1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет77/94
Дата05.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#90701
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94
Еріктің физиологиялық негіздері. Үлкен ми сыңарлары қыртысының 
тӛбелік бӛлігінде қимыл-қрозғалыстарды басқаратын учаске бар. Ол ми 
қыртысының барлық учаскесінен, соның ішінде барлдық талдағыштардың ми 
қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының 
белгілі бір учаскесіне жетіп, онда осындай процесс туғызу мүмкіншілігін 


қамтамасыз етеді. Қимыл – қозғалыс учаскесі үнемі талдағыштардың ми 
қыртысы ұштарынан келіп түсетін хабарлардың «атқылауы « астында болады. 
Хабар алған соң, қозғалыс клеткалары кез-келген сәтте қимыл жасау жӛнінде
бұйрық беруге мүмкіндік алады.
И.М.Сеченов айтқандай, қандай іс-әрекет болса да оның болуының 
алғашқы себебі әрдайым сыртқы сезім беретін қозудан болады. Іс-әрекеттің 
детерменизмі осы болып табылады, соған қарағанда, адамның әрбір істеген 
әрекетінің ӛз себебі болады. Бұл жерде И.М. Сеченов алғашқы себеп туралы 
айтып отыр. Бірақ осыдан әрі кӛптеген іс-әрекетпен сезім беретін 
қоздырғышсыз-ақ немесе тіпті, оған қарсы, ӛмір тәжірибесіне сүйеніп туа 
береді. Айталық, сыртқы тітіркендіргіш, мысалы теледидар адамды қызықты 
хабарды кӛруге шақырады, ал адам ойында тұрған бір істі орындауға немесе 
сол жұмыс орындалмаса, одан туатын жағымсыз жағдайларды еске алып, 
жұмыс істеуге отырады. 
Ерік әрекетінің физиологиялық негізі, ӛткен тәжірибенің нәтижесінде ми 
қыртысында бұрын құралған нерв байланысының екінші сигнал жүйесі 
толады. Ерік іс-әрекет жасау қарсаңында осы жүйелер қозғалысқа келеді, 
сӛйтіп, шамалы күш жұмсауға мүмкіндік береді, сондықтан адам - теледидар 
ӛте қызықты нәрсе беріп жатса да, оны кӛрмей, ӛзін жұмыс істеуге мәжбүр 
етеді.
2. Еріктік әрекеттер. 
 
Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет 
қылықтардан кӛрініп отырады. Бірақ жүру, кӛбейту кестесі кӛлеміндегі ауызша 
есеп, жақын, туыс адамдармен сӛйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін 
әрекеттерге жатпайды. Еріктік әрекеттер максаттың және сол сиякты, оларды 
орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен 
сипатталады. 
Еріктік әрекеттер қарапайым және күрделі болып бӛлінеді. Қарапайымы 
мақсат қою және орындау деген буыннан тұрады. Оларда бір буыннан соң 
екінші буын аралық буынсыз келіп отырады. Күрделі еріктік әрекетте 
мақсатты аңғару,  жоспарлау және орындау деген үш буыннан тұрады. 
Мақсатты аңғару. Адам мінез-құлқының стимулдары сан алуан.
Мұндайлар: ашығу, шӛліркеу сияқты физиологиялық қажеттіліктер, ауа 
жұту, дем алу, ұйықтау қажеттіліктері, басқалармен араласу, білімге, кӛңіл 
кӛтеруге құмарлық тәрізді қажеттіліктер бола алады. Қажеттіліктің арта 
түсуіне қарай құштарлық тілекке – айналады. Бір нәрсені тілеу дегеніміз - не 
мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға 
болатынын білдіру. Тілек дегеніміз - мұрат түрінде ӛмір сүретін қажеттілік 
мазмұны. Қажеттілікке сай мақсатты аңғарған адам бір шешімге келеді.
Жоспарлау. Күрделі ерік әрекетінде шешім қабылдаудан соң қойылған 
міндетке жету жолдарын жоспарлау басталады.
Орындау. Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған 
шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Белгіленген мақсаттың жүзеге асуы 
кедергілерді игерумен ұштаса жүреді. Оларды зат, материалдық процестер, 


адам, уақыт, кеңістік туғызады. Сол сияқты, шаршау, ауру, білімнің, дағдының 
аздығы тәрізді кедергілер де болуы мүмкін.
Еріктік әрекет азды-кӛпті қиналу жағдайында ӛтеді. Осындай жағдайда 
ерік күші кӛрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға 
жұмсалған қуат кӛлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін 
математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсамауы 
мүмкін, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп, 
«терлеуге» тура келеді.
Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик, 
сангвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да тӛзе білсе, меланхоликтерде 
мұндай ерекшеліктер шамалы. 
Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және 
артуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау 
қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды 
қолданудың пайдасы тиеді. Мәселен, спортшы жарыс бәсекесін үшке дейін 
санап, қолын кӛтеріп, ӛзіне ӛзі бұйрық бергеннен кейін бастайды. 
Ерік күшін реттеу іштей немесе дауыстап сӛйлеп қостау кӛмегімен жүзеге 
асырылады. Адам ӛзіне ӛзі кеңес береді, бұйырып, мадақтайды, колдайды.
«Батылдау бол», «Жасқанба» деген сӛздерді қолданады. Оларды адам ӛзіне ӛзі 
ете қиын минуттарда, жағдай әбден шиеленіскен кезде айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет