Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет84/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90

ҰНАТПАУШЫЛЫҚ – қандай да бір 

адамға  немесе  затқа  жеккөрушілік, 

ұнатпай  қабылдамаушылық  сияқты 

эмоциялық қатынас: адамның қандай 

да бір қасиетін, талғамын немесе да-

уысын және т.б. жақтырмау. Саналы 

немесе санасыз түрде болуы мүмкін. 

Басқа  біреуді  жеккөрушілік  сезімі 

принципиалды,  мысалы,  дүниета- 

нымдық келіспеушіліктен, сондай-ақ 

басқа  адамдардың  сыртқы  әлпетін, 

мінез-құлық  мәнерін,  қылықтарын 

қабылдау  негізінде  де  тууы  мүмкін. 

Басқа  адамның  өмір  кейпін  түсіну, 

оның  іс-әрекеті  мен  тұлғасының 

маңыздылығын  білу  Ұ.-тың  тууын 

болдырмауы  мүмкін.  Ұ.  ұнатушы- 

лықка қарама-қарсы өзара түсіністік 

пен ынтымақтастық процесін қиын- 

ҰНАТ

ҰНАТ


567

датады,  ұжымдық  өзара  әрекеттес- 

тікке кері әсер етеді. Мысалы, әсіре- 

се мұғалімнің Ұ. немесе симпатиясы 

оның іс-әрекетіне, талапшылдығына, 

оқушыларға  объективік  қатынасына 

және  олардың  үлгерімін  бағалауға 

ешбір әсер етпеуі қажет. Осы ұғым- 

ның  жағымды  сипаты  ретінде  ұна- 

тушылық, біреуді ұнату деген ұғым- 

ды да есте ұстауымыз қажет. Ұнату – 

бұл  адамның  басқа  кісілерге,  не 

әлеуметтік  құбылыстарға  орнықты 

эмоциялық  қатынас  жасау,  жарқын 

жүзбен, тілектестікпен, қарым-қатынас 

жасауға  ілтипат  білдіріп,  адам  бір-

біріне  көмектсеуге  дайын  тұрудан, 

яғни ізгі ниеттерден көрінеді. Әдетте, 

көзқарастардың,  ортақ  мүдделері 

мен  адамгершілік  мұраттардың  ұқ- 

састығынан  туындайды.  Бұл  жайт 

адамның  сыртқы  сымбаттылығына, 

жарасымды  жүріс-тұрысына,  жа- 

ғымды  мінезіне  ұната  қараушылық- 

тан да пайда болуы мүмкін. Ұ.-дың 

кейде  жай  іштей  құштарлыққа  ұла- 

суымен  қатар  адамның  бір-бірінен 

суынып кетуі де, тіпті жек көрушілікке 

айналуы да мүмкін. Ұ. тұлғааралық 

қарым-қатынастарда  адам  интег-

рациясы  оның  психологиялық  ин- 

теграциясының  сақталуының  басты 

факторы болып саналады.

ҰСТАМДЫЛЫҚ  –  адамның  бо- 

йындағы  жағымды  қасиет:  өз  тәрті- 

бін  қадағалай  білу,  қызбалығы  мен 

үстірт  әрекетін  тежей  алу,  оларды 

қолданыстағы  тәртіп  нормалары 

мен  ережелеріне  бағындыру.  Ұ.  қа- 

сиеттерін  тәрбиелеуде  балаларды 

мектепте  қолданыста  жүрген  білім 

беру  ұйымдарының  жарғысымен, 

оқушылар тәртібінің ережесімен та- 

ныстыру,  өз  әрекетін  қабылданған 

тәртіп нормаларымен салыстырудың 

тұрақты жаттығулары қолданылады, 

олар  балаға  және  оның  ортасына 

кері  ықпал  ететін  әрекеттерден  сақ- 

тандырады. Ұстаным – адамның өмір- 

лік  іс-тәжірибесінен  қалыптасқан, 

оның өзіндік дүниетанымы мен пікі- 

рін білдіретін, белгілі бір жақтайтын 

көзқарасы.



ҰСТА

ҰСТА

568

ҮЙРЕНУ – адамның белгілі бір бі- 

лім  жүйелерін,  тиісті  қимыл-қоз- 

ғалыстар  мен  амалдарды  меңгере 

алуы. Адамның негізгі үйренетін нәр- 

сесінің бірі – білім. Үйренудің адам 

және  жануарларға  ортақ  негізгі  үш 

түрі бар; сенсор, мотор, сенсо-мотор. 

Адамға  тән  үйренудің  түрін  когни-

тивтік үйрену деп атайды. Сенсорлық 

үйрену арқылы – білім, моторлық үй- 

ренумен – дағды қалыптасады. Бірне-

ше  үйренудің  қиысуы,  мақсатқа  сай 

әрекет ету, ойлаудың жоғарғы түрінің 

қалыптасуына мүмкіндік береді. Ү.-

лер  –  адамның  білімді,  үйренулер 

мен  дағдыны  меңгеру  үрдісі  және 

нәтижесі.

ҮЙРЕНШІКТІ  зЕЙІН  –  зейіннің 

ерекше  түрі;  қажетті  әрі  құңды  бо- 

лып саналатын объектіге адам сана- 

сының  шоғырлануы.  Ол  қызығу  не-

гізінде қалыптасады. Ү.з. ырықты зе- 

йіннен  дамып  қалыптасады.  Бірақ 

бұл  нәрсенің  қасиетіне  емес,  адам- 

ның  тіршілік  мақсатына,  мүдделі 

әрекетіне  байланысты.  Зейіннің  қай 

түрі  болсын,  іс-әрекеттен  нәтиже 

шығаруға  бағытталады.  Егер  адам 

жұмысты  өздігінен  беріліп  істесе, 

ырықсыз  зейіні  көрінеді.  Бірақ  ұзақ 

жұмысты тікелей қызығып істей бе- 

ру  де  оңай  емес.  Мұндай  жағдайда 

ырықты зейінге орын беріледі. Адам-

дар жұмыс істегенде зейіннің ырық- 

ты және ырықсыз түрлерін қарасты- 

ра отырып, үйреншікті зейін жұмыл- 

дыруды әдетке айналдыруы қажет.



ҮЛКЕН ТОП – қандай да бір абст- 

ракцияланған  әлеуметтік-демогра- 

фиялық белгіге (жынысы, жасы, ұл- 

ты,  кәсіптік  бағдарлығы,  әлеуметтік 

немесе экономикалық жағдайларына 

және  т.б.)  негізделе  және  сандық 

құрамы үлкен адамдардың әлеуметтік 

бірлестігі.  Психология  ғылымында 

топтың,  адамдардың  санына  байла-

нысты түрі ретінде қарастырылады.



ҮМБЕТЕЙ  ЖЫРАУ  (1706-1778)  – 

Қазіргі  Ақмола  облысының  Ерей- 

ментау  ауданында  туған.  Әйгілі  Бө- 

генбай батырдың сенімді серігі. Жа- 

лынды  жорық  жырауы.  Өз  толғау- 

ларында әр түрлі адамгершілік мәсе- 

лелерін  қозғаумен  қатар  Бөгенбай- 

дың ерлік істерін, ел-жұртын жаудан 

қорғауда  көрсеткен  көзсіз  батырлы- 

ғын жұртқа үлгі ретінде насихаттай- 

ды. Абылай хан туралы толғауларын- 

да Жоңғар (қалмақ) басқыншылары- 

на қарсы күрестің шиеленіскен тұс- 

тары жақсы сипатталған. Жырау шы- 

ғармаларында  философиялық,  пси- 

хологиялық  тұжырымдар жиі кезде-

седі.

ҮНСІз СөЙЛЕУ – сөйлеу әрекетінің 

ерекше  түрі.  Ү.  с.-ді  кейде  іштей 



ҮЙРЕ

ҮНСІ

569

сөйлеу дейді. Ү.с. -де адамның ойы-

мен  білдірмек  болған  пікірі  дыбыс- 

сыз  айтылады.  Іштей  сөйлеуде  сөй- 

лемнің  баяндауышы  не  бастауышы 

айтылады да, ой жүйесі үзілді-кесіл- 

ді  сипатта  болады.  Қарым-қатынас 

жасауда  дауыстап  сөйлеу  адамның 

ойлау құралы қызметін атқарады да, 

ол өзінің іс-әрекетін реттейді.



ҮРЕЙ  (грек.  рanihoп  –  қорқыныш 

сезімін туғызатын ежелгі грек құда- 

йы  атынан  шыққан)  –  жалған  неме- 

се шындық қауіптерден жаппай үрей- 

лену.  Ү.  моральдық  -психикалық 

көңіл күйдің, рух күшінің төмендеуі, 

қабылдаудың бәсеңдеуі, еліктеу, рет-

сіз  қозғалыс,  илану  механизмдері- 

нің  белсенді  әрекеттерінің  күшеюі. 

Үрейленушілік – арнайы әлеуметтік 

жағдайларда  мазасыздану  және 

үрейленуден,  адамның  қатты  әсер- 

ленгіштігінің  нәтижесінде  болатын 

толғаныстар.



ФАКТОРЛЫҚ ТАЛДАУ (лат. factor – 

өндіруші және грек.  analysis – ыды- 

рау,  бөлшектеу)  –  адамның  зиятты- 

лығын  зерттеуге  арналған  психоло- 

гиялық әдістің бірі. Бұл адамның ой-

санасы,  мінез-құлқы,  сезімталдығы, 

жалпы және ерекше қабілеттілігі, т.б. 

туралы  жасалған  факторлық  кесте 

деректерін  салыстырып,  бір-бірімен 

байланыстыра  талдауда  қолданыла- 

ды. Ф.т. психологиялық әдіс ретінде 

XX ғасырдың бас кезінен бастап да- 

ми бастады. Ф. т.-дың алғашқы сұл- 

басын 1904 ж. Чарльз Спирмен кұр- 

ды. Осы әдіс арқылы адам зияттылы- 

ғын  зерттеуге  болады.  Орыс  психо-

логі Б.М.Теплов Ф.т. әдісін жоғарғы 

жүйке  жүйесі  қызметінің  және  ес 

құрылымын  зерттеуге  пайдаланған. 

Фактор  (лат.  factor  –  жасаушы,  өн- 

діруші) – қандай да бір процестің, құ- 

былыстың қозғаушы күші. .



ФАНАТИзМ  (лат.  fanaticus  –  құр- 

бандық) – индивидтің белгілі бір се- 

німдерге  деген,  басқа  ешқандай  ба-

ламаны  қабылдамайтындай  болып 

қалтқысыз берілгендігі: бұл оның іс-

әрекетінде және басқалармен қарым-



ҮРЕЙ

ФАНА

570

қатынасынан айқын көрінеді. Ф. сол 

жолда  құрбан  болуға  дайындықпен 

астасады;  идеяға  берілгендік  басқа 

пікірдегілерге төзбеушілікпен қарау- 

мен,  ортақ  мақсатқа  жетуге  кедергі 

болатын әдеп нормативтерін елемеу- 

шілікпен ұштасады. Ф. – топтың пси- 

хологиялық феномені. Бір-біріне тән- 

ті болудан қолдау табатын фанатик- 

тер үшін көтеріңкі эмоциялық, өзде- 

рінің  көзқарастарын қуаттайтын кез 

келген ақпаратқа талғамай қараушы- 

лық,  тіпті  тілектестік  тұрғысыдағы 

сынның өзін қабылдамаушылық тән. 

Ф. екінің бірінде идеологиялық (со- 

ның ішінде діни) сипатта болады.

ФАНТАзИЯ – 1) елестетудің сино- 

нимі;  2)  елестетудің  өнімі,  Ф.  сана- 

да бейнеленген болмыстың өңін өз- 

гертеді, оған болмыстың элементте- 

рін  транспозициялау  (орындарын 

ауыстыру) тән. Ф. Бұған дейін белгі- 

лі  фактілерге  қатысты  жаңа  көзқа- 

рас  тұрғысын  табуға  мүмкіндік  бе-

реді,  осы  себепті  оның  көркемдік 

және ғылыми-танымдық құндылығы 

орасан  зор.  Қиялдаудан  туындаған 

шығармашылық  белсенділік  едәуір 

шамада ішкі ниеттерге, жекелей да- 

рындылыққа  және  адамның  қызме- 

ті  үрдісінде  қалыптасатын  даралық 

тәжірибесіне  байланысты.  Ф.  ұғы- 

нушылық  қарқындылығы  құлдыра- 

ған  кезде  пайда  болады;  мұның  нә- 

тижесінде оны ұғынылмағаннан бө- 

ліп  тұратын  бөгет  өткізгіш  бола 

бастайды  (түс,  қажу,  сандырақ); 

3)  дәл  сол  мезетте  жоқ  объектіні, 

символды  немесе  оқиғаны  елестету 

психикалық  үрдісін  белгілеу  үшін 

қолданылатын термин. Негізінде Ф. 

қалыпты құбылыс болып саналады.

Тіпті индивидтің психологиялық тұ- 

рақтылығы мен денсаулығының көр- 

сеткіші болып есептеледі. Фантазия- 

ның  белсенді  түріне  іске  аспайтын 

ғылыми  жобалар  және  т.б.  жатады. 

Ф.  арқылы  адамның  есіне  сақтаған 

қабылдау,  елес  бейнелері  кайтадан 

өңделіп,  сұрыпталып,  жаңартылып, 

солардың  негізінде  мида  жаңа  бей-

нелер жасалады. Ф. тек адамға ғана 

тән  психикалық  үрдіс.  «Фантазия» 

реалдық  өмірмен  қатынасы  аз  қиял 

деп түсінілгенмен, көптеген жағдай- 

да қиялды фантазия деп те атайды.



ФАНТОМДЫҚ  БҰзЫЛУЛАР 

(франц. fantоте – елес ) – жоқ дене 

мүшесі  жағынан  болатын  жалған 

түсінулер (ауру, қышу, анемия, сіңірі 

тартылып қалу және т.б.). Ф. б. айық- 

пас ауыр сипатта болуы мүмкін. Жоқ 

мүше не оның бір бөлігі әбден нақ- 

ты түйсінілуі мүмкін. Қайсыбір жағ- 

дайда  науқастың  кескенге  дейінгі 

болған ауру сезімдерінің қайта жаң- 

ғыруы ықтимал. Ф. б.-ға жүйке тал- 

шықтары қиылған жерде тыртықтан- 

ған  тінде  орналасқан  өскіндер,  қа- 

быну  ошақтары,  қан  айналысының 

бұзылулары, сондай-ақ өзгерген жүй- 

ке  талшықтарының  механикалық 

жарақаттануы себеп болады. Ф. б.-дың 

қалыптасуында индивидтің өз денесі 

туралы  даму  процесінде  тіркелген 

түсінігінің елеулі рөлі бар.



ФАСИЛИТАЦИЯ ( ағылш. facilita- 

te – себепші болу, жеңілдету, көмек- 

тесу) – басқа адамның белсенді қаты- 

суымен бір адамның немесе топтың 

іс-әрекетін жеңілдету процесі. Ф.-ға 

қарама-қарсы  ұғым  –  интибиция. 

Ф.  еріксіз  кездейсоқ  және  арнайы 



ФАНТ

ФАСИ

571

ерікті  болуы  мүмкін.  Егер  оларды 

бала қабылдаса, балаға қатысты фа-

силитатор  рөлінде  ересек  адамдар 

болуы мүмкін. Ал қабылданбаса, олар 

ингибитор  рөлін  атқарады.  Ф.  про-

цесі феномен топтарға психотерапия 

және психологиялық жәрдем ретінде 

пайдаланылады.  Бұл  жерде  фасили-

татор жетекші функциясын атқарып, 

емделушілерге  көмек  көрсетеді.  Ф. 

дағдылары  практикалық  психолог, 

психотерапевт, психиатрдың міндетті 

түрде белгіленген дағдылары болуы 

тиіс.

ФЕНОМЕНОЛОГИЯЛЫҚ    ПСИ-

ХОЛОГИЯ – шетелдік психология- 

ның бір бағыты. Ф. п. фрейдизм және 

бихевиоризмге қарсы «үшінші күш» 

деп жарияланды. Ф. п. тұлғаның мі- 

нез-құлқына,  жағдаяттарды  қабыл- 

даудың нәтижесі ретінде қарастыра- 

ды, адамды адамға тән жоғары өзге- 

шелік көріністерде зерттейді.



ФЕНОТИП (грек. phaino – байқай- 

мын  және  typos  –  таңба,  нысан,  үл- 

гі) – организмнің бақылауға келетін 

кез  келген  морфологиялық,  физика- 

лық,  мінез-құлықтық  нышаны.  Тер-

минді  1909  жылы  даниялық  биолог 

В.  Иогансен  ұсынған.  Ф.  генотип 

пен  ортаның  өзара  әрекеттестігінің 

өнімі  болып  табылады;  алайда 

ұйымдасуының  әр  түрлі  деңгейінде 

(клеткалық,  органдық,  организмдік) 

Ф.  пен  генотиптің  арақатынасы  әр 

түрлі. Адамның әлеуметтік сипатта-

маларында жиынтығы Ф. терминімен 

белгіленбейді.

ФИзИОГНОМИКА – өткен ғасыр- 

дың  20-жылдарында  ғылыми  білім-

дерде өріс алған адамтану ғылымы- 

ның  практикалық  мәні  бар  саласы. 

Ф. Адамның сыртқы табиғи қимыл-

қозғалыстарына тұлғаның жеке ере-

кшелігін,  мінезін  адамның  сыртқы 

келбетімен  байланыстыра  зерттей-

тін  сала.  Ол  сол  кездері  хироман-

тия,  френология,  графология  ілім-

дерімен  сабақтастыра  баяндалатын. 

Қазақ  топырағында  бұл  мәселені 

Ж.Аймауытов  өзінің  «Психология» 

кітабында  тұңғыш  көтерген  еді. 

Адамның өмірінде әртүрлі ырықсыз, 

ырықты  қозғалыстардың  алатын 

орны зор. Мұндай қозғалыстар жүріс-

тұрыстан, бет құбылыстарынан (ми-

мика,  пантомимика,  әртүрлі  дене 

қозғалысы)  ерекше  көрініс  табады. 

Мәселен,  тек  қана  бет  пен  көздің 

өзінде  оның  сан  алуан  көріністерін 

жиі байқауға болады.

Ә.Болғанбаевтың  «Синонимдер  сөз- 

дігінде» (Алматы, 1965) бет пен көз- 

дің  әрқайсысының  40-тан  астам  си-

нонимдері  тіркелген.  Орыстың  ұлы 

жазушысы  Л.Н.Толстой  өзінің  «Со- 

ғыс және бейбітшілік» атты романын-

да  өз  кейіпкерінің  көз,  ауыз,  беттің 

әртүрлі  жықпылдары,  қас,  кірпік, 

шықшыт  т.б.  98  түрін  өз  кейіпкері- 

нің (Наташа Ростова, Пьер Безруков 

т.б.) психологиясын көрсетуге шебер 

қолданғанын  ұлы  жазушыны  зерт- 

теушілер ерекше атап өтеді.



ФИзИОЛОГИЯЛЫҚ  ПСИХОЛО-

ГИЯ  –  физиологиялық  және  нев- 

рологиялық процестерге негізделген 

психологиялық  құбылыстарды  си-

паттап  түсіндіруге  бағдарланған 

психология  саласы.  Оның  пәндері 

мен  әдістерінің  көпшілігі  биология-

мен және физиологиямен ортақ. Бұл 

ФЕНО

ФИзИ


572

саланы белгілеу үшін азды-көпті дәл 

бірқатар  синонимдер,  оның  ішінде 

биологиялық психология, биопсихо-

логия, психобиология және психофи-

зиология  терминдері  қолданылады. 

Ф.п.  XIX  ғасырдың  соңында  пайда 

болды. Бұл терминді В.Вундт экспери-

менттік психологияны белгілеу үшін 

енгізген. Ф.п.-ны В. Вундт дуализмдік 

тұрғыдан  талқылады.  Ол  Ф.п.-ны 

қозғалыс  реакциясымен,  қарапайым 

сезімдермен, түсініктермен шектеді. 

Ф.п.-да  сезім  мүшелері  мен  жүйке 

жүйесінің физиологиясынан алынған 

зерттеу нәтижелері мен әдістері қол- 

данылады.

ФИЛОГЕНЕз  (грек.  рhylon  –  түр, 

туыс және genesis – шығу тегі) – ор- 

ганизмдер  топтарының  тарихи  тұр- 

ғыдан  қалыптасуы;  организмнің  та- 

рихи дамуы немесе органикалық дү- 

ниенің әртүрлі тип, класс, отряд, туыс 

және  түрлердің  эволюциясы.  Жеке-

дара даму – онтогенез бен тарихи да- 

му – филогенез тірі табиғаттың бір- 

тұтас дамуының ажырамас қырлары 

болып  саналады  және  бір-біріне  өз- 

ара әсер етеді. Филогения – организм- 

нің тарихи дамуы. Ф.терминін 1866 ж. 

неміс биологі Э. Геккель (1834–1919) 

ұсынады.  Ф.  процесін  және  оның 

заңдылықтарын  филогенетика  зерт-

тейді. Ф.-дік зерттеулердің мақсаты – 

жануарлардың,  өсімдіктердің,  мик- 

роорганизмдердің  эволюциялық  өз- 

герістері негізінде олардың тегін және 

организмдер  арасындағы  туыстық 

байланыстарды  анықтау.  Ағылшын 

эволюцияшысы В. Гарстанг филоге-

незді ұрпақтан-ұрпақка өтетін онто- 

генез  деген  пікір  ашты.  Бұл  пікірді 

орыс биологі И. И. Шмальгаузен (1884- 

1963) дамытып, филогенезді онтоге- 

нездің белгілі қатары деп атады.



ФЛЕГМАТИК  (сылбыр,  керенау 

кісі).  Ф.  темпераменті  көңіл  күйдің 

салқындығымен сипатталады;  флег-

матикті  өзі  үшін  байсалды  кәдуілгі 

күйде шығарып әкету оңайға түспей- 

ді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сыл- 

быр,  оның  мимикасы  онша  айқын 

емес, қимылдары сараң. Ф. эмоциялық 

қозуы  әлсіз  болады,  қызуланып  же- 

лікпейді, елеуреп ашуланбайды көңіл 

күйлері байсалды, орнықты қалпында 

ұзақ  сақталады,  баяу  өзгереді,  жар- 

қырап  қуануы  да,  жабырқап  қайғы- 

руы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, 

керенау қимылдайды, сезім күйлерін, 

дене  қимылдарын  білдіріп  тұрмай- 

ды,  мимикасы,  өзге  қимылдары  мә- 

нерсіз.  Бірсарынды  монотонды  сөй- 

лейді. Кісімен араласып жақындасуда 

мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып 

барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, 

тиянақты  орындайды,  бастаған  ісін 

қадағалап  істейді,  аяқтап  шығады. 

Ф. байсалды, баяу, орнықты болады. 

Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, 

соқтығыспайды. Біреу жанжалға ша- 

қырса, есебін тауып жалтарып кетеді, 

тыныштықты  жақсы  көреді.  Көңіл 

көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен 

кісіге міндет артып өкпелемейді.



ФОБИЯЛАР  (грек.  phobos  –  қор- 

қыныш) – субъектіні белгілі бір жағ- 

дайда кісіні билеп алатын вегетация- 

лық (жүрек дүрсілі, ағыл-тегіл терлеу 

және т.б) нақты мазмұндағы барабар 

емес  жабыспа  қорқыныш  сезімдері. 

Ф.-лар невроз көп жағдайда, психоз-

дар мен мидың органикалық ақаула- 

ры кезінде пайда болады. Невроздық 

ФИЛО

ФОБИ


573

фобиялар  кезінде  ауру  кісі,  әдетте, 

өз қорқынышына пәлендей негіз жоқ 

екенін түсіне бастап, оларға субъек- 

тивтік кінәраттар ретінде қарай бас-

тайды.  Ф.-дың:  мозофобия  (аурудан 

қорқу)  –  канцерофобия,  кардиофо-

бия, сотцо-фобиялар (жұрт алдында 

орынсыз қызарып кетуден қорқу жә- 

не  т.б),  оңашалау  үй-жайда  болудан 

қорқу  және  т.б.  түрлері  бар.  Егер 

емделуші өз қорқыныштарының не- 

гізсіздігін, ақылға салып, анық ұғын- 

байтын болса, онда мұның өзі пато- 

логиялық күмәнданушылық, яғни қа- 

уіп, сандырақтау жағдайына ұласуы 

мүмкін.  Білікті  психотерапевтік  ша-

ралар арқылы мұндай кінәраттардан 

көбіне арылуға болады.

ФОНЕМАТИКАЛЫҚ  ЕСТУ  – 

адамның  сөздік  дыбыстарды  талдау 

мен  біріктіруге  қабілеттілігі.  Ф.е. 

анатомиялық-физиологиялық  меха-

низмінде  дыбыстарды  ажыратуда 

басты рөлді «Вернике» орталығында 

(мидың  үлкен  жарты  шарының 

үштен бір бөлігіндегі қыртыс иірім-

дері)  орналасқан  есту-сөйлеу  бөлігі 

атқарады. оның зақымдануы немесе 

жетілмеуі адамның тілдік дыбыстар- 

ды  ажырата  алмау  қабілетсіздігіне 

апарып  соғады  (сенсорлық  афазия 

немесе апатия). Ана тіліне деген Ф.е. 

балаларда  айналастындағылардың 

ауызша сөйлеуін қабылдау және қа- 

былданатын  үлгіге  сәйкес  өзіндік 

сөйлеу  барысында  қалыптаса  бас-

тайды. Сөздерді айту дыбыстың диф- 

ференциалдық  қасиеттерін  бөліп, 

жалпылаудағы және оларды есте сақ- 

таудағы  ең  тұрлаулы  шарт.  Фоне- 

матикалық естуді дамыту үшін бала-

лармен  айтылатын  сөздердің  ішінен 

кейбір дыбыстарды саналы және ерік- 

ті  түрде  бөліп  алып,  сөйлеу  дыбыс-

тарын  салыстырудың  маңызы  зор 

(4-5 жас аралығы). Ф.е. механизмі оқу 

мен  жазу  барысында  қайта  құрыла- 

ды.  Басқа  тілдерді  оқу  барысында 

Ф.е. сол тілмен қатар ана тілінде де 

дамып отырады.



ФОТОРЕЦЕПТОР  (грек.  рhotos  – 

жарық.  және  лат.  receptor  –  қабыл- 

даушы) – көру жүйкесінің жарық қа- 

былдау  аппараттарының  жасушала-

ры. Адамдарда ол ядроларымен және 

тармақтарымен  оптикалық  аффе- 

рентті жолда алғашқы шеткі нейрон- 

ды құрайтын таяқшалар мен шақша- 

лар.  Ф.  сыртқы  мүшелерінде  орна- 

ласқан  көру  пигменттеріндегі  фото- 

химиялық  процесс  арқылы  жарық 

тітіркендіргіштерін  қабылдайды. 

Таяқшалар шақшадан жіңішке (олар- 

дың сыртқы мүшелерінің диаметрі 2 

мк-ге жуық), бірақ ұзын (шамамен 60 

мк) болады. Таяқшалар өте көп, олар 

торлы  қабықтың  шет  жақтарында 

тығыз  орналасады.  Зерттеушілердің 

айтуынша,  таяқшалар  ымырт  және 

түнгі  көрудің  ақпараты  болып  са-

налады.  Шақшалар  таяқшалардан 

қысқа,  олардың  торлы  қабықтың 

шеттерінде  диаметрі  үлкейеді  (6-7 

мк-ге  жуық).  Олар  торлы  қабықтың 

ортасында  тығыз  орналасады  және 

күңдізгі көрудің аппараты болып са-

налады. Торлы қабықтың ортасында 

тек шақшалар болады, бірақ олар бұл 

жерде жіңішке, сыртқы мүшелерінің 

диаметрі 1-1,5 мк.



ФРЕЙД  зИГМУНД  (1856-1939)  – 

австриялық  невропатолог,  психиатр 

және психолог, Вена университетінің 

ФОНЕ

ФРЕЙ


574

профессоры,  сана  түкпіріндегі  құ- 

былыстардың  алғашқы  зерттеушісі 

(1938  ж.  Ұлыбританияға  қоныс  ау- 

дарды).

ХІХ ғ. соңында невроздарды емдеу- 



дің  ерекші  әдісін  –  психоанализді  – 

еркін ассоциациялар, қате әрекеттер, 

ескертулер мен түс көрудің анализін 

ойлап тапты. Кейінірек Ф. оны сана 

түкпіріне  ену  тәсілі  ретінде  интер-

претациялап, содан кейін осы негіз- 

де өзінің жалпыпсихологиялық пси- 

хиканың сананың үздіксіз конфликті- 

лі  өзара  әрекеттестік  сана  түкпірін- 

дегі  елігу  теориясын  ұсынды  («Түс 

жору», 1900).

Ф.  бойынша  сана  түрлі  сөздерде, 

әзілде, жаңылыс сөзде, жаңылыс жазу-

ларда көрінетін сана түкпіріндегі елігу-

лерді үздіксіз басып отырады (әсіресе 

сексуалдық)  (Күнделікті  өмірдің 

психопатологиясы»,1901).  Кейірінек 

Ф. ойы әлеуметтік мәдени мәселелер 

айналасына  шоғырланды  («Бұқара 

психологиясы және адами «Меннің» 

дамуы»,  1924;  «Өркениет  және оған 

көңілі толмайтындар», 1939).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет