1. Қарым-қатынас туралы түсiнiк


Бақылауға арналған сұрақтар



бет10/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#11724
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
Дәріс-психол.-дел.общ.(1)

Бақылауға арналған сұрақтар:

Ұжымның түрлері дегенді қалай түсінесіз?


Басшының этикалық мінез-құлық нормалары?
Этика – адамгершілік пен мораль туралы түсінік?
Тақырып 4.Қарым-қатынас және оны басқару Негізгі сұрақтары:
Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық категория ретінде. Іскерлік қатынастағы коммуникативті мәдениет.

Іскерлік қатынастың түрлері және оны басқару


1.Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық категория ретінде.Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтағы-олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты. Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:


  1. “Бет-перделердің байланысуы”- әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әігімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы.




  1. Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объект ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызаланады.




  1. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.

4.Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым.


5.Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады.


  1. Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).




  1. Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады. Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі – рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі. Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді. Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлеуметтік рөлдері бар. Алайда қандай рөлді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты. Адамның даралық психологиялық ерекшеліктері жоғары жүйке жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темперамент қасиеттерінде көрініс табады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет