2.Қазақ поэзиясындағы ұйқас түрлері
Қазақ әдебиеттану ғылымында ұйқас мәселесі А. Байтұрсыновтан
бастап бүгінгі күнге дейін қарастырылып келеді. Әсіресе, зерттеушілер
Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, З. Қабдолов т.б. еңбектерін басшылыққа
алып келеміз. Ғалымдардың келелі ойлары, саралы пікірлері ғылымдағы
маңыздылығымен құнды. Зерттеуші, әдебиет теоретигі Қ. Жұмалиев «сөз аяқтарының бірдей не бірдейге жақын естілушілігін өлең ұйқасы
(рифма) деп атайды» деп көрсетіп, толымды және толымсыз
ұйқастарға мысал келтіріп, ұйқастың негізгі және көп қолданылатындары қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас деп ажыратады. Сондай-ақ,
аудармаға т.б. байланысты тілімізге өзге ұйқастардың да енуі мүмкін
дей келе, мысал үшін қаусырмалы ұйқасты (абба) келтіреді.
Қазақ әдебиетіндегі өлең сөздің теориясын арнайы зерттеген
ғалым З. Ахметов қазақ өлеңдерін талдай келе, әр ұйқас түріне мысал
келтіреді. Жалпы әдебиетте, мектеп оқулықтарында, көбіне
ұйқастың сегіз түрін атайды. З. Қабдоловтың «Сөз өнері»
монографиясында да жоғарыда аталған ұйқас түрлері көрсетіледі. Қазақ поэзиясындағы негізгі ұйқастардың бірі -егіз ұйқас. Аты айтып тұрғандай
екі тармақтан жұптаса ұйқасады. Мұндай ұйқасу қатар тұрып та, кейде
ой аяқталмай алшақ тұрып жалғасу арқылы да жүзеге асырылады.
Қазіргі поэзияда ерікті ұйқастарға көптеп мысал келтіруге болады.
Аралас ұйқас-жоғарыдағы аталған ұйқастардың бір шумақ
бойында араласып келуінен жасалады. Мәселен, төрт тармағы қара
өлең ұйқасы да, келесі екі не төрт тармағы егіз ұйқас, болмаса, төрт
тармағы шалыс ұйқас та келесі тармақтары шұбыртпалы болып келуі
мүмкін.
3.Әдебиеттанудың негізгі және жанама салалары
Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиеттану туралы ғылым, негізінен, үш ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен әдістемесін, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін зерттейді.
Әдебиет тарихы – жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қалай қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді., түсінуде әдебиет тарихының атқарар қызметі зор. Әдебиет сыны өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне араласып, әдеби туындыны жан-жақты талдайды, оның идеялық-көркемдік құнын белгілейді, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтайды.
Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Әдебиет туралы ғылымның негізгі салаларынан басқа жанама тараулары да бар. Олар – текстология, историография және библиография. Бұл тараулар ғылыми мақсат үшін керек.
Текстология – әдеби туындылардың мәтінің зерттеп, танудың принциптері мен әдістемесін жинақтайтын арнаулы ғылыми пән.
Историография – әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы. Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |