1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы



бет77/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Байланысты:
1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері

58. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 40-тан астам əр түрлі бағдарламалар жасалды, соның ішінде екі арнайы бизнесті дамыту бойынша бағдарламалар — «Бизнестің жол картасы–2020» жəне «Өнімділік–2020». Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы жəне аталған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары Қазақстанның барлық аймағының индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Тек қана индустрияландыру картасының аясында 12,1 трлн теңге шамасынан астам сомаға 927 жоба іске асады, осының нəтижесінде құрылыс кезеңінде 235 мың шамасында жəне пайдалану кезеңінде 195 мың шамасында жұмыс орындары пайда болады.Оның ішінде құны 7,5 млрд теңгеден астам шаманы құрайтын, жалпы сомасы 8,1 трлн теңге 48 аса ірі əлеуметтік маңызы бар жобалар республикалық картаға қосылды. Оларды жүзеге асыру 230 мыңнан астам жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береді. Аймақтық картаның жалпы сомасы 4 трлн теңге 879 жобасын жүзеге асыру нəтижесінде шамамен 200 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.2010 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде мемлекеттік бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету мақсатымен 3,7 трлн теңге бөлінді. Одан басқа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 2,4 трлн теңге жеке инвестициялар жұмылдырылды.Ұлттық экономика министрлігінің мəліметтері бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2013 жылы бюджет қаражаттарынан 866,3 млрд теңге бағытталды
88. Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана
1997 жылы. Кеше ғана айдай әлемге тәуелсіздігін жариялаған жас мемлекеттің өміріндегі ең елеулі оқиға. Кеңес тұсында ұзақ жылдар бойы бас қала болған Алматыдан Қазақстан Республикасының астанасы көшіріліп жатыр. Бағыты түстік. Даласы – Сарыарқа қаласы ескіше Ақмола, жаңаша Астана. Иә, Алатаудан шыққан көш-керуен қазақтың жаңа астанасына қарай жол тартты. Ал, 1998 жылғы 10 шілдеде еліміздің жаңа астанасы «Астана» қаласының бүкіл әлемдік таныстырылымы өтті.
Бүгінде Астана қаласы еліміздің жетістіктерінің айнасы. «Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». (Н.Ә.Назарбаев) Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр уақыт өтті. Әлемдік тарих үшін бұл, әрине, көп уақыт емес. Бірақ, осы тәуелсіздікте өткен аз уақыт қазақ халқының ғасырлық арманы болатын. Сол бабалар арманына жетуіміз – біздің Ұлы жетістігіміз. Ал, ұлы жетістігіміздің асқақ жемісі елордамыз – Астана.
Астана – отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Күн өткен сайын көркейе түскен елордамыз бүгінде көз тоймастай ғажайып бейнеге ие. Жаны жайсаң Қазақ халқымыздың төгілген тері мен ерен еңбегінің, елбасымыздың кемел саясатының арқасында әрбір арайлап атқан таң сайын жетіп жатқан жетістіктері орасан зор. Осынша жетістік, осынша армандардың жүзеге асуы – Тәуелсіздіктің арқасы.
29 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет