1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ФӘЛСАФА — Араб-мұсылман философиясы, IXғ. кәсіби философия  ретінде пайда болған. Негізін салушы әл-Кинди



Pdf көрінісі
бет226/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ФӘЛСАФА — Араб-мұсылман философиясы, IXғ. кәсіби философия 
ретінде пайда болған. Негізін салушы әл-Кинди болып есептеледі. Басты 
өкілдері әл-Фараби (870-950), Ибн-Сина (980-1037), Ибн-Туфайль (1186), 
Ибн Рушд (1106-1198), Ибн-Баджжа (1139), ар-Рази (1364), Ибн Халдун. 
Фәлсәфаны жиі шығыс перипатетизмі деп атайды, себебі фәлсафа-фаласифа 
(философтар) герменевтикамен, Аристотель мен оның ізбасарларының 
(перипатетиктермен) еңбектерімен айналысқан. Фәлсәфаның көрнекті 
өкілдерінің бірі Әбу Насыр әл-Фараби. Оның атымен фәлсафада пайда 
болған барлық негізгі мәселелер байланысты. Фәлсафадағы негізгі мәселе –
философияның дінге, сенімнің білімге қатысы туралы мәселелер. 
Философиялық мәселелер аясы – болмыс пен уақыт, ғылымның 
философиялық мәселелері, басталу философиясы, тіл мәселесі, мораль 
мәселесі, қоғамды қайта құру, жетілу және жетілген адам мәселесі, білім беру 
мәселесі. Фәлсафа тәсілдері – логика, исламдық рационализм, герменевтика, 
аллегориялық символизм, компаративистика, диалектика. Фәлсафа – қазіргі 


391 
заман 
философиялық 
дискурсына 
қосылған 
қазіргі 
мұсылман 
философиясының классикалық негізі. 
ФЛУКТУАЦИЯ (лат. тербелу, өзгерту) — қалыпты жағдайдан ауытқу, 
өзгеріске ұшырауды білдіреді. Ол үлкен екі класқа бөлінеді: сыртқы ортаның 
әсерінен және жүйенің өзінен жасалуынан. 
ФОЛЬКЛОР (лат. – халық және ілім, ғылым) — халық арасында кең 
таралған, белгілі халықтың дүниеге әкелген шығармалары (аңыз-ертегілер, 
мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, билері, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер және 
т.б.). Ұғымды алғаш археологы Д.Томс енгізді. Фольклор – деп халықтық 
мәдениеттің шығармалар жиынтығын айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет