Кеттел енгізді (1890).

Т. дамуында 1905 жылы А.Биненің 3 

жастан  11  жасқа  дейінгі  балаларды 

зерттеу  үшін  зияттылық  шкаласын 

жасауы жаңа кезең болды. 1911 жылы 

В.Штерн  зияттылық  коэффициенті 

ұғымын  енгізді.  Бұл  коэффициентті 

өлшеу күні бүгінге дейін тестілеудің 

бір мақсаты болып келеді. АҚШ-та, 

Ұлыбританияда, Францияда Т. жоғары 

оқу  орындарына  қабылдау  кезінде, 

әскерге алынғандарды әскер түрлеріне 

бөлу  кезінде  кеңінен  қолданылады. 

Жоғары  оқу  орындарына  қабылдау 

кезінде тестілеу әдісі біздің елімізде 

де кеңінен қолданылатын болды.

ТЕСТІЛЕУ – белгілі бір мәндер шка- 

ласы  бар  стандартталған  сұрақтар 

мен есептер (тестілер) пайдаланыла- 

тын психологиялық диагностика әді- 

сі. Даралық айырмашылықтарды стан- 

дартты өлшеу үшін қолданылады. Тес- 

тілеудің негізгі үш саласы бар:

а) білім беру – оқыту мерзімінің ұза- 

руына және оқу бағдарламаларының 

күрделенуіне байланысты;

ә) кәсіби даярлық және іріктеу – өн- 

дірістің өсу қарқынының жеделдеуі- 

не және күрделенуіне байланысты;

б) психологиялық консультация – со- 

циодинамикалық  процестердің  же- 

делдеуімен байланысты. Т. индивидте 

қажетті  дағдылардың,  білім-дердің, 

тұлғалық сипаттамалардың және т.б. 

дамуының  актуальды  деңгейін  бел- 

гілі  бір  ықтималдықпен  анықтауға 

мүмкіндік береді.

Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге 

болады: 1) тестіні таңдау (тестілеудің 

мақсатымен және тестінің дұрысты- 

ғы мен сенімділік дәрежесімен анық- 

талады); 2) оны өткізу (тестіге беріл- 

ген  нұсқаумен  анықталады);  3)  нә- 

тижелерді пайымдау (тестілеудің пә- 

ніне қатысты теориялық рауалықтар 

жүйесімен анықталады). Үш кезеңнің 

үшеуінде де білікті психологтың қа- 

тысуы қажет.



ТИФЛОПСИХОЛОГИЯ  (грек. typ- 

los – соқыр және психология) – соқыр 

және нашар көретін адамдардың пси- 

хикалық дамуын, оқыту мен тәрбие- 

леу кезінде оны түзеудің жолдары мен 

әдістерін  зерттейтін  арнаулы  психо- 

логия саласы. Т. көру қабылдауының 

кемістіктерінің  есесін  басқа  анали- 

заторлардың  (есту  мен  сипап  сезу) 

есебінен  толықтыру  мүмкіндіктерін 

зерделейді,  көз  көруімен  не  нашар 

көруімен  байланысты  ақпарат  тап- 

шылығы  жағдайыңдағы  қабылдау- 

дың, жад пен ойлаудың психикалық 

ерекшеліктерін зерттейді. Т.-ның ай- 

рықша бір бөлігі соқыр, керең, мыл- 

қау адамдар психологиясын зерттей- 

ді.  Т.  мәліметтерін  пайдалану  арқы- 

лы  соқыр  және  көзі  нашар  көретін 

адамдарды  оқыту,  тәрбиелеу  және 

ТЕСТ

ТИФЛ


530

олардың  еңбек  қызметі  процестері 

ғылыми негізде құрылады.

ТОП – әртүрлі әлеуметтік жіктеліс- 

ке бөлінетін адамдар қауымдастығы- 

ның атауы нышандар атқаратын қыз- 

меттерінің сипаты, әлеуметтік не тап- 

тық  қатыстылығы, даму деңгейі және 

т.б. болуы мүмкін. Т.-ты адамдардың 

санына  байланысты  саралау:  үлкен, 

шағын, кіші топтар (диада, триада) деп 

бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы 

бойынша ресми және бейресми, өзара 

байланысының  тікелей  не  аралық 

болуына қарай нақты және шартты, 

даму  деңгейіне  қарай  даму  деңгейі 

төмен (ассоциациялар, корпорациялар, 

диффузиялық  топтар)  және  даму 

деңгейі  жоғары  топтар  (ұжымдар), 

мәнділгі  жөнінен  референтті  және 

мүшелік  топтар  болады.  Т.-тардың 

шамасы,  құрылымы  мен  құрамы 

өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің 

мақсаттары  мен  міндеттеріне  қарай 

анықталады. Т. мүшелерінің бірлескен 

қызметінің мазмұны топ ішіндегі ди- 

намиканың  барлық  үрдістеріне  се- 

бепкер  болады,  бұлар:  тұлғааралық 

қатынастардың дамуы, серіктестері- 

нің бір-бірін қабылдауы, топтық нор- 

малар  мен  құндылықтардың,  ынты- 

мақтастық  және  өзара  жауаптылық 

нысандарының  қалыптасуы.  Өз  ке- 

зегінде топта қалыптасқан қатынас- 

тар  топтық  іс-әрекеттердің  нәти- 

желілігіне әсер етеді.

Т.-тар,  әдетте,  әлеуметтік-психоло- 

гиялық  зерттеулердің  объектісі  бо- 

лады. Бұл орайда, Т. ішінде дамитын 

үрдістерде,  сондай-ақ  іс-әрекеттің 

тұтас субъектісі ретінде басқа Т.-тар- 

мен  өзара  әрекеттестік  үрдісінде 

әлеуметтік  қатынастар  жүйесіне 

қамтылған  Т.-тың  өзі  де  зерттеледі. 

Әлеуметтік  Т.;  бір  топ  оқушы;  Топ- 

талып оқу. Т. белгілі біріккен іс-әре- 

кеттерімен  сипатталатын  адамдар 

жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық 

қасиеттеріне  қарай  топтарды  келесі 

түрлерге бөлуге болады: санына, бай- 

ланысына,  ұйымшылдығына,  ынты- 

мақтастығына, тұрақтылығына, тұл- 

ға үшін маңыздылығына т.с.с. 1. Са- 

нына байланысты үлкен топтар (ұлт- 

тар,  партиялар,  таптар),  шағын  топ- 

тар (отбасы, ұшақ экипажы). 2. Бай- 

ланысына  қарай  алғашқы  шынайы 

(сынып,  студенттік  топ,  өндірістік 

бригада),  соңғы  жағдайға  немесе 

шартқа байланысты (университеттің 

студенттері, қаладағы немесе аудан- 

дағы мектепті бітірушілер, қаладағы 

зейнеткерлер); 3. Ұйымшыл-дығына 

қарай:  ұйымдасқан,  ресми  (сынып, 

студенттік  топ),  ұйымдаспаған  бей- 

ресми (көпшілік, жиын, жұрт). 4. Ын- 

тымақтастығына қарай  ынтымақты 

жоғары  дамыған  (студенттік  топ, 

өңдірістік бригада), ынтымақсыз тө- 

мен  дамыған  (бірінші  сынып  оқу- 

шылары).  5.  Тұрақтылығына  қарай 



тұрақты  (ұлт,  отбасы),  тұрақты 

емес (мерзімдік, уақытша бригадалар). 

6. Тұлғаға маңыздылығына байланыс- 

ты эталонды, референтті (шынайы 

немесе  үлгі  болатын  қиялдағы  топ), 

топтар.  Қоғамның  дамуына  байла- 

нысты  прогрессивті  (ұжым),  рег- 



рессивті.  Іс-әрекеттің  түріне  қарай 

ойын,  оқу,  еңбек  топтары.  Топтағы 

тұлғааралық қатынасты социометрия 

әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген 

Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі 

түрлі: іскерлік (ресми) және жеке (бей- 

ресми)  қатынаста  болады.  Біріншісі 

топтың бүкіл құрамымен бірге құжат- 



ТОП

ТОП

531

қа түсірілу, ал, екіншісі ұнату, жақсы 

көру,  достық,  жолдастық,  жек  көру, 

жауласу т.б. себептер негізінде пайда 

болады.  Іскерлік  қатынастарға  шек 

қоюға  болады,  ал  жеке  қатынасқа 

шек қою мүмкін емес. Іскерлік және 

жеке қатынастар тұлғааралық қатынас 

жүйесін  құрайды.  Тұлғааралық  қа- 

тынасын  зерттеген  кезде  бақылау, 

эксперимент, әртүрлі әңгімелесу әдіс- 

тері пайдаланылады.

Мұндай әдістердің бірі – таңдау бо- 

лып  саналады.  Бұл  әдісті  тұңғыш 

ұсынған американ психологі Дж. Мо- 

рено. Бұл өз бетінше объективті әдіс 

және оны әлеуметтік психологияның 

басқа әдістерімен бірге тұлғааралық 

қатынасты зерттеген кезде қолдануға 

болады. Т. – жалпы белгілердің негізін 

(мақсат,  іс-әрекет  түрі,  әлеуметтік 

деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны 

және т.с.с.) құрастырған адамдардың 

әлеуметтік жиынтығы.

Т. – жалпы белгілердің негізін (мақ- 

сат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, 

жас  ерекшелігі,  адамдар  саны  және 

т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеу- 

меттік жиынтығы.

ТОПТЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ – 

топтың барлық мүшелері үшін ортақ 

міндетті  орындау  кезінде  өзара  ақ- 

парат алмасу жағдайында топ жүзеге 

асыратын баламалардың бірін таңдау. 

Топ  болып  шешім  қабылдау  рәсімі 

топтық  пікірталастағыдан  өзгеше 

болады,  топ  мүшелері  пікірлерінің 

міндетті түрдс үйлестірілуін көздейді, 

ал топтық пікірталас болса, ол, әдет- 

те,  топ  болып  шешім  қабылдаудың 

алдындағы  кезең  деп  қарастырыла- 

ды.  Жекелеген  жағдайларда  топ  бо- 

лып  шешім  қабылдау  ақпарат  ал- 

масудың  шектелу  жағдайында,  топ 

мүшелері өздерінің әуел бастағы ше- 

шімдері туралы хабарлай ғана алатын 

кезде пайдаланылады.

Топ  болып  шешім  қабылдауды  қа- 

тысушылардың  өзара  әрекет-тес- 

тігінсіз  индивидуумдық  шешімдер- 

ден топтық шешімдерге өтуден ажы- 

рата білу керек. Т.ш.қ. процесін экс- 

перименттік  зерттеуді  К.Левин  бас- 

тап,  топтық  пікірталастың  қабыл- 

данатын  шешімдердің  сипатына 

ықпалын қарастырды. Осы бағыттың 

шеңберінде  тәуекелге  және  топтық 

қарама-қарсылыққа  қарай  ойысу 

феномендері  анықталып,  мұның  өзі 

топтық шешімдерді индивидуумдық 

шешімдердің  жиынтығына  саюға 

болмайтынын, топтық шешімдер топ- 

тық өзара әрекеттестіктің тән сипатты 

өнімі болып табылатынын көрсетті.

Индивидуумдық  шешімдермен  са- 

лыстырғанда  топтық  шешімдердің 

сапасы  неғұрлым  жоғары  болатыны 

дәлелденген. Осының өзінде пікірта- 

лас процесінде топтық шешімдердің 

сапасын  төмендететін  қайсыбір  де- 

формациялар болуы мүмкін екендігі 

(атап айтқанда, тәуекелге қарай ойысу) 

көрсетіледі.  Индивидуумдық  және 

топ  болып  қабылданған  шешімдер- 

дің салыстырмалы құндылығы тура- 

лы  мәселені  зерттеу  кезінде  батыс 

елдерінің психологиясы топтық даму 

деңгейін  ілікке  алмайды,  ал  топ  бо- 

лып  шешім  қабылдау  саласындағы 

әралуан  зерттеулердің  нәтижелерін 

бағалау  және  талдау  кезінде  оның 

есепке алынуы қажет.

ТОПТЫҚ  ЫҚПАЛДАСТЫҚ  – 

топішілік қатынас бірлігі, ортақ құн- 

дылықтар, өзара қарым-қатынастарды 

ТОПТ

ТОПТ


532

тиімділеу мәселелерін реттеу, құры- 

лымдау процесі. Балалар ұжымында 

Т.ы. қоғамдық пікір мен ішкі ұжым- 

дық  адами  қатынастар  көріне  бас- 

таған  кезден  бастап  пайда  болды. 

Топтық  динамика  әлеуметтік  пси- 

хологиядағы  зерттеу  бағыттылығы: 

әртүрлі  топтардағы  пайда  болу, 

функционалдығы  және  даму  үрдіс- 

тері. Топтық іс-әрекет – адамдардың 

іс-әрекетіне, топқа кіретін әлеуметтік 

және  әлеуметтік-психологиялық  фе- 

номен, қарым-қатынас нәтижесі. Топ- 

тық іс-әрекет мақсатына қарай: ұжым- 

дық әрекет, біріккен әрекет, бірге жа- 

салған және бірмезгілдік әрекет деп 

бөлінеді.



ТОРАЙҒЫРОВ  СҰЛТАНМАХМҰТ 

(1893-1920). XX ғасырдың  басында 

өмір  сүрген  қазақтың  аса  талантты 

демократ  ақыны  Сұлтанмахмұт  То- 

райғыровтың  психологиялық  пікір- 

лерінің  негізгі  желісі  Қазан  төңке- 

рісі алдындағы дала өміріндегі дүр- 

белеңмен сабақтасып отыратындығы 

белгілі.  Сондықтан  да  оның  пәл- 

сапасынан  қоғамдағы  өзгеріс,  жаңа 

заманның  лебі  жақсы  байқалады. 

Мәселен, оның таным жайлы пікірі- 

нің негізгі түйіні: бізді қоршап тұрған 

сыртқы дүниенің ұшы қиыры жоқ, ол 

сансыз атомдардан тұрады, жан тән- 

нің  өзіндік  заңдылықтарына  орай 

көрініп  отырады  деуі  –  ғылыми  тұ- 

жырымның жақсы айғағы.

«Ойласам  дүниеде  қанша  жан  бар, 

Адам бар, ағаш бар, мал мен аң бар. 

Жанды,  жансыз  нәрсенің  бәрі  дағы, 

Әр  себептің  жемісі  байқасаңдар. 

Қасқыр  болмақ,  құс  болып,  ұшып 

қонбақ,  Сол  болғандар,  болмаған 

өздігінен, Болғызған еріксіз бір себеп 

қолдап»..

С.Торайғыровтың  пікірінше,  адам 

табиғаттың  туындысы.  Ондағы  се- 

бептіліктің жемісі. Ол дүниенің сыр- 

ларын  біртіндеп  ашып,  оны  шама-

шарқынша өзгертіп отыратын белсен- 

ді  тұлға.  Адам  сыртқы  дүниемен 

байланыса отыра, оны біртіндеп та- 

ни  береді,  сөйтіп  өзінің  ақыл-ойын 

дамытады, оның ешбір рухани қасие- 

ті тумысынан пайда болмаған. Ақын 

бізді қоршап тұрған дүние сыры мол, 

бірақ  оны  тануға  әбден  болады  дей 

келіп, мұнда ғылымның алатын орны 

ерекше  екендігін  былайша  түйеді: 

«Зерттесе  де  адамға  білмейтін  ғып, 

Дүние  ешбір  сырын  жасырмаған... 

Әлемдегі терең сыр, Ғылыммен ғана 

ашылмақ...

Дүние,  табиғат,  тіршілік  жөнінде 

осындай  ғылыми  жаратылыстық  пі- 

кір  айтқан  ойшыл  ақын  айналада 

болып жатқан дүбірлі өзгерістер мен 

оқиғалардың шығу себебін, олардың 

түпкі  негізінің  неде  жатқандығын, 

қозғаушы күштері кімдер екенін ажы- 

рата алмай, бұлардың басты себебін 

адамның  ақылы  мен  ой-санасынан 

іздейді.

С.Торайғыров қазақтың ұлы ойшыл- 

дары  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин, 

А.Құнанбаев шығармаларындағы сан 

тарапты  озық  та  өнегелі  идеяларды 

әрмен қарай дамыта түсіп, қазақтың 

қоғамдық ой-пікірінің дамуына елеу- 

лі үлес қосты. Ол, әсіресе, қазақ зия- 

лыларының  педагогика  және  пси- 

хология  мәселелері  жайлы  айтқан 

салиқалы  пікірлерін  ғылыми  жағы- 

нан ширата түсті. Мәселен, ол кезін- 

де  Абай  қолданған  психологиялық 

ұғымдарды  (арман,  көңіл,  ой,  ерік, 

жігер, қайрат, т.б.) онан сайын сапалай 

түсіп,  мәнін  айқындап  түсіндіріп 

береді.  Әрине,  Сұлтанмахмұт  шы- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет