1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы


Қантамырларды В.В.Куприянов бойынша зерттеудің инъекциясыз әдісі (импрегнация күміс нитратымен)



бет38/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Қантамырларды В.В.Куприянов бойынша зерттеудің инъекциясыз әдісі (импрегнация күміс нитратымен).
Бұл әдіс тек қантамыр жүйесін анықтап қана қоймай, тамыр қабырғасының құрылысын және олардың қоршап тұрған ұлпалармен тра Алдымен зерттелетін материалды 12% бейтарап формалинде бекітеді (жануарлар ұлпасын 7 тәуліктен кем емес, адамдардыкін – 14 тәуліктен). Ұлпа бөлшектерінен кесінділерді мұздатқыш микротомда дайындайды (20 мкм және одан көп). Жұқа таспалардан тұратын таспалы материалды толығымен импрегнирлейді. Қалың таспалардың қабаттарын алдын ала бинокулярлы лупа астында скальпель және пинцет көмегімен ажыратады.
Жұмыс ерітінділері.
Бейтарап формалин ерітіндісі 12%
Кәдімгі (қышқыл) формалин ерітіндісі 1%
Кәдімгі (қышқыл) формалин ерітіндісі 0,5%
Күміс нитраты ерітіндісі 20%
Күміс аммиакаты ерітіндісі (аз порциялармен объектті салмай тұрып дайындайды)
Аммиактық су – 25% аммиактың сулы ерітіндісі (импрегнация алдында дайындап, тығыз жабылатын ыдыста ұстау керек); дистилденген сумен 1:1 қатынаста араластырады.
Спирт 60%
Дистилденген су.
Құбыр суы хлоридтерді тазалау үшін (ыдыста 1 тәуліктен кем емес тұру керек).
Ерітінділердің мөлшері жұмыстың көлеміне байланысты.
Импрегнация техникасы.
1. Кесінділерді ағын суда 2 сағ шайып, дистилденген суда екі қайтара жуу керек.
2. 60% спиртке 30 мин салып қойып, дистилденген суда екі қайтара жуу керек.
3. Күміс нитраты ерітіндісіне (20% ) термостатқа 370С 1 сағсалып қояды.
4. Дистилденген суда 3 мин жуады.
5. 1% қышқыл формалині бар төрт стақаннан өткізеді (егер төртінші стақандағы ерітінді лайланса, кесіндіні ерітінді мөлдірленгенше бірнеше порциядан өткізеді).
6. Фильтр қағазымен құрғату.
7. Күміс аммиакаты ерітіндісіне 2-3 мин салып қою.
8. Объектті 0,5% қышқыл формалинге салып, сары-қоңыр түске енгенше ұстайды.
9. 25% аммиак ерітіндісінде 3-5 мин жуады.
10. Дистилденген суда аммиак иісі жойылғанша жуады.
11. Концентрациясы өсетін спирттер батареясынан (70%, 80%, 96% І,96% ІІ), карбол-ксилолдан өткізіп және бальзамға қатыру.
Нәтиже.Импрегнирленуші құрылым қоңыр түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет