Тіласты сүйегінен төмен орналасқан мойынныңбұлшықеттері: 1) Төс-тіласты бұлшықеті, m.sternohyoideus. Қызметі:жиырылған кезде тіласты сүйегін төмен тарту. 2) Төс-қалқанша бұлшықеті, m.sternothyroideus. Қызметі:көмейді төмен тарту.3) Көмей-тіласты бұлшықеті, m.thyrohyoideus. Қызметі:көмейді тіласты сүйегіне қарай тарту. 4) Қалқанша безін көтеруші бұлшықеті,m.levatorgl. thyroideae. Қызметі:қалқанша без бен оның қабын көтеру қызметін атқарады. 5) жауырын-тіласты бұлшықеті,m.omohyoideus. Қызметі: жауырын сүйегін ықшамдап ұстаған жағдайда, тіласты сүйегін төмен және артқақарай тартып қана қоймай, мойынның қан тамырлары мен нервтердің қынабын құрайды.Сонымен қатар, бұлбұлшықетжиырылған кездеішкі мойындырықтық венаның, v.jugularisinterna, өту жолын кеңейтіп, вена қаныныңжүрекке қарай еркін өтуіне ықпалетеді.
Мойынның терең бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай латералдық және медиалдықтоптарға бөлінеді.
Латералдық топ бұлшықеттері өзара дербес орналасқан үш сатылы бұлшықеттерден тұрады.
1.Алдыңғы сатылы бұлшықет,m. scalenus anterior. Қызметі: омыртқа бағанасын тіктеп ұстағанжағдайда, I қабырғаны көтеріп, кеуде қуысынкеңейтіп, тереңтыныс алуға ықпалетсе, керісінше, кеуде торын ықшамдап ұстаған жағдайдабір жақты жиырылған кезде, мойын омыртқаларын жиырылған жағына қарай бұрады. Бұлбұлшықеттің екі жақтық бөлігі бірдей жиырылған кезде, омыртқа бағанасын алға қарай иеді.
2. Ортаңғы сатылы бұлшықет,т.scalenusmedius.Қызметі:кеуде торын мықтап ұстаған жағдайда, мойын омыртқасын алға қарай бүксе, керісінше омыртқа бағанасының мойын бөлігін тік ұстаған жағдайда, бірінші қабырғаны жоғары көтеріп, терең тыныс алуға көмектеседі.
3. Артқы сатылы бұлшық ет,m.scalenusposterior.Қызметі:омыртқа бағанасын тіктеп ұстаған жағдайда, II қабырғаны көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, тереңтыныс алу қызметін атқарса, кеудені берік ұстаған жағдайда екі жақтық бөлігі бірдей жайылған кезде, мойын омыртқаларды алға қарай тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |