49)Ғылыми зерттеулердің әдістері, кезеңдері
Ғылыми зерттеулер үш түрге бөлінеді:
1) Фундаменталдық зерттеулер - табиғаттыңжаңа заңдылықтары мен өзгерістерін ашу және оқу мақсаты қоғамның ғылыми білімін кеңіту. Практикада болатын жағдайларды қолданумүмкіндіктерін ұсыну. Мұндай зерттеулербелгілі мен белгісіздің шекарасында жүреді. Сондықтан нақтылы зерттеу емес.
2) Қ о л д а н б а л ы қ з е р т т е у л е р - табиғи заңдылықтарды қолдану жолдарын табу және адамзат тіршілігіне сол заңдылықтардықолдану. Мақсатты-фундаменталды білімдіалғанда, соны ғылыми біліктілікте қолдану. Практикалық жағдайда қолдану зерттеулернегізінде техникалық түсінік пайда болады.
Қолданбалық зерттеулердің өзі үшке бөлінеді:
1) іздену
2) ғылыми – зерттеулер
3) тәжірибелі - конструкторлық жұмыстар
І з д е н і с з е р т т е у л е р і нысанға әсер ететін факторларды анықтауға, фундаментальдық зерттеулер нәтижесіұсынған жаңа техника мен технологиялардыжасау жолдарын іздеуге бағытталған.
2) Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жаңа технологиялар, тәжірибелік құрылғылар, қондырғылар және т.б. жасалады.
3) Тәжірибелі конструкторлық зерттеулер жаңа конструкцияларды ғылым мен техникаға енгізу. Фундаменталды және қолданбалызерттеулер негізінде жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық жаңалықтар ашылады. Осындай жаңалықтарды бір ретке келтіру және оны өндіріске енгізуді ұсыну жасау(разработка) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |