Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет20/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151
Бақылау сұрақтары: 
Глобус түрлерін атаңыз. Оның мұндай бөлінуіне қандай себеп 
әсер етті деп ойлайсыз? 
Мектепте қандай глобусты қолданады? 
Картографиялық  шығармаларға  тағы  қандай  түрлерді 
жатқыздырамыз? 
 
4. Топографиялық картаның қасиеті 
Топографиялық  карта  (Топографическая  карта)  –  шартты 
белгілермен,  барлық  сызықтарын  белгілі  бір  мөлшерде  бірнеше  есе 
кішірейту  арқылы  жергілікті  жерді  қағаз  бетінде  дәлме-дәл  әрі  жан-


 
16 
жакты  бейнелеу.  Топографиялық  картада  арнаулы  шартты 
белгілермен  жердің  барлық  бөлшектерінің  (бедері  мен  заттардың) 
орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі. Топографиялық картаны 
командирлер  мен  барлық  дәрежедегі  штабтар  ұрысты  дайындау, 
ұйымдастыру,  әр  түрлі  міндеттерді  орындау  барысында,  сондай-ақ 
қарсыластар  мен  өз  әскерлері  туралық,  қабылданған  шешімдер  мен 
жауынгерлік бұйрықтар туралы мәліметтер бейнеленген құжат ретінде 
кеңінен қолданады. Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс 
бағытын  зерттеуге,  қашықтықты,  бұрышты,  алаңдарды,  биіктікті, 
кеңістікті  анықтауға  байланысты  міндеттер  орындалады,  ұрыстағы 
нысаналар  мен  ракеталардың,  артиллерияның,  т.б.  ұрыс  тәртібі 
анықталады.  Топографиялық  карталар  жалпы  мемлекеттің,  елдің 
қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету  үшін де, халық шаруашылығы 
үшін  де  қажет.Топографиялық  карта  көмегімен  орындалатын 
міндеттердің  сан  алуандығы  әр  түрлі  масштабтағы  карталардың 
болуын керек етеді.
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет