Байланысты: 1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері
83. Н.Ә.Назарбаевтың «ең әуелі экономика, сонан соң – саясат» нұсқамасы Қазақстан өз тәуелсіздігінің өткен 20 жыл ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы аз ғана жылдың ішінде бұрын-соңды болмаған мемлекет құрды. Мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздіктің Туын көтерді. Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстан өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралап, өзінің көп қырлы саясатын қалыптастырды.Елбасымыз экономиканың даму үрдістерін тани білетін және ондағы Қазақстанның орнын айғақтаған саясаткер ғана емес, үлкен ғалым екендігін де мойындатты. Нарықтық қатынастарға бейімделген «Назарбаев моделін» жүзеге асырды. Осылай қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан дүние жүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан үш елдің қатарына қосылды. Бұл күні кеше тоталитарлық жүйенің, экономикасы таза шикізат көзіне тәуелді мемлекет үшін экономикалық бұғауды үзіп шыққанмен бірдей еді. Сондықтан да Елбасымыз: «Әуелі – экономика, сонан соң – саясат», - деді. Бұл да өз жемісін берді. Қазақстан әлем өркениетінің озық тәжірибесін игерді. Индустрияландыру саясаты қолға алынды. Оған инновациялық үрдіс қосылды. Мұның бәрі еліміздің экономикасын жаңа арнаға бұрды. Жаңа технологияларды алып жүретін жаңа ұрпақ, жас кадрлар қажеттілігі де туды. Мұны да Елбасымыз оңтайлы шешті. «Болашақ» бағдарламасымен сегіз мыңға жуық қыз-жігіт шетелдің озық университеттеріне жіберілді. Олар Қазақстанға жаңа ойлау жүйесін алып келді. Назарбаев интелектуалдық мектептері, «Назарбаев университеті» талантты балаларға есігін айқара ашты.Егемен еліміздің тәуелсіздігін нығайту үшін Қазақстандық жаңа басқару жүйесін құрды. Қазақстанда көп партиялық қалыптасты. Қазір үш партияның өкілдері парламент мәжілісінде депутат болып отыр. Бұған Елбасымыздың өзі құрған, статусын заңмен бекіткен Қазақстан халқы Ассамблеясының тоғыз өкілі де кіреді.Елбасымыз мемлекеттілікті орнатудың өркениетті жолын да ұсынды. Елімізде тұңғыш рет президенттік саяси институт енгізілді. Осылай қазақтың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ата Заңға сүйеніп, халық алдында Ант берді. Міне, содан бері Тәуелсіздік Туын шайқалтпай, Көк Байрағымыз әлемдік тулардың арасында қатар желбіреп тұр. Сөйтіп, 21 жылға жетер-жетпес уақытта Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды.