1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Тығынтәрізді ядро, nucleus emboliformis



бет187/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   202
Тығынтәрізді ядро, nucleus emboliformis, тісті ядроға параллель жэне медиалді орналасады

  • Шартәрізді ядро, nucleus globosus, тығын тэрізді ядродан кішкене медиалді жатып, кесіндіде бірнеше кішкене пішінді шарлар түрінде көрсетілген.

  • Төбешік ядро, nucleus fastigii, қүрттың ак затында, оның орталық жазыктығының жанжағында, тіліиік үлесшесі мен орталық үлесше астында, тортінші карынша төбесінде жатады.

  • Мишық аяқшалары:

  • Мишықтың төменгі аяқшалары, pedunculi cerebellarеs inferiores, мишықты сопақша мимен байланыстырады. Олардың құрамында жұлын-мишықтық артқы жол, оливамишықтық жол, кіреберіс-мишықтық және т.б. жолдар өтеді.

  • Мишықтың жоғарғы аяқшалары, pedunculi cerebellares superiores, мишықты ортаңғы мимен байланыстырады. Олардың құрамында жұлын-мишықтық алдыңғы; мишықталамустық және мишық-қызыл ядролық жолдардың талшықтары өтеді.

  • Мишықтың ортаңғы аяқшалары, pedunculi cerebellares medii, – арқылы көпір ядросынан мишық қыртысына баратын көптеген талшықтар өтеді. Бұл талшықтар үлкен ми жамылғысы қыртысының мишықпен байланысының екінші бөлігі болып табылады (сүтқоректілер эволюциясында мишық сыңарының үдемелі дамуы үлкен ми қыртысының және көпірдің алдыңғы бөлігінің дамуымен үйлесімді жүреді).


  • 174.Сопақша ми, сыртқы, ішкі құрылысы, ядроларының қызметі.

  • Сопақша ми, medulla oblangatа,(myelencephalon, bulbus cerebri) хордалылардың эволюциясында мидың көне құрылымдарының бірі болып табылады. Ол омыртқалылардың орталық нерв жүйесінің өмірлік маңызды бөлігі: онда қан айналымы, жұтыну, тыныс орталықтары және т.б. орналасады.

  • Пішіні буылтықтәрізді сопақша ми жұлынның жалғасы болып табылады. Оның төменгі шекарасы шүйделік үлкен тесіктің деңгейінде өтеді, ал жоғарыда және алдында орналасқан көпірден терең көлденең жүлге арқылы бөлінеді.Сопақша мидың алдыңғы, және артқы және бүйір беттерін ажыратады. Алдыңғы бетінде жұлынның аттас саңылауының жалғасы алдыңғы орталық саңылау, fissura mediana anterior, өтеді. Саңылаудың бүйір жақтарында дөңес пирамидалар, pyramides, орналасқан. Әр пирамиданың нерв талшықтарының, бір бөлігі қарсы жаққа өтіп, пирамида қиылысын, decussatio pyramidum, түзеді. Бұл қиылыс сопақша ми мен жұлынның шекарасы болып табылады. Пирамидадан сыртқа қарай, одан алдыңғы латералды жүлге, sulcus anterolateralis,(ventrolateralis), арқылы бөлінген, олива, oliva, орналасады. Сопақша мидың артқы бетінде жұлынның аттас жүлгесінің жалғасы артқы орталық жүлге, sulcus medianus posterior, өтеді. Одан сыртқа қарай орналасатын артқы жіпше бүйір жіпшеден артқы латералды жүлге, sulcus posterolateralis(dorsolateralis), арқылы бөлінеді. Артқы жіпше артқы аралық жүлге, sulcus intermedius posterior, арқылы жұлынның аттас будаларының жалғасы болып табылатын екі будаға:

    • медиалды жіңішке буда, fasciculus gracilis

    • сынатәрізді будаға, fasciculus cuneatus, бөлінеді.

    • Жіңішке және сынатәрізді будалардың жоғарғы жағында - жіңішке және сынатәрізді будалардың төмпешіктері, tuberculum gracile et tuberculum cuneatum, түзіледі.Олардың ішінде аттас ядролар (nuclei gracilis et cuneatus) орналасады. Бұл ядроларда сәйкес будалардың жоғарылаған талшықтары аяқталады. Осы ядролардан шығатын талшықтар мен бүйір жіпшенің дорсалды бөлігі мишықтың төменгі аяқшасын, pedunculus cerebellaris inferior, құрайды. Мишықтың төменгі аяқшаларының аралығындағы, сопақша мидың бөлігі ромбтәрізді шұңқырдың төменгі бөлігін құрайды. Оливаның артында әр жақтың бүйір жіпшесінің аймағында тіл-жұтқыншақ нервінің, n.glossopharyngeus, кезбе нервтің , n.vagus, және қосымша нервтің , n.accessorius, ал пирамида мен оливаның арасынан тіласты нервінің, n.hypoglossus, түбіршіктері шығады

    • Сопақша мидың ішкі құрылымы жұлынмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше, бұл онда қозғалысты реттеп, бақылайтын орталықтың (оливалық ядро) және тыныс, қан айналым, зат алмасу орталықтарының (тіл-жұтқыншақ, кезбе нервтердің ядролары, торлы құрылым) пайда болуына байланысты.

    • Сопақша мидың көлденең кесіндісінде оның ақ және сұр заттардан тұратыны көрінеді. Оның төменгі бөлігінде оливалық ядро, n.olivaris, жатады. Бұл ядродан шығатын нерв талшықтарының бөлігі мишықтың төменгі аяқшасы арқылы мишықта, екінші бөлігі жұлында аяқталады. Оливалық ядролардың дорсалды жағында торлы құрылым, formatiо reticularis, орналасады. Сопақша мидың дорсалды бөлігінде бассүйек нервтерінің ІХ, Х,ХІ және ХІІ жұптарының ядролары (ромбтәрізді шұңқырды қара) мен жіңішке, сынатәрізді ядролар жатады



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   202




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет