7. Әл-Фарабидің әлеуметтік-философиялық ілімі.
Әл-Фараби ұлы философ-ғалым, астроном, математик, шығыстың ортағасырлық дәрігері. Әл-Фараби (толық аты Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки) 870 жылы Фараб қаласында Сырдария өзенінің Арысқа құяр маңында дүниеге келген. Оның «тархан» аталуы, беделді түркі әскербасының отбасында дүниеге келуі. Кейіннен Фараб қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқандықтан Отырар қаласы аталып кетті. Отырар қаласы жайлы қытай жазба-деректерінде Птолемейдің еңбектерінде кездеседі. IX-X ғысырларда Отырар қаласы бүкіл әлемдік керуен сауда жолы өтетін орталық болған. Моңғолдардың шабуылынан қаланың 1218 жылғы ойрандалуы бәріне белгілі. Бірақ бүкіләлемдік мәдениеттің дамуында әйгілі ақындар мен ойшылдардың, ұлы ғалымдардың оның ішінде Әбу Наср әл-Фарабидің отаны ретінде Отырар қаласы әлемге танылды.
8. Ж.Баласағұнидің «Құтадғу білік» поэтикалық трактатының философиялық аспектілері.
«Құтты білікте» көтерілген этикалық-философиялық мəселелердің бірі — қанағат, ынсап мəселесі болып табылады. Ақын «қанағат» ұғымын философиялық категория ретінде қарастырады. Ел басқарған əкімдердің бəрін қанағатшыл, ынсапты болуға шақырады. Сондай-ақ ол дүниеқұмарлықты, ашкөздікті, парақорлықты өлтіре сынайды
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар-мұрат, діни, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Ғұлама ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет-от, су,ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімдік негізінде әділетті адмзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. «Құтты біліктің» негізгі айтар ойы-адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам-өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-береке мен бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырды. Ондағы «өзіңді ұмытпау» қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиет-адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағыттылған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет.
Жүсіп Баласағұнның ғаламдық ғылым мен мәдениетте, соның ішінде мұсылман философиясында алар орны ерекше. Ғұлама ислам әлеміне «мейірім», «ақиқат», «сұлулық», «ғылым» және «адам» ұғымдарын бірлікте қарамтыратын күрделі тұжырымдаманы енгізді. Данышпан ғалымның философиялық мұрасында оқымысты адам этикасы, оның қоғамдағы мінез-құлқы, маңайындағы адамдар тағдырына жауапкершілігі, алауыздықты, қантөгісті және басқа да әлеуметтік қарама-қарсы күштердің немесе мүдделердің қақтығысуын қақпайлау мәселксі негізгі тақырып болып алынады. Оның ойынша, егер кімде-кім өнегелі қасиет пен қайырымдылыққа, оған қоса игілікке қабілетті болмаса, ғылымда елеулі жетістікке жете алмайды.
Сондай-ақ әдемілік пен қайырымдылық тақырыбы, эстетикалық және этникалық ұғымдардың бірегейлігі де туындының негізгі нысаны болғанын айта кеткеніміз жөн. Ғұламаның түсіндіруінше, мінез-құлықтық, интеллектуалдық қайырымдылық-ерекше эстетикалық құндылық болып табылады. Мінез-құлықтың қайырымдылық әдемілікті тудырса, мінез-құлықтың қатыгездігі ұсқынсыздықтың өршуіне себепкер болмақ. «Оқыған адам-дені сау, ал оқымаған адам-ауру»-деген ой түйетін Жүсіп Баласағұн этикалық және эстетикалық қағидалар үйлесімділігінің бастамасы қоғамдық өмірден іздеуге тырысады.
«Құтты білік»-ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. «Құтты білік» дастанының ғасырлар сынынан өткен,замандар бойы мәнін жоғалтпай жеткен түрлі әдеби, тарихи, этникалық, философиялық, көркемдік заңлдылықтары өзінше бір әлем.
«Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түркітілдес халықтар тарихындағы әдебиеттану, тілтану, мәдени-тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні аса зор. Бұл тұрғыда қазақ хылқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Балсағұнның адамгершілік тәрбиесінде жатыр.
Сөз соңында айтарымыз «Құтты білік» («Құтадғу білік») — «Құтқа, бақытқа қалай жетуге болады?» деген адам баласы үшін ең өзекті, аса маңызды өмірлік һəм мəңгілік сұраққа жауап беретін ақылман туынды. Ал оның қандай жолдар екенін көкірегі ояу оқырман баба мұрасын зерделей оқу арқылы ұғына алады
Достарыңызбен бөлісу: |