1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



бет92/113
Дата06.01.2022
өлшемі248,7 Kb.
#16187
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113

№ 16 дәріс. Ерік Жоспар:


    1. Ерік туралы жалпы түсінік.
    2. Еріктік әрекеттер


    3. Ерік сапалары.



  1. Ерік туралы жалпы түсінік.


Ӛмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгілеген мақсатқа жету жолында ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, кӛптеген кедергілерден ӛтетінін, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын кӛреміз. Мұның бәрінде де адам еркі кӛрініс береді.

Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді, адамда туатын күштің арқасында жеңіп ӛтудегі психологиялық процесс - ерік деп аталынып жүр.

Адамның жеңіп ӛтетін сыртқы кедергілері деп - сол істің ӛзінің объективтік қиындықтарын оның күрделілігін, әр қилы бӛгеттерді, басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді.

Ішкі кедергілер - бұлар адам ӛзіне жұмыс істету қиынға соғатын, жалқаулық, шаршап-шалдыққандық, алдында тұрған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа бірдеңелермен шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын кедергілер. Ішкі кедергіге құштарлық, тілек сияқты жат әдеттер жатады. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады.

Ал «ерік» терминімен жеке адамның қасиетін де, қиындықтарды жеңе отырып табандылықпен және мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.

Адам ӛмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті ӛмірде, әсіресе үлкен кедергілерді жеңудегі ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді. Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті ӛмір қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан кӛмек күтіп, қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып, керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші жетпейді.

Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы ӛмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі органдардың жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті ӛлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін. Ұлы Отан соғысы кезінде ӛлімші

болып жарақаттанған ұшқыш ӛліп бара жатқанын сезсе де қолынан ұшақтың штурвалын жібермеген. Ол ұшақтағы жарақаттанған жандардың ӛзімен бірге ӛлетінін түсінген. Міне сӛйтіп ерік күшінің кереметтігінен ұшқыш ұшақты қондырған.

Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив-оның түрлі қажеттері. Адам ӛз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. Ӛйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған ӛзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай ӛзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз кӛп. Бұларды үлкен екі топқа бӛлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: кӛздің жұмылуы, жӛтелу шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені кӛтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келкен қозғалыс арқылы сыртқы ортаны ӛзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден кӛрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның ӛз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.

Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп түрткілер болу қажет. Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп, түрткілер болу керек. Адам алдына мақсат қояды. Сол мақсатты жүзеге асыры үшін әр түрлі әрекеттер жасайды. Мақсатты жүзеге асыруда адамда пайда болатын бір кӛмескілеу түрткілер пайда болады. Оны психологияда тілек деп атайды. Адам кӛп нәрсені тілейді. Біреуін жақтырады, екіншісін жақтырмайды, қажеттісін орындасам, жүзеге асырсам дейді. Тілектен кейін бір түрткі қалау туындайды. Мұнда адам ӛзінің мүмкіншілігімен санасады. Адамда бірнеше қалау болады, бұлардың арамында күрес пайда болады. Адам керектісін алып, тоқтамға келеді, соңынан жүзеге асыруға тырысады.

Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам ӛзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын кӛрсетіп, түрлі қажеттерін ӛтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның ӛмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты кӛрінеді.

Барлық тіршілік ерікке байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық жағдайлармен байланысы жоқ рухани ӛзінше пайда болған күш, деп адмның барлық әрекеті, мұның ішінде еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән бермейді.

Сӛйтіп, ерік қимылдарын ӛзінен-ӛзі пайда болмайтын, керісінше, адамның ӛмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысының бірі болып есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.

Ерікті қозғалыстарда орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, ӛзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйке қозғалыс жасау-бірінші және екінші сигнал жүйелерінің ӛзара әрекеттестігінің нәтижесі

Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның психологиялық ӛмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді.

Сӛйтіп, адамның дәл мағынасындағы ерікті амалы, бірішіден, әрбір адамның ӛзін-ӛзі билей алуынан, яғни мінез-құлқын меңгере алуынан кӛрінсе; екіншіден, оның түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына қойған мақсатын орындап, істі мұқият тындыруынан кӛрінеді.

И.М.Сеченов: «Ерік қимыл-қозғалысқа ғана басшылық ететін ӛзіндік ерекшелігі жоқ агент емес, ақы мен моральдық сезімнің белсенді жағы, соның біріншісі немесе екіншісі үшін ол кӛбіне қимыл-қозғалысты адамның ӛзін-ӛзі сақтау сезіміне қарсы келе отырып басқарады»-, деп жазды. Ертеден-ақ ерік табиғаты женінде бір-біріне қарама-қарсы екі кӛзқарас - материалистік және идеалистік кӛзқарастар қалыптасты.

Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздін санамыздың нұсқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен есептеспей-ақ ӛзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін әрекет етеді. Баскаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай қылық жасайды. Бәрі оның ерікті еркіне байланысты.

Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және этикалық кӛзқарас турғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы әрекет бостандығына әкеледі. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен санаспайтын жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу, кейде оны бұзу болып табылады.

Материалистік ұғым бойынша ерікті материядан-мидан бӛліп алу мүмкін емес. Ерік адамның танымдық және практикалық әрекетінде кӛрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады.

Адамның ерікті әрекетін жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:


  1. алға тұтқан мақсатты орындау;

  2. жолда ұшырайтын кедергі, бӛгеттерді жеңуі;

  3. мақсатқа жету жол жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық кӛрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т. б.

  4. Қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т. б.

Осы шарттарды орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті, қажыр-қайрат бар кісі деп айтуға болады

Еріктің физиологиялық негіздері. Үлкен ми сыңарлары қыртысының тӛбелік бӛлігінде қимыл-қрозғалыстарды басқаратын учаске бар. Ол ми қыртысының барлық учаскесінен, соның ішінде барлдық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгілі бір учаскесіне жетіп, онда осындай процесс туғызу мүмкіншілігін

қамтамасыз етеді. Қимыл – қозғалыс учаскесі үнемі талдағыштардың ми қыртысы ұштарынан келіп түсетін хабарлардың «атқылауы « астында болады. Хабар алған соң, қозғалыс клеткалары кез-келген сәтте қимыл жасау жӛнінде бұйрық беруге мүмкіндік алады.

И.М.Сеченов айтқандай, қандай іс-әрекет болса да оның болуының алғашқы себебі әрдайым сыртқы сезім беретін қозудан болады. Іс-әрекеттің детерменизмі осы болып табылады, соған қарағанда, адамның әрбір істеген әрекетінің ӛз себебі болады. Бұл жерде И.М. Сеченов алғашқы себеп туралы айтып отыр. Бірақ осыдан әрі кӛптеген іс-әрекетпен сезім беретін қоздырғышсыз-ақ немесе тіпті, оған қарсы, ӛмір тәжірибесіне сүйеніп туа береді. Айталық, сыртқы тітіркендіргіш, мысалы теледидар адамды қызықты хабарды кӛруге шақырады, ал адам ойында тұрған бір істі орындауға немесе сол жұмыс орындалмаса, одан туатын жағымсыз жағдайларды еске алып, жұмыс істеуге отырады.

Ерік әрекетінің физиологиялық негізі, ӛткен тәжірибенің нәтижесінде ми қыртысында бұрын құралған нерв байланысының екінші сигнал жүйесі толады. Ерік іс-әрекет жасау қарсаңында осы жүйелер қозғалысқа келеді, сӛйтіп, шамалы күш жұмсауға мүмкіндік береді, сондықтан адам - теледидар ӛте қызықты нәрсе беріп жатса да, оны кӛрмей, ӛзін жұмыс істеуге мәжбүр етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет