1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400


Атауы: Адам аналық жыныс жасушасы.  Бояуы



Pdf көрінісі
бет59/72
Дата08.12.2022
өлшемі8,53 Mb.
#55820
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Атауы: Адам аналық жыныс жасушасы. 
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400 
Гематоксилин - негіздік бояу болып табылады. Боялу қабілеті – базофилия деп 
аталады. Препарат бойынша гематоксилин ядроларды күлгін түске бояйды және 
олар - базофильді құрылымдар болып саналады. Ал, эозин - қышқылдық бояу 
болып саналады. Боялу қабілетін оксифилия деп атайды. Эозин – цитоплазманың 


құрамдас бөліктерін, эритроциттердің құрылымдарын және сілтілі ақуыздарын 
қызғылт немесе қызыл түстес реңдерге бояйды және олар - ацидофильді немесе 
оксифильді деп аталады. 
Құрылысы: 
1- овоцит орналасқан төмпешік; 
2- аналық жыныс жасушасын қоршап жатқан фолликулярлы эпителий; 
3- аналық жыныс жасушаның жылтыр қабығы 
4- сәулелі тәж;  
5- саруыз қосындылары;  
6- ядрошығы бар ядро. 
 
 
Қызметі:

Ұрықтану 

Ұрық дамуының алғашқы сатыларын қамтамасыз ету 
Орналасуы: Адамның аналық жыныс безіндегі аналық жыныс жасушасында 
Анықтама: 
Аналық жыныс жасушасы немесе овоциттер, сперматозоидтарға қарағанда 
аз мөлшерде пісіп жетіледі. Әйелдерде жыныстық цикл (24-28 тәулік) 
барысында бір аналық жыныс жасушасы пісіп жетіледі. Сондықтан да, бала 
туушылық кезеңі аралығында шамамен 400-ге жуық аналық жыныс 
жасушасы пайда болады. 
Аналық жыныс безден овоциттің шығуы овуляция деп аталады. Аналық 
жыныс безден шыққан овоцит фолликулярлы жасушалармен қоршалады, 
олардың саны 3-4 мыңға жетеді. Овоцитті жатыр түтігінің шашағы іліп алады 
да, жатыр түтігі бойымен жылжытады. Осы жерде жыныс жасушаның пісіп 
жетілуі аяқталады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет