Жын – шайтан, пері, албасты дейтін ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт
ішінде осындай «керемет» кӛріністерді туғызған жауыннан паналап жүрген екінші
бір адамның әлсін - әлсін әлі жағып жүрген сіріңкесі. «Қорыққанға қос кӛрінеді»
деген мәтел осындай адамдардың психологиясын ӛте жақсы кӛрсетеді.
Қабылдаудағы иллюзия. (иллюзия латын сӛзі, қазақша алдану деген мағынаны
білдіреді).
Заттарды қабылдау кейде қате болып шығады. Қателер (иллюзиялар) әр
түрлі талдағыштар қызметінде де кездесіп отырады. Кӛру иллюзиясы кӛбірек белгілі:
Мысалы: ақ кӛйлекті әйел, қоңырқай киімдіге қарағанда толықтау болып кӛрінеді.
Кӛлденең жолақты мата мүсінді толықтай, тік жолақты биіктеу етіп кӛрсетеді.
Иллюзияны тәжірибе арқылы тексеріп кӛру – қабылдаудың дұрыстығының бірден –
бір ӛлшемі.
Иллюзиялар аффектілік, вербалдық, парейдолиялық болып бӛлінеді.
Аффектілік иллюзия
–
кӛбіне қорқыныш, мазасыз кӛңіл – күйде басталады. Бұл
жағдайда бӛлменің бұрышында ілінген киім немесе халат жасырынып тұрған кісі
ӛлтіруші, асханадан естілген дыбыстар соны ӛлтіретін қаруға ұқсап кетеді.
Вербалдық иллюзияда
әңгіменің мазмұнын жалған қабылдауға байланысты.
Айналадағы адамдардың әңгімелерінен, сұрақтарынан ауруға қатысты болмасада,
олар ӛзіне арналған айыптаулар, сӛгіс, кінәлау деп қабылдайды.
Парейдолиялық иллюзия.
Оның мазмұны қиялға ұқсайды. Бұйымдардың
жиектері, киімдегі ою - ӛрнектер, қабырғаның жарығында түсқағаздар бәрі әрекеттен
тыс киім киген адамдар, ертегі кейіпкерлері, сұлу кӛріністер ретінде қабылданады.
Иллюзияны адамның нерв жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын
заттардың жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет.
Галлюцинация
–
латын сӛзі, қазақша қиялдану, шатасу деген мағынаны білдіреді.
Галлюцинация – бұл нақты объект болмай – ақ пайда болатын қабылдау (елес,
алдамшы дыбыс, дауыс, иіс). Галлюцинация кезінде аурулар шын мәнінде
бірдеңелерді кӛрсетеді, иістерді сезеді, қиялдайды, елестетеді. Галлюцинация кӛру,
есту, иіс, дәмдік, жалпы сезімдік болып бӛлінеді.
Кӛру галлюцинациясы
формасыз – жалын, түтін, тұман түрінде болуы мүмкін.
Жекелеген образдар, заттың, денелердің бір бӛлігі (бір кӛз, беттің, құлақтың
жартысы) топ адамдар, аңдар тобы, насекомдар, фантастикалық заттардың тобы
елестейді. Бұлар үрей, қорқыныш, қызығушылық, масаттану туғызуы мүмкін.
Есту галлюцинациясында
– салдыр – гүлдір шуды, атысты есту, сӛзді,
дауысты, музыканы т.б. есту.
Тактильдік галлюцинация
– денеңе жәндік, құрт ӛрмелеп бара жатқандай,
дененің бетінде немесе тері астында белгісіз бір заттың пайда болуы сияқты сезіледі
Гипногогикалық галлюцинацияда
–
ұйықтар алдында, кӛз жұмулы, қараңғылық
кезінде пайда болады. Мұнда ғажайып, тамаша ӛрнектер, фантастикалық тіршілік
иелері, әр түрлі заттар, жануарлар, пейзаждар, панораммалар байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: