Дидро (1713-1784) «Рамо жиені», Ламетри (1709-1752) «Адам-машина»,
Гольбах (1723-1789) «Табиғат жүйесі», Гельвеций (1715-1771) «Адам
398
туралы», т.б. Энциклопедистердің пікірінше, әлемнің түпнегізі – табиғат,
материя. Оның негізгі қасиеттері: кеңістікте көсілу, салмақ, бірлік, түр
(форма), қозғалыс.
ЭПИКУРИЗМ — ежелгі грек философиясындағы материалистік бағыттағы
мектеп. Негізін қалаушы – антиктік ақыл иесі – Эпикур.
ЭПИСТЕМА (грекш. – бөлім) — нақты тарихи кезеңдегі білім шеңберін
белгілейтін тәжірибеден бұрын берілген тарихи өзгермелі құрылымдар.
ЭПИСТЕМОЛОГИЯ — философиялық таным теориясы, таным жөніндегі
ілім.
ЭПОС — грек тілінен ауд. – ерте заманнан қазіргі ел ауызында сақталып
қалған (батырлар жайлы) сөз, баяндау, әңгіме, өлең.
ЭРОС — ежелгі грек нанымында Махаббат Құдайы.
ЭЙДОС — Платон философиясында «идея» терминінің синонимі – жалқы
заттардың трансцендентті ақылмен жетерлік формасы-үлгісі. Ол заттардан
жеке өмір сүреді және оларға қатысты болады.
ЭРОТЕМАТИКА (грек. – сауал) — сауал қою өнері. Қарама–қайшы ұғым –
акроматикалық.
ЭСТЕТИКА (грекш. – сезіну, сезімдік) — адамның дүниені сұлулық,
әсемдік заңдылықтары тұрғысында бейнелеуі туралы ілім. Бұл терминді
1785ж. неміс философы Александр Баумгартен енгізді.
ЭСХАТОЛОГИЯ — адам және ақырзаман жөніндегі діни ілім.
ЭТИКА (грекш. - әдеп, ғұрып, салт) — мораль мен әдептілік туралы
философиялық ілімдер жүйесі. Бұл ұғымды Аристотель (б.д.д.384-322) алғаш
рет қолданды.
ЭТНОС — адамдардың тарихи қалыптасқан аумақтық және мәдени
жиынтығы.
ЭТНОЦЕНТРИЗМ (грекш. – тайпа, халық және латынш. – жиын орны,
орталық) — біртұтас этникалық сана-сезімдегі тұлғалардың, әлеуметтік
топтардың, қауымдардың дүниені тек этникалық көзқараспен қабылдауы.
Ұғымды Сатнер мен Гумплович енгізген.
399
Достарыңызбен бөлісу: |