Байланысты: 1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері
42.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы ретіндегі қызметі. Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.1960жылы19 қаңтарда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің пленумы өтіп Қонаев ҚАзақстан коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысыболып сайланады. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері болды. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Қазақстанның мүддесін қорғауда республика басшысы табандылық көрсетті. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Қонаев арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды.
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, Медеу спорт кешені, Ұлттық кітапхана , цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қонаев Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалады.