1-билет Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі анықтама беріп, талдаңыз Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесін сипаттаңыз Критериалды бағалау жүйесінің ұйымдастыру формаларын талдаңыз



бет10/20
Дата16.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#115762
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
11-билет
1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау нормаларын талдаңыз
2. Оқытуды басқару және көшбасшылық ұйымдастыруды сипаттаңыз
3. Есеп шығаруды критериалды бағалау анықтама беріп талдаңыз
Жауабы:
1. Жеке бағдарлы оқытуда бағалаудың әр түрі мен әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушыларға өз білімдері мен дағдыларын көтеруге және алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істеу керек екендігін анықтауға мүмкіндік туса, мұғалім оұушының оқу мазмұнын терең түсінуіне және оқып-үйренуде тәуелсіз болуына қажетті ақпараттарды алады.Бағалаудың әр түрлі тәсілдерін, әдістері мен техникасын оқушылардың өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын қалыптастыру дәрежесін анықтау мақсатында мәліметтер жинау үшін ұтымды қолдану мұғалімге оқытуды жүйелеуге мүмкіндік береді, яғни әр оқушының талабы мен мүмкіндігі ескеріледі, ал оқушы білім алуына және алдағы өміріне қажетті өзінің білімін, жоғары құзіреттілігін қалыптастыруын бақылайды.Бағалау – оқыту мәселерінің диагностикасы мен жетістіктерін, кері байланысты, оқу процесіне қатысушыларды (сыныптағы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мемлекет) білім берудің жағдайымен, мәселелерімен, және жетістіктерімен таныстыруды өлшеудің негізгі құралы. Оқушының оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі – білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалайтын оқу үрдісінің негізгі элементі.Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес.

2. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау 


Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция)
Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар. 
—ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы; 
—ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы
—өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің байланысын бағалауы;
Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне (концепциясына) кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет