1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет11/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
Күрделі сөз
Жоспары:

1.Біріккен және кіріккен сөздер

2.Қос сөздер, оның мағыналық түрлері.
Тарихи тұрғыдан алып қарағанда күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен сөздердің еркін тіркесі болады. Осы грамматикалық категориялардан лексикалық категорияға жататын күрделі сөздің пайда болуы, әрине, кездейсоқ өзінен – өзі бола қалатын жас емес, күрделі және белгілі бір заңдылықтарға негізделетін, соның нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Осындай заңдылықтардың бірі тілдің дыбыс жүйесі, екінші лексикасы, үшінші грамматика келіп саяды.

Күрделі сөз деп екі я одан да артық сөз тізбегінен құралып, лексика лексика – грамматикалық мағыналары мен тұлға сөйлемдегі қызметі жағынан бөлшектенбей, тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатын сөздерді айтамыз.

Сөздерді лексика – грамматикалық аспектіде жүйелеу мәселесіне келсек, оларды әуелі жасалу тәсілі тұрғысынан ажыратып, синтетикалық тәсілден жасалғандарын жалаң, аналитикалық тәсілден пайда болғандарын күрделі деп білу керек. Күрделі сөздерді өз ішінде жүйелеу мәселесінде кіріккен сөз, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, құрамды сөз деп жүйелеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет