1. Диэтил эфирін өндіру технологиясын сипаттаңыз Химия. Формуласы: ch3 – ch2 – o – ch2 – ch3 Қасиеттері



бет10/24
Дата20.12.2023
өлшемі83,5 Kb.
#141471
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
МЕТАМИЗОЛ НАТРИЙ немесе АНАЛЬГИН
Анальгин- ақ түсті дерлік ірі ине тәрізді, кристалдық ұнтақ, иіссіз. Ащы дәмі бар. Ылғалда жылдам ыдырайды. Сулы ерітінділері тұрып қалғанда сарғаяды.
Қолданылуы: Натрий метамизол – аса айқын анальгетикалық, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін әсерге ие. Жақсы еритін және және оңай сіңетін препарат ретінде, ол дәрілік заттың жылдам қанда жоғарғы концентрациясын туғызу үшін қолдануға ыңғайлы. Жақсы ерігіштігі натрий метамизолды парентеральді енгізуге кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Натрий метамизолды бас ауруы, невралгия, радикуллитте, миозитте, тынышсыз жағдайда, тұмауда, ревматизмде қолданады. Препаратты жоғары сезімталдықта, аллергия, тері ауруларында, бронхоспазмда, қанның жасалу бұзылысында қолдануға болмайды.
ФЕНИЛБУТАЗОН
Фенилбутазон- ақ түсті дерлік ұнтақ. Суда іс жүзінде ерімейді, хлороформда, эфирде, ацетонда және натрий гидроксиді ерітіндісінде қиын ериді, су қосылған қышқылда іс жүзінде еерімейді.
Қолданылуы: Бұл топтың ең белсенді қабынуға қарсы препараты – фенилбутазон – бұл ацетилсалицил қышқылынан асып, простогландиндердің биосинтезін біршама қатты ингибирлейді. Ол стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобына жатады. Препарат жылдам сіңіп, ұанда біршама ұзақ сақталады. Ревматизмнің асқынған түрлерін, асқынған және созылмалы ревматоидті полиартритті, инфекциялы спецификалық емес полиартритті, Бахтерев ауруын, подаграны, псориатикалық артритті, түйінді эритеманы емдеуде қолданылады.
ПИРАЗОЛОН ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ
Пиразол туындыларын Б тізімі бойынша құрғақ, салқын, жарық түспейтін жерде сақтайды


12. Пиридин туындыларының химиялық қасиеттері, қолданылуы, тазалығын бақылау және сақталуы
Пиридин улы зат болғандықтан, оны медицинада қолданбайды. Пиридиннің улылығы молекуласына карбоксил тобын енгізгеннен кейін төмендейді.
Пиридин туындыларының дәрілік заттарының келесі топтарға бөлуге болады:

  • Пиридин-3-карбон қышқылының туындылары;

  • Пиридин-4-карбон қышқылының туындылары;

  • Оксиметилпиридин туындылары;

  • 2,6- диалкилпиридин туындылары;

  • 1,4-дигидропиридин туындылары;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет