8-Билет 1.Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті (Солт.Қаз Мұзтау. 1981-1983, 15 г, 158үй) 2.1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығында болған Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы жəне антифеодалдық сипатта болды. Патша үкіметі қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастады. Жер үшін күрес шиеленісіп, мал шаруашылығы күйзелді.Каспий теңізінің шығыс жағалаулары Ресей кәсіпшілерінің меншігіне алынды. Жерсіз қалған көп рулар қырға қоныс аударуға мәжбүр болды. Патша үкіметі 1867-68 жылдардағы реформаны күшіне енгізе бастады. Реформа отарлық езгі мен патша чиновниктерінің үстемдігін күшейтті. Алым-салық көбейіп, қанаудың одан әрі күшейе түсуі бұқара халықтың жаппай наразылығын тудырды.
1870 жылы Маңғыстау түбегінде шаруалар көтерілісі басталды. 40 мыңдық шаңырақтан тұратын адай руы екі жылда 160 000 сом салық төлеуге тиіс болды. Бұл адайлықтардың қарсылығын туғызды.
Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы көтеріліске түрткі болды. 1870 жылы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин тобы “Ережелерге” қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінде Досан Тəжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады. Подполковник Рукин атылып өлді.
1870 жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкі, Терек казактарының тобы жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.
Əскери министр Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сəйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3 ай бойы қудалады. Қозғалыс басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тəжіұлы, И. Көлұлы бастаған 3000-ға жуық шаңырақ жазалаушылардан ығысып, Хиуа хандығына өтіп кетті.
Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды. Адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді.
Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі қазақтың жалдамалы жұмысшыларының тұңғыш рет күреске белсене қатысуы болды. Көтерілістің антифеодалдық сипаты əлсіз болу себебі, адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархаттық құбылыс әлі де болса күшін сақтап қалған болатын. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіріп жіберді.