1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет143/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

МҰХАММЕД-ПАЙҒАМБАР (
570–632ж.ж.) — Мұхаммед – әлемдегі ең ірі, 
ең ұлы үш діннің бірі – исламның негізін салушы, тарихтағы тұңғыш 
мұсылман мемлекетінің басшысы, 
пайғамбар дәрежесіне жеткен үлкен 
ойшыл
. Мұхаммед бар ғаламды билеп тұрған бір құдыреттің бар екеніне көз 
жеткізіп, қырық жасында жаратушы жалғыз Аллаға сыйынып, өзін оның 
жердегі елшісі деп жариялады. Ол өмірден өткеннен кейін оның дініне 
кіргендердің бәрі өздерін Мұхаммедтің үмбетіміз деп санады. Өйткені ол 
жұртқа Құдай рухы сіңген қасиетті құранды қалдырып кетті. Оның 
айтқандарының бәрі көзі тірісінде жазып алынып, түгел дерлік енгізілген бұл 
киелі кітап адамгершілік қағидалардың төрт құбыласы түгел біртұтас 
заңнамасына айналды.
МЭН ЦЗЫ
,
 
(Мэн Кэ)
(шам. б.д.д.372–289) — атақты қытай 
ойшылы, Конфуцийдің (Конфуциандықтың) жолын қуушы. 
Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі 8-тармаққа бөлініп 
кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы 
Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы 
мектебі. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге 
түсірумен ғана емес, сондай-ақ жаңа ойлармен толықтырьш 
отырған. 
Негізгі шығармасы:
«Мэн-цзы». Оның пікірінше, 
таным процесінің негізі сезімдік қабылдауда емес, оның ақыл-ойында, 
парасатында. Мэн-цзы мораль және этика адамның туа біткен табиғатынан 
шығады. Этикалық-моральдық ұстанымдар адамның табиғатынан әрі 
жоғарғы күш иесі «Көк-Аспаннан» дегенді алға тартады. Ол бір жағынан 
адамның тұқым қуалаушылық жолымен келетін қасиеттерді де жоққа 
шығармайды.
НАСР
,
 
Сейид Хосейн Наср
 (
1933) — қазіргі заманғы атақты 
иран-мұсылман философтарының бірі. Ол – дін, ғылым, 
соның ішінде ислам ілімдері саласы бойынша қалам тартқан 
ғұлама. Иранда философиялық ойдың негізінде екі бағыт 
қалыптасқан, оның біріншісі – Хайдегерлік бағыт. Оның 
негізгі өкілі Ахмад Фабрибидің, ал екінші бағыт
– 
С.Х.Насрдың есімдерімен байланысты. Исламды түсіну 
дегеніміз – ол осы принциптерді мойындау болып табылады. 
Наср ислам мәнінің үш деңгейін – әмбебаптық, антропологиялық, 
гносеологиялық деңгейін көрсетіп берді. 
Шығармалары:
«Үш мұсылман 
данышпаны», «Ислам космологиялық доктриналарына кіріспе», «Исламдағы 
ғылым мен өркениет»,
«Исламдық тіршілік пен дүниетаным», «Ирандағы 
исламдық интеллектуалдық тарих», т.б. 


305 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет