Ірілендіру 1949 жылы басталып 1951 жылы аяқталды. 1950 жылы 30 мамырда «Ұсақ колхоздарды ірілендіру және партия ұйымының бұл істегі міндеттері туралы» қаулы қабылдады.
1953 жылы 27.10. Мойынты-Шу темір жолы тұрақты пайдалануға берілді, ол Транс-Қазақстан магистралін салуды аяқтады.
1953 жылы Ақмола-Павлодар жолы тұрақты пайдалануға берілді, ол бұл аудандарды Сібірмен, оңтүстік Қазақстанмен және Орта Азиямен байланыстырып, Солтүстік және Орталық Қазақстанның экономикалық байланыстарда айрықша рөл атқарған Оңтүстік Сібір магистралінің негізгі учаскелерінің бірі болды.1951-52 ж.ауа райының тым қолайсыз болуы, мал азығының дайындалған сақтық қорының жеткіліксіздігі мал басының көп шығын болуына, төлдің нашар сақталуына әкеп соқты. 1953 ж. Қазақстанның колхоздары мен совхоздары қоғамдық мал басының шығынын біраз толықтырды. Алайда 1954ж. басында (1950ж.салыстырғанда) республикадағы малдың жалпы саны не бары 358 мың басқа -1 % астамға ғана көбейіп -24826 мың басқа жетті. 1955ж. республикада жылына 356 мың т ғана цемент шығаратын 2 шағын зауыт болса, 1965ж.5 зауыт Қарағанды Ақтөбе, Семей, Өскемен, Шымкент зауыттары жұмыс істеді. Цемент өндіру 4037 мың т немесе 11 есе өсті.1957-58ж. Павлодар облысының жеңіл топырақты жерлерінде шаң бораны тұра бастады. Ал 60ж.басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты ғана емес, ауыр топырақты жерлерді де қамтыды. 1960ж.дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн.га астам жер жер эрозиясына ұшырады.
1980 бері 1985 жылы наурызда КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М. Горбачев (1985-1991) сайланды. 1985 ж. сәуірде өткізілген КОКП ОК Пленумында М.Горбачев әлеуметтік-экономикалық жүйе мен қоғамдық өмірге реформалар – қайта құрулар жүргізетінін мәлімдеді.1986 жылы ақпан-наурызды Қазақстан Компартиясының ХVІ съезі болып өтті.
Республикамызды 1960-1962 және 1964-1986 жылдар аралығында ұзақ уақыт басқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосқан Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев (1912-1993) болды. Ол КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі әрі үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы шақырылды.
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының жаппай толқуы басталды. Мұндай наразылық шерулері республиканың басқа қалаларында да ұйымдастырылды.
80-жылдардың соңында Кеңес мемлекеті ыдырай бастағаны белгілі.
1988 жылдан бастап жаңа туып келе жатқан оппоненттер тарапынан Қазақстан Компартиясына сын айтыла бастады. Бұл партияның іргесі шайқала бастады.
1990 жылы 25-қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақтың кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталды.
1991 жылы 21-желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңеңс Одағының құрамына кірген тәуелсіз мемлекет басшыларының кеңесінде ТМД-ны құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды.
1988 жылдан бастап жаңа туып келе жатқан оппоненттер тарапынан Қазақстан Ком.партиясына сын айтыла бастады.
1990-1991 жылдары қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді.
1990 жылы 25-қазанда республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
1991 жылы ортасында Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды.
1990 жылдың басында сайланған Жоғары Кеңестің ХІІ шақырылған құрамы бұрынғыдай жылына екі рет формалды мәжілістерін өткізіп, тарап кетіп отырмай, шын мәніндегі парламенттің атқаратын төл ісімен-заң шығарумен тұрақты айналыса бастады.
1992 жылдың маусымында тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды.
1992-1993 жылдар ішінде Жоғарғы Кеңес тағы бірқатар маңызды экономикалық және әлеуметтік заңдар қабылдады. Өзі өмір сүрген 4 жылға жуық уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен мемлекеттік маңызы бар құжаттарға жолдама берді.