1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Көркемдік даму заңдылықтары. Көркемдік бағыт. Стиль және шеберлік шарттары. Стильдік принциптер



бет18/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Көркемдік даму заңдылықтары. Көркемдік бағыт. Стиль және шеберлік шарттары. Стильдік принциптер.

14 емтихан билеті



  1. Көркем әдебиеттің даму заңдылықтары. Әдеби процесс.

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеалогиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қарадүрсін шығармалардан – көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойына үздіксіз сіңіріп отырады. Мұның қатарына олардың жиі жарық көретін жарияланымдар мен басылымдары, әдеби сын, естеліктер, әдеби эписториялық жанрларда жазылған оқырмандардың үн қатысуы да жатады.
Әдеби процесс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толғауының тарихы. Әдеби процесс жеке тұлғалар өзінің әкелген айрықша көркемдік.
Ғаламда бәрі өзгереді, қозғалысқа түседі. Әдеби процесс – көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методолгиялық әдіс.
Көркем әдебиеттің бірде өрлеп, бірде тоқыраған көптеген ғасырлық тарихы бар. Әдебиет дамуы тарихында өрлеу мен тоқыраудың алма-кезек ауысып келіп отыруының сыры түрлі қоғамдық дәуірдегі әрқилы жағдайларға байланысты. Мысалы, хандық дәуір – жыраулар поэзиясы, Абылай – Бұхар қоғамы мен Абай, т.с.с. Демек, тарихи дамудың түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық таным аясының ұлғаюы әдебиетке өз ізін, сәулесін түсіреді.
Әдеби дамудағы сабақтастық дегенде, ескеретін жәйттар бар. Мәселен, әдебиеттегі идеялардың, көркем бейне-типтер мен бейнелеу құралдарының сабақтастығына қатысты сөз қозғағанда олардың өзіндік ерекшеліктерін айыра білу қажет. Нақтылай айтқанда, идея сабақтастығын көзқарастары жағынан біріне-бірі жақын қаламгерлерден байқасақ, бейнелеу құралдарының сабақтастығын түрлі идеялық бағыттағы қаламгерлерден де аңғаруға болады. Оның сыры әдеби суреттеу құралдары мен тәсілдерінің дамуындағы ішкі заңдылықтарға байланысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет