1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт, анықтамасы, маңызы, құрылымы


Микстураларды жасаудың негізгі ережелері. Микстураларға ҚР МФ талаптары



бет7/13
Дата13.04.2023
өлшемі48,61 Kb.
#82390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
8. Микстураларды жасаудың негізгі ережелері. Микстураларға ҚР МФ талаптары. Сұйық дәрілік түрлерді дайындау ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына және ҚР ДСМ 15 желтоқсан 2004 жылғы N 142 «Дәрілік құралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Микстура дегеніміз бірнеше қатты немесе сұйық қоспадан тұратын (қайнатпалар, ерітінділер, сығындылар және т.б.) ішке қолдануға арналған сұйық дәрілік формаларды айтады. Ішуге және сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік қалыптарды дайындау әдісі дәрілік түрге және де дисперстік ортаның табиғатына байланысты болып келеді. Сұйық дәрілік түрлерді дайындау ержелері екі түрлі әдіспен - салмақтық және салмақтық-көлемдік тәсілдермен жүргізіледі. Салмақтық тәсілмен: қатты және сұйық дәрілік заттардың, салмақпен дозаланатын тұтқыр және ұшқыш еріткіштердегі ерітінділері, дисперстік орта табиғатына болатын, концентрациясы 3% және одан жоғары суспензиялар, эмульсиялар, сұйық гомеопатиялық дәрілік құралдар алынады. Салмақтық-көлемдік тәсілмен: сулы ерітінділер, сулы-спиртті ерітінділер және галенді, жаңа галенді дәрілік құралдар дайындалады. Осы тәсілмен дәріханада сұйық дәрілік түрлерді (микстураларды) дайындау үшін: өлшегіш құралдар комплектісі, бюреткалық қондырғылар үшін арнайы концентрлі ерітінділер және микстураларды дайындау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек. Микстура құрамына кіретін өсімдік ұнтақтарын жақсылап ұнтақтап алып, кейіннен еріткішке қосады. Спирттік тұндырмаларды сумен арластырғанда ең алдымен оларды суға қосу қажет, тұнба пайда болатындықтан ешуақытта керісінше жасауға болмайды. Микстуралардың құрамына тұндырмалар, шырыштар, глицерин, сироптар кіретін болса, бұларды алдымен тұндырмалармен араластырып, содан соң мұндай қоспаны біртіндеп суға немесе сулы ерітінділерге қосады. Қорытынды: Микстураларды көбіне шайғыш, көзге арналған лосьондар, спрейлер сияқты сыртқы құралды дәрілік зат ретінде тағайындайды. Негізінен ішке қолдану үшін қолданылады, аз мөлшерде сыртқа пайдалану үшін қолданылады.. Әдетте олар 3-4-тен аспайтын күнде , қараңғы, құрғақ және салқын жерде сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет