1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


СОЦИОЛОГИЗМ (СОЦИОЦЕНТРИЗМ)



Pdf көрінісі
бет239/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   260
СОЦИОЛОГИЗМ (СОЦИОЦЕНТРИЗМ)

 
қоғам, шынайы тарих
мәдениет тек әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар методтарымен зерттелуі 
керек дейтін ағым «Социологиялық имперализм». 
СОЦИУМ
(латынша – ортақ, бірлескен) — адамдардың біршама тұрақты 
үлкен бірлестігі. 
СХОЛАСТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ 
(лат. «схоластика» 
– 
мектептік ілім) —
ортағасырлық философияның осы бір кезеңі Европа тарихында Рим 
империясының күйреуінен бастап, Қайта жаңғыру дәуіріне дейінгі 600-700 
жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа 
елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия және т.б.) феодалдық қарым-
қатынастар қалыптасып, христиан діні қоғамдық өмірдің барлық 
салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылық, қолжазбалар сақтау 
ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік 
қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой 
күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күніне 
айналған-ды.
СПИРИТИЗМ 
(латынш. 
– 
рух, жан) — деп жаратылыстан тыс дүниедегі 
бейматериалдық рухтың тіршілігіне негізделген ежелгі мысыр нанымын, 
бақилық адам жанының бар болуына сенуді айтады. 
СТОХАОСТЫЛЫҚ 
(болжам, айтып едім ғой - дегендей) — процесс, оның 
уақытта өзгеру сипатын алдын-ала дәл білу мүмкін емес. 
СУБЛИМАЦИЯ 
(латынш. – көкке көтеру, биіктету, жоғары қою) —
мәдениеттануға психологиядан 
З.Фрейд
еңбектері ықпалының нәтижесінде 
енген термин. Сублимация 
– 
деп инстинктивті энергия түрлерінің қоғам мен 
жеке тұлғаның қажеттіліктеріне жарамды процеске айналуы арқылы 
қақтығысты, жанжалды болдырмайтын психологиялық қапқан механизмін 
айтады. 


383 
СУБЬЕКТ 
— қызметті (практикалық, ойлау, танымдық) атқаратын адам. 
Субьект – белсенді бастау, оны әдеттегідей іс-жүзінде енжар болатын алып 
жүрушімен теңестіруге болмайды. 
СУННА 
(суннат Расул Аллах – Құдай елшісінің дәстүрі) — Мұхаммед 
Пайғамбардың әрекеті, мұсылманның басшылыққа алатын пікірлері жайлы 
Қасиетті аңыз. Сунна өсиет ретінде – сунниттердің хадистерінде және 
шииттердің хабарларында тіркелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет