1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері


 билет  1. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы және Алаш қозғалысы. Бірінші



Pdf көрінісі
бет29/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
20 билет 

1. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы және Алаш қозғалысы. Бірінші 

жалпықазақ сьезі және оның шешімдері. 

2. XX ғ. 50-60 жылдарындағы Қазақстан өндірісі мен энергетикалық 

дамуындағы жетістіктер мен қайшылықтар. 1959 жылғы Теміртау 

оқиғасы. 

3. Қазақстандық модернизация: жоспарлы экономикадан нарыққа 

көшу. 

 

1) Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде ұлтымыздың 

мәдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта 

бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында ұлы Абайдың 150 жылдығы, ал 

1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916 

жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар 

достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау 

еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президенті 

жарлығымен 1997 жыл жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл – Халық бірлігі мен 

ұлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы 23 ірі-ірі ғылыми 

форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ұлттық 

ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, 

Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих 

проблемаларына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, “Жібек жолы 

және Қазақстан”, “А.Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері”, 

“Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуірі” сияқты халықаралық және 

көптеген республикалық ғылыми конференциялар жоғары деңгейде 

ұйымдастырылды. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші 

елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар 

аттандырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, 

Ордабасы тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағында 

археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 

Жарлығымен 1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп 

жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор 

мәдени-тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап келешек ұрпақтың игілігіне 



айналдыру міндеті қойылды. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам 

тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің 

қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүние жүзілік мұраларды 

сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген. Қазақстан полиграфиялық 

баспаларынан тарихи-мәдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін 

жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы жылдары “Қазақстан ұлттық 

энциклопедиясының” 10 томы, Н.Ә.Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында”, 

“Сындарлы онжылдық” т.б. еңбектері, 10 томдық “Тарихи және мәдени 

ескерткіштер” жинағы, Мұстафа Шоқай шығармаларының екі томдығы, 

Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық 

Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. Қазақ халқының 125 томдық 

ауыз әдебиетін, “Алаш мұрасы” атты көп томдық серияларын, Ә.Марғұлан 

еңбектерінің 14 томдығын, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин 

тағы да басқа қазақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып 

шығару қолға алынды. Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін 

барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау 

міндеті тұр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев “Ішкі және 

сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” Жолдауында 

мәдениетті дамытудың нақты жолдарын “Мәдени-тарихи мұраны сақтау” 

деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер 

қойылған: Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде 

осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын 

зерделеудің біртұтас жүйесін жасау. Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше 

маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына 

келтіруді қамтамасыз ету. Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың сан 

ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, 

өмірбаяндық дестелер жасау. Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік 

ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде 

гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау. 

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының 

отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ 

ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе 

түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы 

жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-

өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді 

зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес 

жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ 

халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері 

кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов, А. 

Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы 

үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға 

қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға 

қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша 

«Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын 

айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және 



біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, 

адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру 

жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 

жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі 

құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер 

тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары 

қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш 

қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес 

сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта 

Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды 

зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды 

Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс 

төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін 

жалғасты. 

Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, 

Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей 

ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында 

өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, 

Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші 

жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-

экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе 

қойылды: 

1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық 

милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. 

Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік 

мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. 

Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі 

оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу. 

Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік 

республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық 

автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса 

ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: 

«Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге 

берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған 

жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына 

заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай 

жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, 

оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. 

Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, 

Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, 

А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, 

Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, 

Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі 

қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде 




ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, 

Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді. 

Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сиез шешімімен Ақмоладан 

А.Тұрлыбаев, Семейден Ә.Сәтбаев, Торғайдан Ә.Байғарин, Оралдан 

Досмұхамедұлы, Бөкей ордасынан У.Танашев, Жетісудан Б.Мәметов, 

Сырдариядан М.Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Бірінші 

жалпықазақ сиезі қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс деп 

есептеп, бұл партия бағдарламасының жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар 

кеңесіне сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Сиездің шешімі бойынша, 

құрылатын партия парламенттік негізде демократиялык ұстанымдарды 

басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан 

саяси партия болуы тиіс еді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат партия 

құру ісіне байланысты сөйлеген Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына 

қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған байланысты болашақ партия 

басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз қаулыларында 

«осы күнгі тұрақты әскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық 

әскер жасақтауды, «көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз 

болыстық земство ашылсын» деп, земстволық басқару жүйесінің қазақ 

тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» 

жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша сот» құруды 

жақтап шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері 

бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық 

мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы 

қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты 

«бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың 

ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» 

газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер 

саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал 

жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен 

еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Сиез 

Жетісу облысында туындап отырған жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер 

министрі атына: «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан 

мұжықтардың және соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын 

жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген мазмұндағы 

жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындагы ашаршылықтан 

қырылып жатқан қазақ-қырғызға «алаш баласының жәрдем беруін» өтініп 

үндеу тастады. Киев қаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар 

сиезіне Бөкейханды, Досмұхамедұлын және Танашевты жіберу жөнінде 

шешім қабылданды. Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы 

баратын болып белгіленді. Сиездің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 

қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде 

жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа 

алынды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет