1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Лисфранк буыны ( тілерсек табан буыны)



бет51/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Лисфранк буыны ( тілерсек табан буыны).
Тілерсек-табан буындар (articulatio tarsometatarsea). Tілерсек сүйектері мен табан сүйектерінің аралығында орналасқан. Жалпақ буын, 3 білікті.
Орналасуына қарай үш буынға бөлінеді:
1)Медиалды сына тәрізді сүйек пен І-табан сүйектерінің аралығындағы буын.( os cuneoforme mediale et os metatarsale I арасында)
2)Аралық және латералды сына тәрізді сүйек пен ІІ-ІІІ табан сүйектерінің аралығындағы буын.
( ossa cuneoformia intermedium et laterale және ossa metatarsalia et II et III арасында)
3)Текше сүйек пен IV-V табан сүйектерінің аралығындағы буын.( cuboideum et ossa metatarsalia IV et V apacында)
Хирургиялық тұрғыда барлық үш буынды - Лисфранк буынына біріктіреді. Буын капсулаларын тілерсек-табан сүйектік дорсалды және табандық жалғамалар (ligamenta tarsometatarsalia dorsalia et plantaria) нығайтады.Сына сүйек пен табан сүйектері арасында-табан сүйектік сүйек аралық жалғама (ligamenta cuneometatarsalia interossea) нығайтады. Сына табан сүйектік сүйек аралық жалғама медиалды сына сүйек пен II табан сүйектің арасында тартылады, оны Лисфранков буынының кілті деп атайды. Аяқ ұшының қатты негізі құрамына - os naviculare; ossa cuneoformia
mediale, intermedium et laterale;os cuboideum; ossa metatarsalia I- V кіреді.
1)Медиалды сына тәрізді сүйек пен І-табан сүйектерінің аралығындағы буынның буын беті бұдыр болып келсе, қалған буындардың буын беттері тегіс, жазық. Буын беттері гиалин шеміршектерімен беттелген.
2)Буын қапшықтары қысқалау болып келген және тартылып орналасқан. Буын қапшығының байламдарына мына байламдарды жатқызамыз.
1. (lig. interossea)- табан сүйектерінің негізінде орналасады .
2.Сүйекаралық дорзалды тілерсек-табан байламдары (lig.tarsometatarseae dorsalia) - буын қапшығының дорзалды бетінде орналасқан.
3.Табандық тілерсек-табан байламдары (lig. tarsometatarseaeplantaria) - буын қапшығының төменгі беттерінде орналасқан.
4.Сүйекаралық табан байламдары (lig.metatarseae), сына - табан байламдары (lig.cuneometatarsea) - сына тәрізді сүйектер мен табан сүйектерінің аралығында орналасқан.
Сонымен қатар бұл байламдардан басқа және мынадай байламдарды ажыратамыз.
1)Медиалды сына-табан байлам, ол медиальды сына тәрізді сүйек пен ІІ-табан сүйегінің негізінің аралығында орналасқан.
2)Латералды сына- табан байламы, ол латералды сына тәрізді сүйек пен ІІ-табан сүйектер негізінің аралығында орналасқан.
Негізгі қызметі - буында болатын қозғалыстың көлемін шектеу. Тілерсек-табан буындары, практикада кесуге қолайлы болғандықтан үш буын дара бір буын-Лисфранков буын ретінде қарастырамыз. Бұл буындардың аралығындағы медиальды және латералды сына-табан байламдарын Лисфранков буынының "кілті" деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет