Кіріккен үстеулер 1) есімдік+зат есім: биыл, бүгін, былтыр. Мысалы, Бүгін жұмысқа шықпаушы ма еді? (З.Шашкин).
2) зат есім+зат есім: жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні. Мысалы, Жаздыгүні кұлпырар масатыдай.
3) сын есім+зат есім: қоңыртаяқ, алатөбе. Мысалы, Хакім етігін қоңыртаяқ киіп, есік алдына шықты (Х.Есенжанов). Таңертеңгі алатөбеден тұрып, кешегі орнына келіп отырды (газеттен).
4) сан есім+үстеу: екіншәрі. Мысалы, Екіншәрі маңыма жолама (ауызекі тілден).
5)үстеу+етістік: бүйтіп, сөйтіп, өйтіп. Мысалы, Сенімен бүйтіп ешкім сөйлескен емес (З.Шашкин).