1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы. Сағат саны: 1 сағат Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1. Рим құқығын реттеудің пәні және түсінігі.
2. Рим құқығының жүйесі.
3. Заң ғылымдары үшін рим құқығының ролі мен маңызы. Рим құқығының рецепциясы.
Дәріс тезистері: Рим құқығы - Ерте Римнің құлиеленуші құқығының жүйесі. Рим жеке құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы. Біз рим жеке құқығы туралы айтамыз, сондықтан Римде жеке құқық деп нені түсінді соны анықтап алуымыз қажет. Ерте кездің өзінде Римде екі құқық саласы- жария құқық және жеке құқық- ius publicum и ius privatum болды. Тит Ливии (I .. б.э.), қалыптасқан терминологияға сүйене отырып, XII кесте заңдарын жеке және жария құқықтың қайнар көзі деп атады. Ғасырдан ғасырға жеткен жария және жеке құқықтың классикалық айырмашылығын Ульпиан былай деп көрсеткен: Publicum Ius esl quod ad statum rel romanae spectat, privatum quod ad singulorum utilltatem (D- 1.1.1.2.). – Жария құқық рим мемлекетінің жағдайына қатысты құқық; жеке құқық- жекелеген адамдардың пайдасына қатысты құқық. Осы берілген анықтамаға сәйкес, нормалардың мазмұнын бөлу негізін қалайтын құқықтар мүддені қорғауына байланысты ажыратылады. Сондықтан жария құқық дегеніміз мемлекеттің мүддесін қорғайтын және мемлекеттің және оның органдарының құқықтық жағдайын анықтайтын нормалар. (ius термині негізгі мағынасы “құқық”, “уәкілеттілік” бола отырып, “құқық нормасы” дегенді де білдіреді және қолданылады.). Ал, жеке құқық жекелеген тұлғалардың құқықтық жағдайын білдіретін құқық жүйесі. Рим жеке құқығы мүліктік және басқа да қатынастарды реттейтін өңделген нормалар жүйесін құрады. Қоғамның барлық даму тарихынан рим жеке құқығы секілді заңи, техникалық және заңи нысаны жоғары деңгейдегі басқа құқық жүйесін кездестірмейміз.
Рим жеке құқығының жүйесі.Рим жеке құқығының жүйесі - рим жеке құқығының құқықтық нормаларының топтастырылуының анықталған тәртібі. Теорияда құқықтық нормалардың топтастырылуының екі жүйесін атап көрсетеді: пандектілік және институциялық. Пандектілік жүйе төрт негізгі арнайы бөлімдерді қамтиды:·
Заттық құқық
· Міндеттемелік құқық
· Отбасы құқығы
· Мұрагерлік құқық
Институциялық жүйеде жалпы бөлім болмайды, ал негізгі бөлім мынадай бөлімдерге бөлінеді:
· Құқық субъектілері
· Заттық құқық
· Міндеттемелік құқық
· Мұрагерлік құқық.
Рим жеке құқығын топтастырудың негізі жария және жеке құқыққа бөлінуіне байланысты. Ерте рим жеке құқығы квирит тайпаларының атымен квириттік деп аталды. Бұл жүйе кейіннен цивильдік құқық деп аталды және ол қатаң ұлттық сипатқа ие болды. Тар мағынадағы цивильдік құқық деп, заңдармен бекітілген жеке құқықтың тар ұлттық жүйесі танылды. Цивильдік құқықпен қатар преторлық құқық жүйесі қалыптасты. Құлиеленушілер таптардың жер иеленушілер мен өңдеушілердің өсуі таптық қайшылықтардың өсуіне әкеліп соқты. Рим емес азаматтардың арасындағы қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігі туды. Бұл арнайы лауазым иесі - претордың арнайы актіні қабылдауы арқылы жүзеге асырылды. Осы актілердің жиынтығы преторлық құқықты құрады. Цивильдік құқық тек рим азаматтарына қолданылды. Кейіннен шаруашылық қатынастардың өркендеуіне байланысты басқа рим емес азаматтармен пайда болған қатынастарды құқықтық реттеу халық құқығы арқылы жүзеге асырылды және аталған құқық рим емес басқа барлық азаматтардың құқықтарын қорғады. Бұл құқық жүйесі әртүрлі ұлттың өкілдері қатысқан халықаралық тауар айналымының қағидаларынан және жалпы нормалардан қалыптасты. Халық құқығының мазмұны әмбебап құқықтық жүйесінің рим классикалық құқығының пайда болуына негіз болды. Бұл жүйенің тауар өндірісінің және тауар айналымының дамуына қосқан үлесі зор. Рим жеке құқығы өзінің дамуында классикалыққа дейінгі кезеңнен, классикалық кезеңге және кейіннен абсолюттік монархия кезеңінен өтті. Бірінші кезеңде рим құқығы патриархальдық қоғамдық 6 қатынастарды реттеуге қызмет етті. Классикалық кезеңде рим жеке құқығы тауар – ақша қатынастарын реттеуге қызмет етті. Абсолюттік монархия кезеңінде жеке құқық нормаларын кодификациялау және жүйелеу жүргізілді.
Бекіту сұрақтары: 1. Рим құқығын реттеудің пәні және түсінігі.
2. Рим құқығының жүйесі.
3. Заң ғылымдары үшін рим құқығының ролі мен маңызы. Рим құқығының рецепциясы.
Әдебиет: Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 19.09.2019 ж. жағдай бойынша. http://adilet.zan.kz/
Ермухаметова, С. Р. Рим жеке құқығы [Текст] : оқу құралы.- Римское частное право: Учебное пособие / С. Р. Ермухаметова, Е. Ю. Коваленко. Екі тілде. - Алматы : Заң әдебиеті ; [Б. м. : б. и.], 2007-2012. - 162 бет. ИРБИС.
Алимпиева, Т. Г. Римское право [Текст] : учебно-методический комплекс дисц. для спец. 5В030100-Юриспруденция / Т. Г. Алимпиева. - Актобе : РИО АРГУ им. К. Жубанова, 2014. - 189 с. ИРБИС.