1-2 лекция: Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде



бет7/8
Дата06.01.2022
өлшемі21,6 Kb.
#14178
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Ю.П.Азаров (1989) қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында : «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым- қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік ... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы тиіс, мен технология деп атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым- қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.



Н. В. Кузьмина (1972, 1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды. Н. В. Кузьминаның пікірінше (1980), педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында). Ю. К. Бабанский (1989) «мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті. Сондай –ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.

Н. В. Кухарев (1990) мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта кетіп, оның шеберлігі психологиялық- педагогтық дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді. Павлютенкованың ойынша (1990), мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі компоненттер құрайды: а) тұлғаның мотивациялық саласы; ә) операциялық-техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады); б) тұлғаның өзін- өзі тануы. В. А. Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю. П. Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтық шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттерімен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік прцестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады. И. П. Андриади (1999) педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани- әдеп және интелектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік- мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді. В.А.Мижоренко және М. И. Ермоленко (1999 ) педагогикалық шеберлік педагогтік қызметтің дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтың педагогикалық технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге асқан қызметтің деңгейімен анықталады. В. П. Куравлеваның (1999) анықтамасында педагогтік шеберлік «...теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс- тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі» делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп, біртұтас болуы шығармашылықпен бекітіледі деп ой қосады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет