1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет41/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
 

2)  КСРО-да жүргізілген 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 

миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 

мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ. 

Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 

000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен 

марапатталды. 

Шамамен 500 қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам 

"Даңқ" орденінің иегері атанды. Ал қазақстандық 4 ұшқыш: Талғат 

Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский "Кеңес Одағының 

батыры" деген құрметті атаққа 2 мәрте иеленді. Қазақстандықтар арасында 

алғаш болып бұл атақты танк әскерінің генерал-майоры, павлодарлық Кузьма 

Семаченко (1941 жылдың 22-маусымында) алды. Панфиловшы, полковник 

Бауыржан Момышұлынан (11 желтоқсан 1991) соң бұл атақ ешкімге берілген 

жоқ.   


Днепр үшін болған шайқаста 18 жастағы Жәнібек Елеусізов қазақтар 

арасындағы ең жас "Кеңес Одағының батыры" атанды. 

Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі батыр қызы: мерген 

Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова да бар. 




Ал Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін 

"Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері болды. 2001 жылы  "Халық 

қаһарманы" атанды. 

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар 

және резервтік күштер дайындауға үлес қосты. 1941-1945 жылдары КСРО-

дағы әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық білім алуға 

аттанса, нақтыланбаған ақпарат бойынша, Қазақстанның аумағында соғыс 

жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 000 офицер дайындап 

шығарған. 

Партизандық соғыс 

Қазақстандық сарбаздар жау тылында қоршауда қалып, партизандық күреске 

араласқан. Ұлы Отан соғысы жылдары 3 500 қазақстандық партизан 

отрядтары қатарында болды деген мәлімет бар. 

Тарихшылардың айтуынша, олар Украина мен Беларусь елдерінің батыс 

аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында фашистік Германияға 

қарсы соғысқан. Олардың ішінде Қасым Қайсенов, Тоқтағали Жанкелдин, 

Әди Шәріпов, Сәтімбек Төлешов, Нұрым Сыдықов, Ғалым Омаров, Ғалым 

Ахмедияров сынды батыр партизандармен қатар Нұрғаным Байсейітова, 

Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова есімді қазақ қыздары да жау 

әскерлеріне қарсы күрескен. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет